Дәрігерлік қателік кезіндегі моральдық зиянды өтеу
Азаматтық құқықтық жауапкершілікті емделу мекемелері, және де жеке практикамен айналысатын медициналық қызметкерлер алады. АК-тің 921-бабына сәйкес егер емделушінің емделу кезіндегі қателіктер медициналық персоналдың жұмысқа дұрыс қарамауы салдарын болса, емдеу мекемесі емделушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Зиянды келтіру фактісі жауапкершіліктің тууының негізі болып табылады, олар: денсаулық жағдайының нашарлауы, емделушінің өлімі, негізгі аурудың асқынуы.
Өтеу мөлшерін белгілеген кезде бұзушының кінә деңгейі, жәбірленушінің жан азабы мен тән азабының дәрежесi және зиян келтірілгенде фактілің жағдайлар ескеріледі.
Емделушіге келтірілген моральдық зиян оның эмоциялық ерікті уайымдарына туындауы мүмкін, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген (төзiмiн тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы.
Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық сотының шешімімен , апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, 2015 жылы 19 маусымда Жаңаарқа ауданының орталық аудандық емханасынан З.С.Т-ың пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген. Талапкердің жолдасы «Сарыарқа-ЭНЕРДЖИ» ЖШСде жұмыс жасап, еңбек міндеттерін жасау кезінде құрылғылар арасында қысылып қалған. Соның салдарынан үлкен жарақат алып, аудандық емханаға жеткізілген. Оған емханада медициналық көмек көрсетіліп, жарақаты тігіліп үйге қайтарылған.Жарақаттың қабынуына байланысты жәбірленуші Х.М-нов атындағы облыстық орталыққа жеткізіліп, операция жасалып, орнында қаза тапқан. Медициналық сот сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленуші М.А.С-ев сол жақ жамбасына келтірілген жарақаттың асқынып қабынуына қайтыс болған.Комиссиялық медициналық сот сараптамасының нәтижесіне сәйкес жәбірленушіге аудандық емхана қызметкерлерімен алғаш көмек толықтай көрсетілмегені, алған жарақаттың ісіп іріндеп қабынуына қарсы шаралардың қолданылмай, уақытында емханаға жатқызылмағандығы көрсетілген. З.С.Т-ның жүгінуімен Қарағанды облысы бойынша ҚР ДМ медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау департаментінің жүргізген тексерісіне сәйкес М.А.С-тың қайтыс болу себептері оған медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуінен және жарақаттың қабынып кетуінен, емханаға кеш жатқызылуынан болғандығы көрсетілген.
Сот жауапкершілікті жауакерге тарта отырып АК-тің 921-бабын заңды тұлға немесе азамат өзiнiң қызметкерi еңбек (қызметтiк, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрген зиянды өтейтіндігін көрсеткен. Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде сот талапкер жақын туысын-жолдасынан айырылғанын, оның қарамағанда үш баланың қалғанын және әділеттілік принцитерін басшылыққа алған.
Басқа іс бойынша, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер В.И.С-ның жауапкерлер «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімиятының №2 қалалық емханасы, «Теміржолдар медициналық апаттар» ФАО-«Орталық жол емханасы», №2 қалалық емханасына 5 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы келтірген талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған. 2013 жылдың 14 желтоқсаннан 2014 жылдың 17 қаңтарына дейін С.В.С-в Астана қаласының әкімиятының №2 қалалық емханасында пневмания ауруы бойынша ем алған.Дәрігерлердің қарауы кезінде оған өкпесінің компьтерлік томографиядан өту туралы ұсыныс жасалмаған және бөлімше дәрігерімен ауру параға толығымен емделмей жабылып тасталған.2014 жылдың 22-30 сәуір аралығында талапкердің ұлы Орталық жол емханасында емделген. Комиссиямен талапкердің ұлынан ол емханаға түскен кезде бөлім меңгерушісімен қаралмағандығын, өкпеге КП-нің жасалмағанын, окулистдәрігердің кеңесі берілмегенін,уролог дәрігерге жолданбағаны анықталған. Оған жасауға болмайтын физиопроцедуралардың жасалғанын анықтаған.Астана қаласының ҚР ДМ медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау департаментінің хатында ауруға жасалған емдиагностикалық шаралық оның денсаулығының нашарланына әсерін тигізбегендігі көрсетілген. Жауапкерлердің қызметкерлері болып табылатын дәрігерлер медициналық құжаттар мен белгілу процедуралар бойынша бұзушылықтар жасаған, бірақ бұл бұзушылықтар аурудың денсаулығының нашарлауына еш әсерін тигізбеген.
Талапкердің оның ұлының қайтыс болуына жауапкерлердің жасаған әрекеттері болып табылатыны туралы тұжырымы сот отырысында өз дәлелін тапқан жоқ. Осы жағдайлар негізінде сот талапкердің келтірген арызын қанағаттандыруға еш негіз тапқан жоқ.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
67 рет жүктеп алынды