Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қылмыстық жаупкершілік

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қылмыстық жаупкершілік

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қылмыстық жаупкершілік

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қылмыстық жаупкершілік

              Ағымдағы редакциядағы ҚК-нің 106-бабы ауырлататын жағдайларсыз денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, және осы қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі басқа адамның денсаулығы болып табылады. Өз денсаулығына зиян келтіруі қылмыс ретінде қарастырылмайды.             

              Осы норманың диспозициясында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, оның объективті жағын сипаттайтын белгілері аталып көрсетілмегеніне назар аудару қажет, бұрынғы ҚК-нің 103-бабының 1- бөлігіне қарағанда осы белгілердің мазмұны сот-медициналық Ережелерінде дене зақымдарының ауырлығы көрсетілген.

              Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің объективті жағы:

а) әрекет ету (сирек жағдайларда әрекетсіздігі);

б) адам денсаулығына зиян келтіруі;

в) олардың арасында себеп байланысының болуымен сипатталады.

Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр алуан болуы мүмкін, бұл оның дәрежеленуіне ықпал етпейді, бірақ сотпен жаза тағайындауда ескерілуі керек.

Қылмыстың субъективті жағы тікелей не жанама ниетімен сипатталады. Нақтыланбаған жағдайда, (мысалы, төбелес кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіруде) келтірілген салдарына байланысты жауапкершілік басталады, яғни тұлға денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігін алдын ала біліп, қаламаған, бірақ олардың келтіруіне жол берген.

Қылмыс субъектісі – 14 жасқа толған тұлға.

Үкім құрастырылуына қоятын талаптары бойынша практикада келесі сипаттағы бұзушылықтар орын алады

ҚІЖК-нің 396-бабының 1, 4 тармақтарына сәйкес үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде: үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны; сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күнi және туған жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсiбi, бiлiмi, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетіледі.

Алайда, Ж.Ж. Жунусовқа қатысты 2015 жылғы 7 сәуірдегі Алматы қ. Алатау аудандық сотының үкімі үзіндісінен судья (М.Т. Шолпанқұлов) үкім Қазақстан Республикасы атынан шығарылатыны көрсетпеген.

2015 жылғы 1 сәуірдегі Р.К. Бакибаевқа қатысты іс бойынша ШығысҚазақстан облысы Жарма ауданы № 2 аудандық соты үкімінің кіріспе бөлігінде сотталушының жұмыс орны, білімі, отбасы жағдайы көрсетілмеген, сотталушының Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы мен туған жері, ұлты, соттылығы жөнінде мәлімет және тұратын жері көрсетілген

ҚІЖК-нің 396-бабының 5 тармағын бұзуда 2015 жылғы 23 сәуірдегі Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық сотының А.Т. Гладкийге қатысты үкімнің кіріспе бөлігінде қылмыстық заңның қай бабы бойынша айыпталып, сотқа тапсырылғаны көрсетілмеген.

Судьялармен үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлігін құрастыруда қылмыстық іс жүргізу заң бұзушылықтары жіберіледі.

ҚІЖК-нің 397-бабының 1-бөлігіне сәйкес, үкiмнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты, жасалу тәсiлi, кiнә нысаны, себептерi мен салдары көрсетiле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы қамтылуға тиіс. Үкiмде соттың сотталушыға қатысты түйіні негiзделген дәлелдемелер және сот басқа дәлелдемелердi жоққа шығарған себептер келтiрiледi.

Заңның осы нормасын сақтамау жөнінде мысал ретінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық № 2 сотының үкімін келтіруге болады, онымен Е.А. Камалов ҚК-нің 106-бабының 2- бөлігінің 7-тармағы бойынша жәбірленуші Е. Махамбетовтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде кінәлі деп танылған.

Үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде судья сотпен дәлелденген деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықты сипаттамаған, оны жасау тәсілін, қылмыстық құқық бұзушылықтың түйіні мен салдарын нақты жәбірленушіге келтірілген дене жарақаттарын көрсетпеген, үкімде тек оған ауыр дене жарақаттары келтірілгені көрсетілген.

2015 жылғы 12 маусымдағы А.Е. Ахметовқа қатысты ҚК-нің 103- бабының 1-бөлігі бойынша Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық соты үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінен соңғы 2015 жылы 3 сәуірде сағат 15.30 шамасында Қарқаралы қ. жанибеков көшесі № 10 үйдің ауласында бола тұра, кіші інісі Е. Ахметовпен келіспеу нәтижесінде пышақпен қасақана дене жарақатын келтірген.

Үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде судья ұрысты кім бастағанын, қай сәтте сотталушыда жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру ниеті пайда болғанын, қылмыс құралын қайдан алғанын, жәбірленушіге нақты қандай дене жарақаттары келтіріді, және бастысы келтірілген зиянның ауырлығы қандай.

Осы үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде судья жеңілдететін жағдай ретінде жәбірленушінің құқыққа қарсы тәртібін таныған

ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінің диспозициясы жәбірленушінің өміріне қауіптілігін көрсетпей-ақ, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған.

Бұған қарамастан, Семей қалалық № 2 сотының 2015 жылғы 11 наурыздағы үкімінде, сотталушы С.Ж. Утунчиев ҚК-нің 106-бабының 1- бөлігі бойынша адамның өміріне қауіпті, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының 18 т. көрсетілгендей, үкімнің дәлелдеу бөлігінде дәлелдерді келтіре отырып, сот тек оларды атаумен және мазмұнын келтірумен шектелмей, сонымен бірге оларды жанжақты талдауға, сотталушыны кінәлайтын және ақтайтын, соттың тұжырымдарын растайтын және осы тұжырымдарға қайшы келетін барлық дәлелдерге баға беруге міндетті. Бірнеше сотталушыға қатысты істі қараған кезде не сотталушы бірнеше қылмысты жасаған деп айыпталса, онда сот әр сотталушыға және әрбір айыптауға қатысты дәлелдерді талдауы қажет. Дәлелдерді келтіре отырып, олардың қандай мән-жайларды растайтынын, қайсысын жоққа шығаратынын, қандай себеппен бір дәлелдер дұрыс деп танылып, екіншілері қабылданбайтынын көрсету қажет.

ҚІЖК-нің 627-бабының тәртібінде келісімдік іс жүргізуде шығарылған айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде процестік келісімге сілтеме қамтылуға тиіс және мыналар: жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық іс-әрекеттің сипаты; жасалған әрекеттің саралануы; жаза тағайындаудың уәждері; азаматтық талап қою бойынша шешімнің уәждері, оны орындаудың тәртібі мен мерзімі; заттай дәлелдемелердің тағдыры және процестік шығындарды өндіріп алу көрсетіледі.

ҚІЖК-нің 627-бабының 4-бөлігінің талаптарын бұзуда келісімдік іс жүргізуде қаастырылған кейбір үкімдердің қарар бөлігінде судьялар қылмыстық процесс қатысушыларына сот актісін жоғары тұрған сот алқасына үкімнің көшірмесін алғаны күнінен емес, оны жариялаған күнінен шағым, наразылық келтіру мерзімдері туралы түсіндіреді (2015 жылғы 21 сәуірдегі Қостанай облысы Тарановкий аудандық сотының Е.П. Тронинаға қатысты үкімі., 2015 жылғы 17 маусымдағы Қостанай облысы Алтынсарин аудандық сотының С.В. Федоровқа қатысты., 2015 жылғы 18 наурыздағы павлодар облысы Успен аудандық сотының И.В. Периковқа қатысты үкімі).

Негізінен соттар ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігі бойынша істерді қарастыруда материалдық құқықты дұрыс қолданады.

Сонымен бірге, ұқсас жағдайларды бағалауда түрлі тәсілдер қолданылатыны байқалады, бұл кінәлі тұлғалардың әрекеттерін заңды дәрежелеуінде ықпал етеді.

Мысал ретінде, Оңтүстік-Қазақстан облысы А. Камаловқа және Алматы облысы соттарымен Е. Бектибаевқа қатысты шығарылған екі үкімді мысал ретінде келтіру керек

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №3 «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 4-тармағы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» нормативтік қаулысының 15- тармағында жеке бас араздығының салдарынан болған жанжал немесе төбелес барысында болған күш қолданудан бұзақылық ниетпен күш қолдануды ажыратқан кезде айыпты мен жәбірленушінің қарымқатынасының сипатын, жанжалдың сылтауы мен себебін ескеріп, оның бастамашысы кім болғанын, жанжалға қатысушылардың әрекеттерінің қарқыны мен сипатын, айыптының ниетінің бағытын көрсететін басқа да мән-жайларды анықтау керек.

Осы түсіндірулерден, 2015 жылғы 10 сәуірдегі Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық № 2 сотының үкімінде Е.А. Камаловтың ҚКнің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша әрекеттерінің саралануы даулы болып табылады.

Е.А. Камалов 2015 жылғы 1 қаңтарда 17 сағат 30 минут шамасында Мақтаарал ауданы Атакент а. Копжасаров-Бекжанов көшелерінің қиылысында орналасқан спорт залының алдында бұзақылық ниетпен жәбірленуші Е. Махамбетовтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сонымен бірге, жәбірленуші Махамбетовтың көрсетпелерінен А. Канаев пен А. Мырзабек арасында ұрыс болған кезде, оларға Камалов жақындап оларды тыныштыра бастаған. Ол өз кезегінде Камаловты итеріп жіберіп, араласпауын айтқан. Камалов оны басынан ұрып, оны спор залына кіргізіп, тәсілді қолдана отыра, жерге жыққан, басынан, бетінен, денесінен соққылар келтірген.

Осы көрсетпелерді сотта куә А. Лесбаев нақтылап, даладағы жағдайдан кейін жігіттер оларды арашалап, спорт залына кіргізген, мұнда Камалов Махамбетовты жығып, соққылар келтірген олардан оол есінен танып қалғанын растады.

Сонымен, куәгерлердің көрсетпелерінен Камалов жәбірленуші Махамбетовты жеккөрінішті қатынастары, соңғы оны итеріп жіберіп Канаев пен Мырзабектың арасындағы әңгімеге араласпауын айтқаны үшін ұрғанын куәландырады, яғни қылмыс жасау кезінде Камаловта бұзақылық ниет болмаған, сондықтан оның әрекеттері ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7- тармағы емес, ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыс белгілері бар.

Ұқсас жағдайларда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысына сілтемесімен Алматы қ. Алмалы аудандық соты 2015 жылғы 4 маусымдағы

Е.А. Бектибаевтың әрекеттерін ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағынан ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеген. Е.А. Бектибаев сотқа ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағында қарастырылған қылмыс жасауда айыптау бойынша тапсырылған.

Алайда, басты сот талқылау кезінде, 2015 жылдың 5 ақпанында 9 сағат 30 минут шамасында Тараз химика-технологиялық колледж ғимаратында Е.А. Бектибаев А. Темірбайдан бір парақ қағаз сұраған, сол үшін араларында кіші-гірім ұрыс болған. Сол күні Бектибаев өзінің «Жұман» есімді танысымен А. темірбайға жақындап, онымен ұрыс кезінде қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру мақсатымен, тергеу барысында анықталмаған пышақпен А. Темірбайды сол жақ саны мен сол жақ иғынан соққы келтірген.

Е.А. Бектибаевтың әрекеттер нәтижесінде А. Темирбайдың денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Аталған жағдайларда, Е.А. Бектибаевтың әрекеттерін ҚК-нің 106- бабының 2-бөлігінің 7-тармағынан ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеу негізді деп танылады.

Бұзақылық ниеттен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мысалы ретінде, 2015 жылғы 19 мамырдағы Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотымен ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша сотталған Р. Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі келтіруге болады.

Сот үкімінен, 2015 жылғы 21 наурызда Сарыағаш ауданы Ақжар а. дүкені жанында Р. Боранбаев А. Курбанбаевтан уақытты сұраған, жауап алмаған соң, жұдырығымен ішінен соққан, яғни жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян кетірген.

Бұл жағдайда, Боранбаев қылмыс жасау үшін елеусіз сілтауды пайдаланған, өзінің қоршаған қоғамға құрметтемеушігіні танытқан.

Адам денсаулығына қасақана құқыққа қарсы ауыр зиян келтіру әрекетін басқа қасақана әрекеттерден ажыратуда, соттармен әдетте жасалған қылмыстың барлық жағдайлардың жиынтығы, әсіресе кінәлі мен жәбірленушінің қарым-қатынасы, жасау тәсілі мен қылмыс құралы, саны, келтірілген дене жарақаттардың сипаты мен локализациясы, қылмыс субъектісінің құқыққа қарсы әрекеттерін тоқтату және т.б. сонымен бірге кінәлі тұлғаның қылмыс жасағанға дейін және жасағаннан кейін тәртібі ескеріледі.

Сонымен бірге сот актілерін зерттеуі жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру абайсызда оның өліміне әкеп соққан мен қасақана өлтіруден ажыратуда қиыншылықтар тудыратынын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №1 «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» нормативтік қаулысының 30-тармағына сәйкес, адамға заңға қарсы қасақана қаза келтіруді абайсызда қаза келтіруге әкелген, денсаулығына ауыр зиян келтірумен ұштасқан басқа қасақана жасалған қылмыстардан ажырату, кінәлі ниетінің бағытын, оның жәбірленушіге қаза келтірген - өз әрекетінің нәтижелеріне субъективті қатынасын айқындау арқылы ажырату қажет.

Қылмыстың субъективті жағы мен кінә нысанын айқындай отырып, жасалған қылмыстың барлық мән-жайының жиынтығын, атап айтқанда, кінәлінің және жәбірленушінің өзара қатынасының сипатын, қылмыс жасаудың тәсілі мен қаруын, жарақаттардың және өзге де дене зақымдарының санын, сипатын және жойылуын, қылмыс субъектісінің заңға қарсы әрекетін тоқтату себебін және тағы сол сияқты, сондай-ақ оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет.

Кінәлінің тікелей немесе жанама қасақаналықпен әрекет еткенін, өз әрекетінің құқыққа қайшы екенін білгенін, адам қазасы түрінде қоғамға қауіпті зардаптың туындауын алдын-ала білгенін және соны қалағанын (тікелей қасақана кезінде) не өз әрекетінің осындай нәтижесіне саналы түрде жол бергенін және осыған немқұрайлы қарағанын (жанама қасақана кезінде) анықтаған кезде әрекет ҚК-нің 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралануға жатады (ҚК-нің 97-100-баптарында көзделген мән-жайлар кезінде қаза келтірген жағдайлардан басқа).

Егерде, кінәлі қасақана қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігін және жәбірленуші қазасының туындауы мүмкіндігін алдын- ала білсе, алайда оның осындай зардапқа қатынасы абайсыздықпен сипатталса, онда кінәлінің әрекеті абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 103-бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.

Мысал: Солтүстік-Қазақстан облысы айыртау ауданының №2 аудандық сотының 2015 жылғы 30 маусымдағы үкімімен М.Ж. Жуматаев ҚК-нің 106- бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айруымен сотталған.

Сот үкімімен ол келесі жағдайларда қылмыс жасауда кінәлі деп танылған.

2015 жылғы 9 мамырда сағат 12.00 шамасында Солтүстік-Қазақстан облысы Айыртау а. М.Ж. Жуматаев есірткілі мас күйінде өз үйінде ұрыс барысында өзімен бірге тұратын Ф.Е. Сагындыкованы ұрған, жұдырықпен екі рет бетінен соққы келтірген, соңғы жерге құлаған соң, М.Ж. Жуматаев жұдырығымен, аяқпен, пластмассалық қалақпен жәбірленушінің денесінің түрлі жерлерінен соққылар келтірген, үйде болған Ж.Р. Жуматаев., Д.Ш. Омарова мен З.Ж. Рашова сотталушының қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл келтірмек болғанда, М.Ж. Жуматаев үйдегі жиһазды сындырып, пышақпен қорқыта бастаған. Кейін қайта жәбірленуші Ф.Е. Сагындыковамен қатынасын анықтау мақсатында, М.Ж. Жуматаев әкесі Ж.Р. Жуматаевтан мемлекеттік нөмірі 880 АWА 15, ВАЗ-2106 маркалы автомашинаның кілтін алып З.Ж. Рашованың үйіне Лобаново ауылына кеткен, жол-жөнекей М.Ж. Жуматаев пен Ф.Е. Сагындыкованың арасында жанжал шыққан, автомашина салонында бола тұра, ол қайта жәбірленуші Ф.Е. Сагындыкованың денесіне соққылар келтіре бастаған.

Лобаново ауылына сағат 19.00 шамасында келген соң, М.Ж. Жуматаев пен Ф.Е. САгындыкова Степная көшесі, 14 орналасқан М.Ж. Жуматаевтың әпкесі З.Ж. Рашованың үйіне кірген, мұнда олардың арасында ұқайта жанжал шыққан. Ұрыс барысында, М.Ж. Жуматаев жәбірленушінің өмірлік маңызды ағзалары бойынша қасақана көптеген жұдырықпен, аяқпен соққылар келтірген, сонымен өз әрекеттерімен жәбірленушіге дене зардабы мен ауырсыну келтірген.

Бұдан соң, сотталушыы М.Ж. Жуматаев Ф.Е. Сагындыкова қарсылық көрсете алмауына көз жеткізге соң, өзінің қылмыстық әрекеттерін тоқтатып, үйден шыққан. Біраз уақыттан соң, жәбірленуші Ф.Е. Сагындыкова алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Бұдан кейін сотталушы М.Ж. Жуматаев қайтыс болған Ф.Е. Сагындыкованың мәйітін Айыртау ауылына әкелген.

Сотталушы М.Ж. Жуматаевтың әрекеттеріне заңды бағасын бере отыра, бірінші саты соты үкімде сотталушы М.Ж. Жуматаевтың ниеті болу мәселесін қарастыруда жасалған қылмыстың барлық жағдайлар жиынтығын әсіресе, келтірілген жарақаттардың саны мен сипатын, локализациясын ескергенін көрсеткен. Бұдан сотталушының ниеті жәбірленуші Ф.Е. Сагындыкованың денсаулығына қасақана аса қатыгездікпен ауыр зиян келтіру болған.

Сонымен бірге, сот келтірілген жарақаттардың санын, сипаты мен локализациясы аса қатыгездік емес, сотталушы М.Ж. Жуматаевтың жәбірленуші Ф.Е. Сагындыкованы өлтіруіне ниеті болған, себебі сотталуш М.Ж. Жуматаев жәбірленуші Ф.Е. Сагындыкованың денесінің түрлі жерлерінен көптеген соққы келтірген кезде оның соққыларынан соңғы қайтыс болатынын білген не білуге тиіс болғанын ескермеген.

Сондықтан сотталушы М.Ж. Жуматаевтың әрекеттерінде өлтіру қылмысының аяқталған құрамы байқалады, және оның әрекеттерінде ҚК 106 б. «аса қатыгездік» дәрежелейтін белгі жоқ.

Сот аталған істер санаты бойынша соттар негізінен жазаны осы баптың санкциясымен белгіленген шегінде әділ тағайындайтынын, яғни Қылмыстық Кодекстің жалпы бөлімі ережесін, ҚКнің 4-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 «Соттармен жаза тағайындауда заңдылықты сақтау туралы», 2001 жылғы 19 қазандағы №15 «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауда кейбір мәселелер туралы» 2006 жылғы 23 маусымдағы №7 «Бас бостандығынан айруына сотталған түзету мекемелерінде жаза түрлері сот практикасы туралы» және 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8 «Соттармен қылмыстың қайталану туралы заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулыларын ескеруімен тағайындайтынын көрсетті.

Соттар жазаны қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, сотталушының жеке басы туралы деректері, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар мен жәбірленушілердің пікірін ескерумен тағайындайды.

Қылмысты алғаш рет жасаған, бұрын сотты болмаған, кінәні толық мойындаған және жасағанына өкінген, қылмыспен келтірілген зиянды өтеген тұлғаларға қатысты соттар бас бостандығынан айыру жазасына баламалы бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындағаны дұрыс деп табады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Соттармен қылмыстық жаза тағайындауда заңдылықты сақтау туралы» нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, егер адамды кінәлi деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрi (баламалары) көрсетiлген болса, онда соттар ҚК-тiң 52-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе жазаның ең ауыр түрiн тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселенi талқылауы және үкiмде қабылданған шешiмдi дәлелдеуi тиiс

ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстық істердің көпшілігі соттармен нақты бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады

ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес, іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мәнжайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн

деттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн. Мысалы, Павлодар облысы Павлодар қ. № 2 сотының үкімімен Е.Б. Сеилханов ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған, себебі ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды (ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жазаның максималды мерзімі -12 жылға бостандығынан айыру).

Денсаулыққа ауыр зиян келтіруімен байланысты қылмыстық істерді қарастыруда судьялармен қылмыспен келтірілген моральдық және материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талап арыздар, азаматтық арыз бойынша қабылданған шешімнің тиісті дәйектері мен негіздері, материалдық және іс жүргізу заң нормаларына сілтемесімен, ҚІЖК-нің 170-бабының талаптар нормалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 «Соттармен моральдық зиянды өтеу туралы заңнамасын қолдану туралы», 2005 жылғы 20 маусымдағы №1 «Қылмыстық процесте азаматтық талап арызды қарастыру туралы» нормативтік қаулылар есебімен негізінен дұрыс.

Сонымен бірге, моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талап арыздар бөлігінде үкімдерді зерттеу кезінде, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуымен байланысты моральдық зиян компенсациясының мөлшерін анықтауда бірізділік жоқ.

Мысалы, Шығыс-Қазақстан облысы Глубоковский аудандық сотының 2015 жылғы 15 сәуірдегі үкімімен Д.И. Сизикова ҚК-нің 106-бабының 3- бөлігі бойынша жәбірленуші Н.В. Логинованың пайдасына моральдық зиян мөлшері 1500000 теңге сомасы өндірілген.

Алматы қ. Алатау аудандық сотының 2015 жылғы 7 сәуірдегі сотталған Ж. Жунусовтан жәбірленуші И.Б. Джамаловтың пайдасына моральдық зиян мөлшері 1 000 000 теңге сомасы өндірілген.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу