Инвесторлардың әкімшілік талап қоюлары туралы
МАӘС-тен қайтарылған талап қоюлардың басым кӛпшілігі Индустрия және инфрақҧрылымды дамыту министрлігіне (қазіргі Өнеркәсіп және қҧрылыс министрлігі) қатысты болып отыр.
Энергетика министрлігіндегі жағдай сияқты қайтарудың басты себебі - әкімшілік сот ісін жҥргізу шеңберінде соттың қарауына жатпауы. МАЭС-те негізгі жауапкерлер ЭМ мен ИИДМ болып табылатынын ескере отырып, мынадай паттерн қалыптасуда: инвесторлар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды даулауға қатысты аталған министрліктерге әкімшілік талап қояды, бҧл талаптар ведомстволығына жатпайтыны салдарынан қайтарылады. Нәтижесінде инвесторлар сол бір талап қоюды МАЭС-ке береді. Бҧл ретте соттардың да, инвесторлардың да уақыты кетеді. «М» АҚ-ның ИИДМ-ге келiсiмшартты ұзарту туралы шешiм мен әрекеттерге дау айту жӛнiндегi талап қоюы бойынша iс АРПК-нiң 138-бабы екiншi бӛлiгiнiң 11) тармақшасы негiзiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен қаралуға жатпайтындықтан қайтарылды (№ 7194-22-00-4/508).
ЖС-нің ӘІСА атап ӛткендей, мәлімделген талап келісімшарттың тарапы болып табылмайтын тұлға ӛзінің заттық құқықтарын қорғау мақсатында келісімшартты қолдану мерзімін ұзартуы бөлігінде келісімшартқа қосымша келісімді жасасуды болдырмауға бағытталған, яғни жария-құқықтық қатынастардан туындамайды деген жергілікті соттардың қорытындысы дұрыс.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 278-бабы 12 тармағының ережелерінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға, оның ішінде нәтижелері хаттамамен ресімделетін келісімшарт тараптары арасында келіссөздер жүргізу жолымен өзгерістер енгізу рәсімі белгіленген. Келіссөздер жүргізу кезінде Министрлік мемлекеттік биліктің субъектісі ретінде әрекет етпейді, бірақ жеке-құқықтық қатынастардың тарабы болып табылады.
Сонымен қатар, келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша келіссөздердің басталуы түпкілікті құқықтық нәтижесі жоқ аралық шешім болып табылады, демек ешкімнің құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер етпейді.
Жүргізілген келіссӛздердің нәтижесі тараптар арасында жасалған келісімшартқа толықтыру болып табылады, оған мүдделі тұлға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дау айтуы мүмкін (АК-нің 157-бабының 3-тармағы).
Инвесторларға талап қоюды әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпауына байланысты қайтару талап қоюшының сотта қорғалу қҧқығын бҧзу болып табылмайтынын тҥсіндіру өте маңызды.
Даулардың әртҥрлі санаттары ҥшін сот ісін жҥргізудің әртҥрлі тәртібі көзделген, сондықтан әкімшілік соттар қарауға жатпайтын дауды қарай алмайды.
Инвесторлардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қатысты талаптарының көпшілігі жер даулары мәселелеріне қатысты.
Бұл ретте инвесторлардың осындай санаттардағы дауларда жіберетін қателігі заңнаманың дҧрыс тҥсіндірмеу болып табылады.
Мысал ретінде «Е» ЖШС-ның Ақмола облысы Целиноград ауданының әкіміне жер учаскесін беруді келісуден бас тарту туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы (№ 7194-22-00-4/1530) талабы бойынша істі келтіруге болады.
Жергілікті соттар талап қоюдан бас тартты.
ӘІСА жергілікті соттардың ұстанымын қолдады.
Сұралып отырған жер учаскесі жайылымдық жер болып табылатындығы, халықтың мұқтаждығына арналғандығы және Новоишим ауылдық округінің Семеновка елді мекенінің ірі қара малына жайылым ретінде пайдаланылатындығы бас тартуға негіз болды.
Бұл ретте өтінішхат беру сәтінде талап қоюшыдан экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы қайтарып алынды, атап айтқанда құрылыс құмын өндіру жер асты сулары кен орнының контурында жүзеге асырылды.
Сондай-ақ соттар талап қоюшыны мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айырылғанын назарға алды, бұл кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізуге тыйым салады.
Кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, ЖС ӘІСА шағымданатын сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептеді.
Осылайша, апелляциялық және кассациялық органдарға шағым беру кезінде жаңа дәлелдер келтіру және сот актілерін қайта қарауға әкелуі мҥмкін фактілерді көрсету маңызды.
Соттылықты анықтау
Әртҥрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ҧсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шешеді (ӘРПК-нің 109-бабының екінші бөлігі).
Инвестициялық даулар бойынша жауапкерлер
Жауапкер «сотта талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды адам» болып табылады (ӘРПК-нің 4-бабының бірінші бөлігінің 15) тармақшасы).
Өз кезегінде әкімшілік орган ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тыйым болып табылады.
Мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен Астана қаласының МАӘС-нен ӛңірлердің МАӘС-не инвестициялық дауларды беру туралы мәселені кӛтеретінін ескере отырып, соттардың ықтимал жҥктемесін, оның ішінде қай аумақтық департаменттерге қатысты талап қоюлар жиі келіп тҧратынын негізге ала отырып бағалау қажет.
Талап қоюларды қайтару
Әкімшілік талап қоюларды қайтару ӘРПК-нің 138-бабының екінші бӛлігінде кӛзделген негіздер бойынша жҥзеге асырылады.
Талап қоюлардың ең көп саны ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды» деген 11) тармақшасы бойынша, сондай-ақ іс ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «осы соттың қарауына жатпайды» деген 17) тармақшасы бойынша қайтарылған.
Негізі (ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің тармақшасы)
2) талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бӛлігінің талаптарына сәйкес келмейді
5) осы немесе басқа соттың іс жҥргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша іс бар
6) талап қоюшы берген талап қоюды кері қайтарып алды
9) тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасады
11) іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды
15) сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты
17) іс осы соттың соттылығына жатпайды
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) және 17) тармақшалары негізінде қайтарылған талап қоюлардың басым кӛпшілігі МАЭС-те азаматтық талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жҥргізудің міндеті жеке тҧлғалардың бҧзылған немесе даулы қҧқықтарын, бостандықтары мен заңды мҥдделерін, заңды тҧлғалардың жария құқықтық қатынастардағы қҧқықтары мен заңды мҥдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Жария-қҧқықтық қатынастар қҧқық субъектілерінің арасында қатысушылардың бірінің екіншісіне қатысты билік өкілеттіктерін жҥзеге асыруына байланысты туындайтынын атап өту маңызды.
Егер азаматтық шарт болып табылатын келісімшарттың талаптарына дау айту туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мемлекеттік орган шарттың тарапы ретінде болады және билік өкілеттіктерін жҥзеге асырумен байланысты емес. Демек, мҧндай істер азаматтық іс жҥргізу тәртібімен қаралады.
Мысалы, МАӘС «жауапкердің бас тартуы ауыртпалық акт болып табылмайды, биліктің кӛзқарасын қамтымайды, талап қоюшының жария құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталмаған.
Аталған мән-жайлар кезінде талап қоюдың тұжырымдарына қарамастан, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде талап қоюды қайтару керек.» деп талап қоюды қайтарған (№ 7194-23-00-4/1127).
Немесе басқа жағдайда МАӘС «талап қоюшының осы іс бойынша талаптары жария-құқықтық қатынастарға жатпайды, талап қоюшының талаптары тараптардың арасында жасалған келісімшарт талаптарынан туындайды.
Талап қоюшы жауапкердің келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартуына қарсы. Осыған байланысты, инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарт болған жағдайда, бұл дау әкімшілік талап қою нысанасы бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деп есептейді.» (№7194-23-00-4/675). Дәл осы мәселеге байланысты талап қоюларды қайтарудың саны ең көп.
Ол туралы осы талдаудың 4.1-бӛлімінде толығырақ баяндалған. Сондай-ақ әкімшілік талап қоюлар бойынша татуласудың салыстырмалы тҥрде төмен деңгейіне қатысты тӛмендегілерді атап өтеміз.
ӘРПК-нің 120-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптарды татуластыруға жауапкердің әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде олардың заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдауға өкілеттігі болып табылатын әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.
Осыған байланысты АПК-нің 174-бабының бірінші бөлігінде белгіленген сияқты емес, ӘРПК тараптарды татуластыру шараларын қабылдауға судьяны міндеттемейді.
Әкімшілік және азаматтық істер бойынша татуласу санының айырмашылығы осыған байланысты.
Болашақта ӘРПК-ге әкімшілік шарт тҧжырымдамасы енгізілген жағдайда, тиісті өзгерістер татуласу тетігін де қозғайтынын назарда ҧстаған жөн.
Сонымен қатар, МАЭС-те қаралатын инвестициялық даулар инвесторлардың да, мемлекеттік органдардың да инвесторларға берген талап қоюларын қамтиды.
Қолданылған қысқартулар
1) ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
2) АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3) АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) КК – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
5) ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
6) СК – Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
7) Астана қалалық сотының ӘІСА - Астана қалалық сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
8) ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
9) МАӘС – Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
10) МАЭС – Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
11) ОМО – орталық мемлекеттік орган.
Пайдаланылған нормативтік деректер
Инвестициялық дауларды қарау кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамалық актілер жатады.
Қорыту санатындағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік қҧқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
3) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
6) 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі және т.б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы