Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Лицензиялау қызметі жөніндегі азаматтық істер

Лицензиялау қызметі жөніндегі азаматтық істер

Лицензиялау қызметі жөніндегі азаматтық істер

Лицензиялау қызметі жөніндегі азаматтық істер

              Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 2012 жылғы 19 қарашадағы қаулысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті нотариаттық қызмет түрлерін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленген, яғни нотариалдық әрекет жасау үшін лицензияны беру, айыру және тоқтату құзіреті берілген.

              Лицензиялау, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың кәсіпкерлік еркіндігін пайдалану құқықтарын қорғау барысында ең қажетті құралы болып табылады, олардың осы кәсіпкерлік еркіндігін пайдалану құқықтары Азаматтық кодексінде бекітілген.

Азаматтық кодексінің 9-бабының талабына сәйкес, азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

Кәсiпкерлiк пен тұтынушылардың құқықтары Азаматтық кодексінің 10- бабында көзделгендей, жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. Қазақстан Республикасы заңдарында өтінімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және (немесе) қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.

Азаматтық кодексінің 35-бабында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Бұндай жағдайда, лицензияның болмауы немесе негізсіз лицензияны беруден бас тарту әрекеттері заңды тұлғаның жалпы құқық қабiлеттiлiгiне шектеу қоюға әкеліп соқтырады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі лицензиялаудың түсінігін, лицензиядан айыру тәртібін толық қамтымайды. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы, осы заң 13.01.2015 бастап қолданысқа енгізілген.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Аталған заңда келесі түсініктер берілген:

лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

лицензиар – осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; лицензиялау – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені;

жарамды рұқсат – берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат; өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;

рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;

рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;

рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;

хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;

АІЖК-нің 31-бабында талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылатыны, заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылатыны белгіленген.

Заңды тұлғаның тұрған жері - мемлекеттік тіркеуден өткен жері болып есептеледі және ол мемлекеттік тіркеу куәлігі мен құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Істі сотта қарауға әзірлеу

Азаматтық істерді қарауға әзірлеу кезінде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексін ( бұдан әрі - АІЖК), «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын басшылыққа алып отырған.

АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек

Мысалы: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаихин аудандық сотының 10 шілде 2015 жылғы ұйғарымымен «Жол көлік транспорты және көлік жолдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жеке кәсіпкер М.Ф.Шевченконы жолаушыларды тасымалдау лицензиядан айыруды сұраған талап арыз соттылығы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарауына жатады деген негізбен қайтарылған.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 154-бабының 2-бөлігінде көзделгендей, судья талап арызды, егер іс осы соттың соттауына жатпайды деген негізбен қайтарып жіберген, арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсеткен.

Мысалы: Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 02 ақпан 2015 жылғы шешімімен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі жауапкер жеке нотариус Алтын Ермекқызы Әли нотариалдық қызметпен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензиясынан айыру туралы талап арызы қанағаттандырылған.

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 18-бабының 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес нотариус Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға міндетті.

Сонымен қатар, Заңның 42-бабының талаптары бойынша нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iсәрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды.

Істі қарау барысында жинақталған құжаттардан анықталғаны: Сот үкімінен 15.03.2013 жылы сотталушы Б.Адилов жәбірленуші А.Б.Қожабаева мен оның әкесі Б.Қожабаевтың рұқсатынсыз және келісімінсіз, жәбірленуші А.Қожабаева сенімхат негізінде басқарып жүрген әкесі Б.Қожабаевтың меншігіндегі «Тоуоtа Саmrу 30» маркалы 2002 жылы шығарылған, нарықтық құны 2 407 600 теңге тұратын автокөлігін нотариус А.Е.Әли азамат Б.Қожабаевтың жеке куәлігінің көшірмесін ұсынып, Б.Қожабаевтың өзі 2-3 күннен соң келіп, қолын қойып кететінін айтып, Х.Иманбековтың атына сенімхат жаздырып, сатып жіберіп, жәбірленуші А.Б.Қожабаеваға 4 133 258 теңге яғни ірі мөлшерде материалдық залал келтірген.

Қылмыстық іс өндірісінде тағайындалған сот қолтаңбалық сараптамасының 09.04.2014 жылғы №1327 санды қорытындысына сай, 15.03.2013 жылғы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде №№930, 931 тіркелген сенімхаттардағы Б.Қожабаевтың атынан орындалған қолжазбаларды және қолтаңбаларды Б.Қожабаев орындамаған, оларды орындаған басқа тұлға деп дәлелденген.

Сонымен қатар, заң күшіне енген Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының №1-546 қылмыстық іс бойынша 28.08.2014 жылғы қаулысына сәйкес, жеке нотариус А.Әли нотариаттық әрекеттерді жасаудың Нұсқаулығын өрескел түрде бұзуынан жәбірленуші А.Кожабаеваның заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып, сотталушы Б.Адиловқа ірі көлемде алаяқтық жасап, бөтеннің мүлкін заңсыз иеленуге мүмкіншілік жасалған үшін, алдағы уақытта бұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында және жеке нотариус А.Әлінің әрекетінде болуы мүмкін қылмыстардың құрамын анықтау, сондай ақ заңды түрде шара көру үшін жеке қаулы қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментіне, Нотариаттық палатаға және аудан прокурорына жолданған.

Соттың жеке қаулысы негізінде, нотариус А.Е.Әли қатысты ҚК-нің 229- бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен, сотта талапкер тараптың жауабынан және зерттелген құжаттық дәлелдемелерден, жауапкер жеке нотариус А.Әли нотариаттық әрекеттерді жасаудың Нұсқаулығын өрескел түрде бұзуынан жәбірленуші А.Кожабаеваның заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып, сотталушы Б.Адиловқа ірі көлемде алаяқтық жасап, бөтеннің мүлкін заңсыз иеленуге мүмкіншілік жасалғаны, іс-әрекет жасау тәртібі өрескел бұзып, жүгінген тұлғаның жеке басын анықтамай, автокөліктің негізгі иесінің қатысуынсыз сенімхат куәландырғаны анықталған.

Сонымен сотта жауапкер А.Е.Әли нотариаттық әрекеттерді жасаудың Нұсқаулығын өрескел бұзғаны, яғни нотариус міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін құқық бұзушылық іс-әрекетке жол бергені толық дәлелін тапты. Сот жоғарыдағы объективтік жағдайда жауапкер А.Е.Әли Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ТҚ және ҚККК-ті 09.02.2011 жылы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берген №0003260 мемлекеттік лицензиясынан айыру жөніндегі талап арызы негізді қанағаттандырылған.

Зерделеу барысында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 02 ақпан 2015 жылғы шешімінде қолдану мерзімі өтіп кеткен материалдық заң талаптарына сілтеме жасалғаны көрінеді. Атап айтқанда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырда қабылданған, 13.01.2015 жылы Қазақстан Республикасының Заңына сілтеме жасалғаны жөн болатын еді.

Мысалы: Акмола облысы Көкшетау қалалық сотының 13 қазан 2015 жылғы шешімімен Республикалық нотариалдық палатасының Е.Л.Абрамкованы нотариалдық қызмет атқару үшін берілген мемлекеттік лицензиясынан айыруды сұраған талабы қанағаттандырылған.

Сотта нотариус Е.Л.Абрамкова тұрақты мекен жайы болмағаны себепті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берген мемлекеттік лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылғаны, лицензияны қолдануды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылмағаны анықталған.

«Нотариус туралы» заңының 10-бабының 3-бөлігінің талабына сәйкес, нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.

Олай болса, Акмола облысы Көкшетау қалалық сотының 13 қазан 2015 жылғы шешімімен Республикалық нотариалдық палатасының Е.Л.Абрамкованы нотариалдық қызмет атқару үшін берілген мемлекеттік лицензиясынан айыруды сұраған талабы негізді қанағаттандырылған

Мысалы: Манғыстау облысы Актау қалалық № 2 сотының 12 мамыр 2015 жылғы шешімімен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің А.Б.Кульжановтың жеке сот орындаушы қызметін атқару үшін берілген мемлекеттік лицензиясынан айыру туралы талабы қанағаттандырылған.

Сотта анықталғанындай, № 91-ЖҚ 01.11.2013 г. бұйрықпен Кульжанов А.Б. жұмыстан теріс әрекеті, қызметтік міндетін дұрыс атқармағаны үшін «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының негізінде жұмыстан шығарылған.

12 наурыз 2015 жылы әділет Министрлігі А.Б.Кульжановқа жоғарыдағы теріс әрекеті үшін жеке сот орындаушының бос жұмыс орнына (вакансия) үміткер болып қатысуға жол бермеген.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының заңының 140-бабының 2-бөлігінде көзделгендей,

Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған;

заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған;

жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Жолдама алу, конкурс өткізу және жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру қағидаларының» 10 тармағының талаптарына сәйкес «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 140-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберуден бас тартылады.

Аталған сот шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бьас тартылған. Сот шешімі заңды күшіне енген.

Аталған заңның 144-бабында жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату негіздері көзделген. Атап айтқанда:

  1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылғанда жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатуға жатады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатылады.

Мысалы Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04 маусым 2015 жылғы шешімімен Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтік қызмет көрсету комитетінің департаментінің мемлекеттік мекемесі «Парк здоровья» ЖШСнің 10 тамыз 2007 жылғы 2008 жылы ФД65400079 DS фармацевтикалық қызметпен айналысуға, аптека арқылы дәрі-дәрмек сату, және көтерме сауда жасау үшін берілген жалғамасын № ФД65400079DS00250АЛИ тоқтатудан бас тартылған.

 Бірінші сатыдағы соттың «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексінің талабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік лицензия мен лицензияның жалғамасынан айыру жөніндегі талап арыз әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізінде шешілуге жатады деген тұжырымға келген.

Сотта жауапкерге көтерме сауда жасауға лицензия берілмегені, дәрілік қасиеті бар «Тропикамид» деген дәріні жауапкер рецептісіз ұдайы сатып, наркоманияны өсіріп отыр деген талап қоюшының уәжі өз дәлелін таппаған.

Мемлекеттік уәкілетті органға заңнамалардың талабын бұзу фактілеріне жол берген кезде медициналық және фармацевтікпен айналысу үшін берілген маманның сертификатының күшін тоқтата тұру және айыру құқығы берілген.

Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04 маусым 2015 жылғы шешімімен Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтік қызмет көрсету комитетінің департаментінің мемлекеттік мекемесі «Парк здоровья» ЖШСнің мемлекеттік лицензиясын тоқтату туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Мысалы Павлодар қалалық сотының 15 қаңтар 2015 жылғы шешімімен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Павлодар облыстық қорғаущылар алқсаының мүшесі адвокат Абишеваны лицензиясынан айыру жөніндегі талап арыз қанағаттандырылған.

Сотта адвокат Д.С.Абишеваның тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшін тәртiптiк жауапкершілікке тартылғаны, осындай әрекеттерді ұдайы жасағаны анықталған.

 Адвокаттық қызмет туралы заңының 30-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокат мынадай тәртiптiк жауапкершiлiк шараларының бiрiне тартылады:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы лицензиарға өтiнiш бере отырып, адвокаттар алқасынан шығару.

  1. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
  2. Адвокаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының,

Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау үшiн негіз болып табылады.

Осы санаттағы істерді қарау тәртібі төмендегі заңдармен толық қамтылған:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі,

Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексі,

Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 2012 жылғы 19 қарашадағы қаулысы,

Қазақстан Республикасындағы «банктер және банк қызметі туралы» заңы,

«Білім туралы» заңы, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңы,

«Байланыс туралы» заңы,

«Нотариат туралы» заңы,

«Жеке кәсіпкердің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензия (рұқсатнама) беру тәртібін реттеумен байланысты»

Үкімет қаулылары.

Сонымен бірге, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына енгізілген 3- қосымшаға сәйкес осы заң 13.01.2015 бастап қолданысқа енгізілген.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.  

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу