Медиативтік, бітімгерлік келісімді бұзу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» Заңы, 2011 жылдың 05 тамызында заңды күшіне енген. Заңда медиация түсінігі медиатордың (медиаторлардың) қатысуымен тараптардың арасындағы дауларды (жанжалдарды) тараптардың ерікті түрдегі келісімі бойынша жүзеге асырылатын олардың арасында екі жақты тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында реттеу ретінде анықталған. Медиация нәтижесінде олардың қол жеткізген тараптардың келісімі заңмен дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім ретінде анықталған. Медиацияны қолдану саласы (азаматтық-құқықтық даулар бөлігінде) жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар болып табылады. Медиация шарасы тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын аталған дауларға қолданылмайды. Сонымен бірге мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.
Дауларды реттеу туралы келісім (медиативтік келісім) жазбаша түрде бекітіледі және медиация тараптары, даудың (дау-шардың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс.
Дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінуге дейін, сонымен бірге сот талқылауы басталғаннан кейін қолданылуы мүмкін екендігін негізге ала медиативтік келісімдерді бекіту сәтіне байланысты келесідей шектеуге болады:
- дауды соттың қарауына берусіз жүргізілген медиация процедурасы нәтижесінде тараптармен қол жеткізілген медиативтік келісім;
- дауды соттың қарауына бергенін жүргізілген медиация процедурасы нәтижесінде тараптармен қол жеткізілген медиативтік келісім
«Медиация туралы» Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады екендігі бекітіле айтылған.
Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді, Бұл ретте төленген мемлекеттік баж Салық кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс. Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 49-ші бабының 2-ші бөлігіне сәйкес сот іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.
Заңның баяндалған ережелерін негізге ала, істі соттың қаруына берусіз жүргізілген медиация процедурасы нәтижесінде тараптармен қол жеткізілген медиативтік келісім Азаматтық Кодексінің 24-тарауының нормаларына сәйкес өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Соттың шешімі бойынша істі соттың қаруына берусіз жүргізілген медиация процедурасы нәтижесінде тараптар мен дауды реттеу туралы қол жеткізілген медиативтік келісім келісім тараптарының бірінің талап етуі бойынша Азаматтық Кодекстің 401-ші бабының 2-ші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда: тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт екiншi тарап шартты едәуір бұзған кезде; осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Едәуір ретінде Тараптардың бiреуi медиативтік келісімнің шарттарын бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады. Заң актілерімен көзделген басқа жағдайларға үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзу жатады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады (ҚР АК 403-бабы).
Азаматтық процесс барысында медиация жүргізу кезінде тараптармен қол жеткізілген және сотпен бекітілген дауды реттеу туралы келісім Азаматтық Кодекстің 401-ші бабының 2-ші бөлігі (24-Тарау) тәртібінде бұзылуға немесе өзгертуге жатпайды. Сонымен, медиация жүргізу кезінде тараптармен қол жеткізілген және сотпен бекітілген дауды реттеу туралы келісім соттың ұйғарымымен бекітіледі. Әрі сот қолданыстағы заң нормаларының келісім талаптарына сәйкес тексеруге және үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерінің келісім бұзылмайды ма екендігін анықтауға міндетті. Соттың ұйғарымымен бекітілген медиативтік келісімге талас тудыру мәні бойынша заңды күшіне енген сот актісін сол инстанция сотымен медиативтік келісімді бұзу туралы талап арызды қарау барысында қайта қарауға жетелейді.
Біріншіден, Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 21-ші бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да қолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды. Аталған тұлғалар жоғары тұрған сот инстанциясына сот ұйғарымына шағым беруге немесе сотқа жаңа ашылған жағдайлар бойынша медиативтік келісім бекіту жөнінде сот актісін қайта қарау туралы арыз беруге құқылы.
Сонымен бірге Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жаңа жобасында сотпен бекітілген медиативтік келісімді өз еркімен орындамау келісім бекіткен тұлғаның өтініш хаты бойынша сотпен берілетін орындау парағы негізінде мәжбүрлеп орындауға жататындығы көзделген.
Екіншіден, соттың ұйғарымымен бекітілген медиативтік келісімді бұзу туралы өтініш хатталаптарын қанағаттандыру мәні бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар тараптар арасындағы дауды қайта көтеруге жетелейді. Азаматтық іс жүргізу Кодексінің нормаларына сәйкес сол тараптармен, сол нысан бойынша шығарылған және соттың сол шешімдері бойынша немесе талапкердің талап арыздан бас тартуымен байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату туралы соттың ұйғарымы бар немесе тараптардың бітімгерлік келісім туралы бекітуі, медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісім бар істер қарауға жатпайды.
Ел соттарының тәжірибесінде медивативтік келісімді бұзу туралы даулар бойынша істер мәні бойынша қаралмаған. Медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісіммен байланысты даулар бойынша талап арыз қабылдаудан бас тартудың санаулы мысалдары бар.
- Сонымен, Шымкент қаласыныңӘл-Фараби аудандық сотының 2014 жылдың 05 ақпанындағы ұйғарымымен А.Г.-ның жауапкерлер И.Б.-ға және медиатор Е.Э.-ге медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімін жарамсыз деп тану туралы талап арызын қабылдаудан бас тартылған. Талап арыз жағдайы бойынша, Әл-Фараби аудандық сотының 2013 жылдың 14 мамырындағы ұйғарымымен тараптар 330 000 теңге мөлшерінде қарызды орындалған деп тану, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылған деп тану туралы талап арызы бойынша медиация тәртібінде дауды реттеу туралы талаптардың келісімі бекітілген. Сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық Кодексінің 153-ші бабының 1-ші тармағының 1-ші тармақшасына сәйкес талап арызды азаматтық сот өндірісі тәртібінде қарауға және шешуге жатпайтын ретінде қабылдамаған. Әрі талапкерге соттың 2013 жылдың 14 мамырдағы ұйғарымына шағымдану құқығы түсіндірілген. Соттың қорытындылары дұрыс, медиация тәртібінде даудыреттеу жөніндегі келісімнің дұрыс еместігі медиациялық келісімнің заң нормаларына сәйкес еместігін білдіреді. Ал Азаматтық іс жүргізу кодексінің 49-ші бабына сәйкес сот егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды. Бұдан медиативтік келісімнің заң талаптарына сәйкес болмауы сотпен медиативтік келісімді бекіту кезінде шешіледі.
- Қарағанды қаласының Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының 2014 жылдың 17 сәуіріндегі ұйғарымымен С. И. В.-ның С. В. А.-ға медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді мәжбүрлеп орындауға мәжбүрлеу туралы талап арызы қабылданбаған. Сонымен бірге арыз азаматтық сот өндірісінде қабылдауға және қарауға жатпайтындығына байланысты талап арызды қабылдаудан бас тартылған. Сот аталған жағдайда медиация соттан тыс тәртіпте жүргізілгендігі, осыған байланысты орындау тәсілін өзгерту және келісімді мәжбүрлеп орындауға айналдыру мүмкін еместігін дұрыс көрсетілген. Тараптар арасындағы дауды сотқа дейін реттеу келтірілмегені және талапкер жалпы тәртіпте ортақ мүлікті бөлу туралы және кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы тарау бойынша талап арызбен жүгіне алатындығы түсіндірілген.
Бітімгерлік келісімді бұзу
Азаматтық істі қарау барысында тараптармен қол жеткізілген және сотпен бекітілген бітімгерлік келісім Азаматтық Кодекстің 401-ші бабының 2-ші бөлігі тәртібінде жоғарыда баяндалған жағдайлар бойынша, азаматтық процесс барысында медиация жүргізу бойынша қол жеткізілген және сотпен бекітілген медиативтік келісімді бұзу сұрақтарына қатысты бұзуға немесе өзгертуге жатпайды. Бұл: барлығына қатысты заңды күшіне енген сот актісін мүлтіксіз орындау міндеттілігі; келісім бекіткен тұлғаның өтініш хаты бойынша сотпен берілетін орындау парағы негізінде бітімгерлік келісімді мәжбүрлеп орындау құқығы; іске қатыспайтын мүдделі тұлғалардың жоғары тұрған сот инстанциясына бітімгерлік келісім бекіту туралы ұйғарымына шағымдану немесе сотқа қайта ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арызбен жүгіну құқығы; сол нысан бойынша шығарылған және соттың сол шешімдері бойынша немесе талапкердің талап арыздан бас тартуымен байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату туралы соттың ұйғарымы бар немесе тараптардың бітімгерлік келісім туралы бекітуі, медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісім бар істер қарау мүмкіндігінің жоқтығы.
1Талапкер С. М.К. сотқа 2013 жылдың 17 шілдесінде бекітілген бітімгерлік келісімді бұзу туралы талап арызымен жүгінген, бұны тараптармен бітімгерлік келісім шарттарын орындауымен дәлелдеген. Жауапкермен қазақ уақыт бойы, атап айтқанда 2013 жылдың 18 шілдесінен 2013 жылдың 01 желтоқсаны бойы пәтерді сату бойынша ешқандай шара орындалмаған, атап айтқанда пәтерді сату туралы хабарландыру қалалық және облыстық БАҚ берілмеген, бұл жауапкер тарапынан шарт талаптарын бұзу туралы куәландырады. Талапкермен өз кезегінде бірнеше рет жазбаша хабарландырулар жарияланған, алайда пәтердің сату құнының тым жоғары болуына байланысты сатып алушылар табылмаған. Сотта талапкер талап арызын қолдаған, жауапкер У.В.И. талап арызды мойындаған. Сот талап арыздымойындауды қабылдаған, 2013 жылдың 17 шілдесінде сотпен бекітілген бітімгерлік келісімді бұзған, бұл ешкімнің құқықтары, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбайтындығын көрсеткен. Бұнымен қоса, сот Азаматтық Кодекстің 401-нің бабының 1-ші бөлігінің нормаларына сілтеме жасаған, яғни егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн. Сонымен бірге сотпен бірі тараптың екінші тараппен шартты едәуір бұзған кезде талабы бойынша шартты бұзу көзделген Азаматтық Кодекстің 401-нің бабының 2-ші бөлігіне сілтеме жасаған. Аталған шешімнің заңдылығы күдік тудырады. Жауапкермен бітімгерлік келісімнің бұзылуы, талапкердің бітімгерлік келісім бекіткені туралы соттың ұйғарымын мәжбүрлеп орындау құқығына жетелейтіндігін туындатады. Орындау өндірісі барысында сот актілеріне орындау мүмкінділігі болмағанда, Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 240-шы бабына сәйкес шешімге қаулы қабылдаған немесе іс бойынша бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысын орындау орны бойынша сот орындаушысының өтінімі бойынша немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы бойынша орындау іс әрекетін жүргізуді қиындататын немесе мүмкін емес ететін мәнжайлар болған кезде сот қаулысының орындалуын кейінге қалдыруы немесе мерзімін ұзартуы, сондай-ақ оны орындау әдісі мен тәртібін өзгертуі мүмкін. Сонымен бірге, «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының беделі туралы» Заң ережелеріне сәйкес атқару өндірісі барысында талаптар бітімгерлік келісім бекітуге құқылы. Құқықтанушылар арасында бітімгерлік келісімді бұзу мүмкіндігі туралы пікір орын алған. Әрі бітімгерлік келісім талап арызда баяндалған тараптар арасындағы құқықтық қарым-қатынастар кешенін жәй ғана өзгертпейтін, алмастыратын және қысқартатын мәмле ретінде қарастырылады. Аталған жағдайда бітімгерлік келісім талаптарын бекіту бойынша соттың қызметі азаматтық процесс тараптары арасындағы мәмлені куәландыру ретінде бағаланады. Алайда сот Азаматтық іс жүргізу Кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес сот актілерінің қарарлық бөлігінде жариялануы тиіс бітімгерлік келісімнің талаптарын куәландырмайды, керісінше бекітеді. Осыған сәйкес бітімгерлік келісімнің талаптарынан туындайтын тараптардың құқықтық қарым-қатынастары қарапайым мәмле ретінде қарауға болмайды. Сотпен бітімгерлік келісімді бекіту тараптың екінші тараппен бітімгерлік келісімнің талаптарын орындамаған немесе сәйкес жолмен орындамаған жағдайда, мәжбү
Нормативтік құқықтық база:
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Медиация туралы Заңы»,
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (24-тарау),
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы