Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Мемлекеттік сатып алу туралы

Мемлекеттік сатып алу туралы

Мемлекеттік сатып алу туралы

  Мемлекеттік сатып алу туралы

Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі нормативтік актілер

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (әрмен қарай- ҚР АК),

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (әрмен қарай- ҚР АПК),

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі,

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі,

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ,

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» (әрмен қарай- Ережелер).

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шаралары Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен анықталады.

Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады.

Экономиканың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1- бабының 6-тармақшасының және «Мемлекеттік мүлік туралы»  

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңының 166-бабының 4-тармағымен реттеледі, оған сәйкес ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, Қор және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қордың директорлар кеңесі бекітетін қағидалар негізінде жүргізіледі.

Сөйтіп, ел экономикасының квазимемлекеттік секторы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының шеңберінен шығарылған деуге болады.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы қабылданып, оның 6-тармағында бұрынғы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 9-тармағына сәйкес, өнім берушіні шартты жасасудан жалтарған деп танылуы бойынша соттар қателіктер жібермеген, ол туралы 2016 жылғы аталған санаттағы істерді қарау тәжірибесі дәлел.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысының 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы даулар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде туындайтын талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралатын дауларға жатады.

Аталған Нормативтік қаулының 2-тармағында осы қорытындылау жасалып отырған санаттағы істердің соттылығы туралы түсіндірулер берілген.

Осы санаттағы істерді мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды.

Орындалу орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талаптардың, талап қоюшының таңдауы бойынша, АІЖК-нің 30- бабының 6-бөлігіне сәйкес, шарттың орындалатын жері бойынша да қойылатынын соттардың назарда ұстағандары жөн.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағы 4-тармақшасына, 24-бабының 1-тармағына және 38-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы даулар бойынша талап қою талапкердің қалауы бойынша шарттың орындалу жері бойынша қойылуы да мүмкін.

Бірыңғай Жіктегіштің мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы және айыппұлды өндіру туралы талаптары бойынша азаматтық істер мемлекеттік сатып алуға байланысты барлық даулардың басым көпшілігін құрайды.

Сот актілерін талдау көрсеткендей, соттар өндірісті анықтау тәртібі мен соттылығы туралы ережелерді бұзбаған.

Бірыңғай Жіктегішке салынған азаматтық істердің шешімдеріне сәйкес, осы санат бойынша талапкерлер жауапкерлерге мынадай талаптар қойған:

- әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы; - сомманы өндіру туралы (төлеу, айыппұл және басқа да төлемдер);

- тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысының, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының, комиссияның, сарапшының, бірыңғай операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым келтіру;

 - шартты бұзу немесе оған өзгертулер енгізу туралы;

- шартты орындауға мәжбүрлеу туралы.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес, Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі мынадай:

1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Заңда әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап беру мерзімі көрсетілген.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алып тасталады.

Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауына болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлемақы алынбастан, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі – мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 2), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірі:

1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс);

2) аукциондарда;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) бір көзден алу;

5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.

Мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iсәрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

Шығарылған шешімдердің мазмұнынан белгілі болғандай, осы санаттағы істер бойынша талапкерлер жауапкерлерге мынадай талаптар қойған: мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы (конкурстық комиссияның шешімдерін, хаттамаларын заңсыз деп тану туралы). «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі оның өткізіліп отырған мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергі келтіреді, оған өзін ұсынуы оның әрекеттерінің адал еместігін білдіреді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзуға байланысты даулар, соның ішінде шартты жасауға жататын даулар

Кассациялық сатыда осы жол бойынша бір іс түзетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №3гп-17-16 Қаулысымен Астана қаласы прокурорының мемлекет мүддесінде «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, «Заводстрой» ЖШС-не 2014 жылғы 3 қазандағы мемлекеттік сатып алу туралы №14/53 шартты жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша «Заводстрой» ЖШС-нің Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі азаматтық сот алқасының 2015 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымын және шешімді, Астана қаласы сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 29 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы «Заводстрой» ЖШС-нің өтінішімен түскен, Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі азаматтық сот алқасының 2015 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымы және шешімі, Астана қаласы сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 29 шілдедегі қаулысы бұзылған. Астана қаласының МАЭС 2015 жылғы 19 ақпандағы шешімі күшінде қалдырылған.

Кассациялық сот алқасының қаулысымен анықталғандай, 2014 жылғы 22 қыркүйекте Құрылыс Басқармасымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Инженерлік жүйе құрылысы» жұмыстарын өткізу үшін, сыртқы инженерлік жүйенің құрылысы бойынша және Абылай хан даңғылы, Б.Момышұлы даңғылы мен Р.Қошқарбаев көшесінің бұрышында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенін айбаттатандыру бойынша электронды конкурс тәртібімен мемлекеттік сатып алу өткізілген. 2014 жылғы 26 қыркүйектегі конкурс нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес, «Заводстрой» ЖШС-і жеңімпаз деп танылған. Құрылыс Басқармасы мен «Заводстрой» ЖШС-і арасында 2014 жылғы 3 қазанда электронды конкурс тәртібімен мемлекеттік сатып алу туралы 1.647.573.841 теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы №14/53 шарт жасалған, жұмыстардың орындалу мерзімі 2015 жылғы 20 желтоқсан деп, шарттың әрекет мерзімі 2015 жылғы 20 желтоқсан деп көрсетілген

Талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, бірінші саты соты Серіктестік конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, біліктілік туралы мәліметтерде жалған мәліметтер көрсетілмеген, сонымен қатар сот осы шарт бойынша жұмыстардың 50% астамы орындалған.

Талапты қанағаттандыра отырып, апелляциялық саты келесі қорытындыға келген, конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде, Серіктестік біліктілік туралы мәліметтерде арнайы техниканың бар екендігі туралы жалған мәліметтер берген, ал аталған техника өкілетті органдарда тіркелмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға байланысты  шартты орындау туралы даулар бойынша

Тәжірибе талап қоюшымен берілетін талаптардың негізгі бөлімімемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері негізінен: өнім берушілердің шарт жасасудан жалтаруы, мемлекеттік сатып алу бойынша олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше түрде орындамауы, шарттың талабын орындауға және шартты бұзуға мәжбүрлеуді көрсетеді.

Тапсырыс берушілерімен талап арыз тараптармен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарға өзгерістермен, толықтырулар енгізу, орындалатын жұмыстың мерзімдерін ұзарту, орындалған жұмыс актілерін шын деп тану және сол бойынша ақы төлеу туралы талаптар ұсынылады.

Сонымен бірге соттар қосымша шарттар жасалағанда тараптармен заң талаптарының сақталуын тексереді. («Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында) бөлек сатыдағы шарттардың тіркеу міндеттілігі бөлігі қарастырылған.

Тапсырыс берушіге шарттың талаптарына өзгерістер енгізуді мәжбүрлеу талаптары, анық айтқанда құрылыстық мердігерлік жұмыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың жобалау-сметалық құжаттамасына түзету енгізу туралы даулар бойынша талап арыздарды қараған кезде, соттар жобалау-сметалық құжаттама шартының талаптарына сүйеніп, олардың шарттары бойынша жұмыстың(істелінген қызмет) сәйкестігін тексереді.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 10 бөлімінде көрсетілген, бұрынғы қолданыстағы Заңның 39 бабында (Қазіргі Заңда 45 баптың 2 бөлімінің 2 тармақшасы) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізу негіздемесі көзделген, Заңның 45 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасы ұлғайтылатынын қарастырады.

ҚР АК-нің 386 бабының талаптары күшінде шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393-бабы).

Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы.

Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады. Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 нормативтік қаулысының 10 бөлімінің талаптары күшінде АК-нің 386- бабына сәйкес, шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарт бойынша міндеттемелердің тоқтауына әкеп соғатындықтан, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер оның қолданылуы кезеңінде енгізілуі мүмкін.

Сонымен, мысалы шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауда тапсырыс берушінің өзімен тиісті құжаттарды ұсыну міндеттері бұзылған кезде, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жалған пиғылды қатысушы деп танып, тиісінше орындалмаған шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыру үшін соттар кері қайтарып алатын тәжірибелер жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 668 бабының 1 бөлімінің талаптарына сәйкес жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 заңының 63 бабының 3 бөлімінің 1 тармақшасында, сонымен қатар «Құрылысқа келісу, бекіту және жобалау құжаттамасының жасау тәртібі бойынша» 1.02.-03-2011 ҚР ҚН-ның 5.4 және 5.5 тармақшаларында ұқсас нормалар қарастырылған.

«ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 45 бабының 2 бөлімімен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу негізінде толық тізім қарастырылған. Өзгеріс енгізу үшін сапасының тұрақтылығы және өнім берушіні таңдау үшін негіз болуға басқа шарттар міндетті талаптар болады.

ҚР АК-нің 402 бабының 2 бөліміне сәйкес шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

Жоғарыда көрсетілген заң нормаларынан, шарт ережелерін өзгерту талаптары туралы дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңмен белгіленген.

ҚР АПК-нің 279 бабының 1 бөліміне сәйкес талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қою арызын қараусыз қалдырады.

Зерделеу бірінші сатыдағы соттармен жоғарыда көрсетілген заң талаптары сақталатынын, мазмұндалған процестік нормалардың есебінсіз шығарылған шешімнің күшін жою немесе өзгерту болмағанын көрсетті. АК-тің 386 бабының 3 бөліміне сәйкес егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 10 бөлімінде мемлекеттік сатып алу шартына оның қолданыстағы мерзімінде ғана өзгеріс енгізу қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу шарттарын тіркеу

ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 46 бабының 1 бөлімі күшінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен анықталған. (бұған дейін осыған ұқсас ҚР ҚМ 2008 жылғы 19 желтоқсандағы №588 бұйрығы қолданыста болған).

Берілген бұйрықа сәйкес, 100 АЕК-тен аспайтын сомадағы мәмілені тіркеу қажет етпейді.

Бұл жағдайда төлемді өткізу есепшот негізінде төлеу бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 161 бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген азаматтыққұқықтық мәмілелерді тіркеу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Жоғарыда келтірілген талаптарға, Бюджет кодексінің 97 бабының 4 бөліміне, ҚР АК-нің 155 бабының 1 бөлімі, 382 бабының 1 бөлімініе сәйкес мәмілелердің міндетті тіркелуі тараптардың келісімімен анықталмайды, ерекше заңмен анықталады.

«ҚР Мемлекет сатып алу туралы» Заңның 46 бабының 2 бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 161 бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген азаматтыққұқықтық мәмілелерді тіркеу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Жоғарыда келтірілген талаптарға, Бюджет кодексінің 97 бабының 4 бөліміне,

ҚР АК-нің 155 бабының 1 бөлімі, 382 бабының 1 бөлімініе сәйкес мәмілелердің міндетті тіркелуі тараптардың келісімімен анықталмайды, ерекше заңмен анықталады.

«ҚР Мемлекет сатып алу туралы» Заңның 46 бабының 2 бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 нормативтік қаулысының 10 бөлімінің талаптары күшінде АК-нің 386- бабына сәйкес, шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарт бойынша міндеттемелердің тоқтауына әкеп соғатындықтан, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер оның қолданылуы кезеңінде енгізілуі мүмкін.

Сонымен, мысалы шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауда тапсырыс берушінің өзімен тиісті құжаттарды ұсыну міндеттері бұзылған кезде, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жалған пиғылды қатысушы деп танып, тиісінше орындалмаған шартты бұзу туралы талабын қанағаттандырудан соттардың бас тартатыны сот тәжірибелерінде жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 668 бабының 1 бөлімінің талаптарына сәйкес жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 заңының 63 бабының 3 бөлімінің 1 тармақшасында, сонымен қатар «Құрылысқа келісу, бекіту және жобалау құжаттамасының жасау тәртібі бойынша» 1.02.-03-2011 ҚР ҚН-ның 5.4 және 5.5 тармақшаларында ұқсас нормалар қарастырылған.

«ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45 бабының 2 бөлімімен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу негізінде толық тізім қарастырылған. Өзгерістер енгізу үшін сапасының тұрақтылығы және өнім берушіні таңдау үшін негіз болатын басқа жағдайда міндетті талаптар болады.

 ҚР АК-нің 402 бабының 2 бөліміне сәйкес шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады. Жоғарыда көрсетілген заң нормаларынан, шарт ережелерін өзгерту талаптары туралы дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңмен белгіленген.

ҚР АК-нің 279 бабының 1 бөліміне сәйкес талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қою арызын қараусыз қалдырады.

АК-тің 386 бабының 3 бөліміне сәйкес егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 10 бөлімінде мемлекеттік сатып алу шартына оның қолданыстағы мерзімінде ғана өзгеріс енгізу қарастырылған.

Шарттық тұрақсыздық айыбына қатысты

              ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 1 бөлімімен шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалатын қарастырылған.

Берілген баптың 13 бөлімі ережелері күшінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартының 7.3 тармақшасымен (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 19- қосымша) Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте 7.3 тармақшасына сәйкес тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

Үлгілік шарттың 7.4.тармақшасына сәйкес Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

Сот тәжірибесі талапкерлер (тапсырыс берушілер) сотқа Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартының 7.3,7.4 тармақшаларында көрсетілген әр түрлі құқықтық негізде қабылданған міндеттерді жауапкермен бұзылғанын негізге алып өнім берушіні мемлекттік сатып алудың жалған пиғылды қатысушы деп тану және айыпты өндіріп алу туралы талап арыз ұсынатынын көрсетті.

ҚР АК-нің 293 бабының талаптары күшінде борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

ҚР АК-нің 297 бабының талаптары күшінде егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы.

ҚР АК-нің 297 бабы жаңа редакцияда егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылығы көрсетілген.

Бітімгершілік келісім жасау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 9 бөлімімен Заңда әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Заңды бұзу фактісі анықталған жағдайда, тапсырыс берушінің осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіну міндеті көзделген. Сот талаптан бас тартуды қабылдауға және осы істер санаты бойынша бітімгершілік келісімді бекітуге құқылы еместігі көрсетілген.

ҚР АПК-нің 174 бабының 3 бөлімінің талаптарымен татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкіндігі анықталған.

Сондықтан, соттың талап арызды қабылдаудан және осы сатыдағы істер бойынша бітімгершілік келісім жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша тексеру актісіне уәкілетті органның іс-әрекетіне шағым жасауға жататын даулар

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағым жасау «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 9 тарауымен реттелген.

«ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 47 бабының күшінде әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Әлеуетті өнім берушінің шағымы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы уәкілетті органға берілуі мүмкін. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда, шағым келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Уәкілетті орган шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Осы баптың 2- тармағында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысының 12 бөліміне сәйкес әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса шағым беруге құқылы.

«ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 9 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушілердің сәйкес келмеуі олардың өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға кедергі келтіреді, мұндай жағдайда өтініш беруі оның әрекетінің жалған пиғылдылығын куәландырады.

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу