⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы

            Осы санаттағы істерді қарау кезінде сот тар Заңды, ал Заңмен реттелмеген мәселелер бойынша

 – АК-нің, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК),

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК), «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы ның 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит ту ралы заң) нормаларын және өзге де норма тивтік құқықтық актілерді басшылыққа алуы қажет.

Соттардың өнім берушіні таңдау және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туын дайтын, АПК-нің нормаларына сәйкес аза маттық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.

  1. АПК-нің 29-бабына сәйкес мемлекет тік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша беріледі.

Орындалатын орны көрсетілген мемлекет тік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бой ынша АПК-нің 30-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

Заңның 24-бабының 1-тармағына, 38-ба бының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді (баға ұсынысын) беру конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні көрсетілген тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қаты сушысы деп тану туралы талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша шарттың орын далатын жері бойынша да берілуі мүмкін.

           Мемлекеттік сатып алу қорытындылары на, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органның шешімдері не, сондай-ақ өткізілген мемлекеттік сатып алуды тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытын дыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (ор наласқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106-ба бының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыла рын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт ты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84 бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлі гінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, мамандандырылған ауданара лық әкімшілік сотта бірлесіп қарауға жатады.

Мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қо юшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейді.

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік са тып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ уәкілетті орган мен мемлекеттік ау дит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары ма мандандырылған ауданаралық әкімшілік сот тың қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байла нысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты рушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу ту ралы шарттарды орындаудан туындайтын та лап қоюлар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қарауына жатады.

           Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлі гінің 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік са тып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар мамандандырылған ауданара лық әкімшілік соттың қарауына жатады.

  1. Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тар мақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың ре спубликалық тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

Осыған байланы сты судья Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы бойынша мемлекет тік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы талап қоюды АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтындықтан, қа былдаудан бас тартуы тиіс.

Егер талап қою сот тың іс жүргізуіне қабылданса, сот осы бөлікте АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасының негізінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтату ту ралы ұйғарым шығарады.

Мұндай талап қою мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа келіп түскен кезде сот (судья) ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының негізінде талап қоюды әкімшілік сот ісін жүр гізу тәртібімен қарауға жатпауына байланы сты қайтару туралы ұйғарым шығарады.

  1. Соттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік са тып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшалармен бірқатар үл гілік шарттар (Мемлекеттік әлеуметтік тапсы рыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт, Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт, Көрсетілетін қызметтерді мемле кеттік сатып алу туралы үлгілік шарт және өз гелер) (бұдан әрі - Үлгілік шарт) бекітілгенін ескеруі тиіс.

Барлық Үлгілік шарттарда мазмұны бірдей «Даулы мәселелерді шешу» бөлімі көзделген, оған сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім бе руші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша немесе оған байланысты туындай тын барлық келіспеушіліктерді немесе дау ларды шешу үшін бар күш-жігерін салуы тиіс.

 Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші шарт бойынша дау ды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңна масына сәйкес шешуді талап ете алады.

Тараптар Үлгілік шартқа осы талаптардың негізінде қол қойып, дауды сотқа дейін реттеу дің көзделген тәртібін сақтайды. Демек, талап қою кезінде талап қоюшы да уды сотқа дейін алдын ала реттеудің шартта көзделген тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттарды қоса тіркеуге міндетті.

Дауды сотқа дейін алдын ала немесе соттан тыс реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын тиісті дәлелдемелердің болмауы АПК-нің 152 бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының не гізінде талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Осы ережелер әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қойылатын талап тарға қолданылмайды.

  1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жа сасудан жалтаруға байланысты әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі не енгізу туралы уәкілетті органның шешім деріне шағымдану туралы әкімшілік талап қоюларды қарау кезінде соттар мемлекеттік сатып алу жеңімпазының шартқа қол қою мін детін белгілейтін Заңның 43-бабы 3-тармағы ның талаптарын негізге алуы тиіс.

Шартқа қол қойылмаған жағдайда әлеует ті өнім беруші оған қол қою үшін өзіне бай ланысты барлық шараларды қабылдағанын, бірақ объективті, оның еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты оған қол қоя алмағанын дәлелдеуге тиіс.

  1. Мемлекеттік сатып алу туралы өнім бе рушілермен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түр де орындамаған өнім берушілерді мемлекет тік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюларды қарау кезінде соттар АК-нің 359-бабына сәйкес азамат тық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде өнім берушінің кінәсін және АПК-нің 6-ба бының бесінші бөлігіне сәйкес әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негіз ге ала отырып, Тапсырыс беруші үшін туын даған жағымсыз салдарларды назарға алуы қажет. Шарт тарабына шартты жасасу кезін де үміт артуына құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылуына келтірген залалды жағымсыз салдарлар деп түсінген жөн (АК нің 401-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы шарт тарапта рының жұмыстарды орындау мерзімін өзгер ту бөлігінде жасаған қосымша келісімдері де соттардың бағалауына жатады. Заңның 45-ба бында мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер ен гізудің негіздері белгіленген.

Осыған байланы сты, егер тараптар шартқа, жобалау-сметалық құжаттамаға Заңның 45-бабы 2-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес өзгерістер енгізбесе, онда мемлекеттік сатып алу тура лы жасалған шартта көзделген жұмыстарды орындау мерзімін өзгерту бөлігінде қосымша келісімдерге сілтеме жасау негізсіз болып та былатынын соттар назарда ұстауға тиіс.

  1. Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберу және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама бойынша өзіне жүктелген міндетті орындамауы уәкілетті органның әле уетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгі зу туралы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қоюды шарт жасасудан жал тару негізі бойынша қанағаттандыру үшін не гіз болып табылады.

Уәкілетті органның шарт жасасудан жал тару негізі бойынша әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы лардың тізіліміне енгізу туралы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қою әлеу етті өнім берушіден:

- шарт жасасудан жазбаша бас тарту;

- шарттың елеулі талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар;- орындалуы мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде көрсетілген талаптармен тапсырыс берушіге шартты жасасуға кедергі келтіретін өзге де жазбаша өітініштер түскен жағдайларда қанағаттандыруға жатпайды.

 Заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында ор наластырылған ақпаратта көрсетілген сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көр сетілетін қызметтердің) сипаттамаларының сипаттамасындағы Тапсырыс беруші жасасуға ұсынған шарт жобасының нақты талаптарына сәйкес келмеуі әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан босатады және әлеуетті өнім бе рушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтару негізі бойынша мемлекет тік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуді болдырмайды.

  1. Заңның 43-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданыл майды.

Соттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулы сымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана оты рып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс негізінде туындайтын дауларды қарау кезінде сатып алу жалпы негіз бен жүзеге асырылған даулардан болатын осы ерекшеліктерді ескергендері жөн.

Уәкілетті органның шешімі негізінде Заң ның 12-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың, мемлекеттік сатып алу ту ралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шеңберінде туындайтын құқықтық қаты настарға қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ерекше тәртіпті қолдана отырып жүргізілген конкурс бойынша деректер қамтылмаған дықтан, шарт жасасудан жалтарған кезде осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану ту ралы талап қоюлар сот тәртібімен қаралады. …

  1. Қағидалардың 218-тармағының 2) тармақшасына, 229-тармағына қатысты кон курстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім дердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында ғана тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратуға құқылы екендігі соттарға түсіндірілсін.

Конкурстық комиссия ның конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, ұсынылған құжат тарды ауыстыруға, Қағидалардың 219-тар мағында белгіленген мерзім өткеннен тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес кел тіруге байланысты сұрау салуына және өзге де іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. …

  1. Әлеуетті өнім беруші тапсырыс бе рушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты рушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, са рапшының, мемлекеттік сатып алу саласын дағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдде лерін бұзса:

1) уәкілетті органға;

2) сотқа шағым жасауға құқылы.

Талап қоюшының істердің осы санаты үшін Заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтауы міндетті болып табылады, олай болмаған жағдайда талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қайтарылуға жатады.     

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

           Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы