⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕ

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕ

Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау:

· мемлекеттік сатып алудың уақтылы және толық орналастыру жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап, он бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

· баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер веб-порталға орналастырылған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жүргізіледі.

· мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір кӛзден алу тәсілімен және (немесе) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы әлеуетті ӛнім берушіге қол қоюға жіберілген күнінен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

              · конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) бірінші бағыт: конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін; конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде;

2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде;

3) үшінші бағыт – веб-порталда алдын ала рұқсат хаттамасы орналастырылған күннен бастап, жеті жұмыс күн ішінде;

4) төртінші бағыт, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде камералдық бақылау жүргізу кезінде – Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының 5-тармағында көзделген шағымдар бойынша – Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ӛткен күннен бастап, он жұмыс күні ішінде.

Төртінші бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу кезінде әкімшілік рәсімге қатысушыға тыңдау шеңберінде (яғни, № 598 Қағидалардың 17-тармағының 4) тармақшасы шеңберінде) алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік берілді.

Бұл жағдайда ІМАД камералдық бақылау жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының 5-тармағына сәйкес келіп түскен шағымдарға жауаптың жобасын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің/МСА-ны ұйымдастырушылардың қатысуымен алдын ала талқылау үшін хабарлама жобасын мемлекеттік сатып алу веб порталында орналастырады.

Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес шағымға жауаптың жобасы немесе хабарлама жобасы орналастырылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі.

Тыңдау рәсімінің нәтижелері бойынша № 598 Қағидалардың 23 тармағында белгіленген мерзімнің соңғы жұмыс күні Департамент веб порталда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың ұстанымдары туралы, оның ішінде, осы Қағидалардың 22-тармағында кӛзделген ақпаратты қамтитын тыңдау хаттамасын орналастырады.

Камералдық бақылау жүргізу кезінде № 598 Қағидалардың 17 тармағына сәйкес тиісті бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу кезеңінде шағым берген адамның дәлелдері ескеріледі, яғни, ол мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады (Заңның 47 бабының 5-тармағы).

Уәкілетті орган шағым келіп түскен күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

Бұл шағым беру әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің орындалуын тоқтата тұратын ӘРПК-нің 96-бабының ережелерімен үйлеседі.

Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына әлеуетті өнім берушілердің шағымдары, оның ішінде, оларда көрсетілген Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулер берілмеген біліктілік талаптары қарауға жатпайды.

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстың қорытындылары Заңның 47-бабындағы тәртіппен шағымдануға жатпайтынын атап өткен жөн. МАжҚБ Заңының 30-бабы 4-бӛлігінің 1) тармақшасына сәйкес камералдық бақылаудың ден қою шаралары бірі барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу болып табылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде аумақтық бӛлімше камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жолдайды.

Хабарлама жария-құқықтық қатынастарда қабылданатын және белгілі бір адамның немесе жеке айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын әкімшілік акт болып табылады.

Хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі оны мемлекеттік аудит объектісіне тапсырған (алған) күннен кейінгі күннен бастап, он жұмыс күні ішінде орындайды. 

Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі

МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.

Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.

Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.

Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді. 

ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ

ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.

№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.

№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.

Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады. 

СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР

ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.

Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.

 Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.

Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.

Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.

Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады. 

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);

- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);

- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);

- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;

- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері. 

ҚЫСҚАРТУЛАР

әкімакт – әкімшілік акт

МСА – мемлекеттік сатып алулар;

ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау; 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы