Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Өтінішхат бейнежазбаны іске қоса тіркеу туралы

Өтінішхат бейнежазбаны іске қоса тіркеу туралы

Өтінішхат бейнежазбаны іске қоса тіркеу туралы

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты

Төрағалық етуші судья

Ж.С. Аятов мырзаға

Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы

іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға ТДХ

ЖСН ...,

мекенжайы бойынша тұратын: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, ..

ұялы телефон ..

өтінішхат.

Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты ТДХ қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің  610-бабы 1-бөлігімен келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы №5160-23-00-3/689 әкімшілік іс жұргізіп жатыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 744-бабына сәйкес өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға өтінішхаттар мәлімдеуге құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-бабына сәйкес Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:

1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 782-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргізуге қатысушылар болып табылатын адамдардан нәрселер мен құжаттарды қабылдау өтінішхат негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, соттан

- ТДХ қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің  610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс бойынша жол-көліктік оқиға орын алған жерде түсірілген бейнежазбаны іс материалдарына қоса тіркеуді сұраймын.

Қосымша: сығылған бейнежазба.

16.11.2023 ж.                                                          Х.Т.Д.

 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу