Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Қорғаушының Әкімшілік Іс бойынша ұстанымы

Қорғаушының Әкімшілік Іс бойынша ұстанымы

 Қорғаушының Әкімшілік Іс бойынша ұстанымы

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

 Түркістан облысы

Түлкібас аудандық соты

 

Г.Т. Саржанов адвокаттан

 

Іс бойынша ұстаным

  1. ҚР ӘҚБтК 610-б. 1-б. сәйкес «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу» жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Одан бөлек, хаттамада «материалдық залал» емес, «материалдық шығыМ» жазылып тұр. ҚР ӘҚБтК 767-б. 5) тармақшасына сәйкес «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi мән-жайлар дәлелденуге жатады». Бірақ не хаттамада, не басқа да іс материалдарында нақтыматериалдық залал келтiргені туралы деректер көрсетілмеген.

610-бап бланкеттік болып табылады, яғни заңмен тыйым салынған іс-әрекет көзделген басқа нормативтік-құқықтық актіге сілтеме жасайды. Хаттамада Жолда жүру ережесінің 11.81.2 тармақшасы жазылған, бірақ ондай нормативтік-құқықтық акт Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайды. Қазақстанда тек қана Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі Қағидалары қолданылады. Сөйтіп, уәкілетті тұлға өз ведомстволық нормативтік-құқықтық актісін білмей, Қазақстанда жоқ нормативтік-құқықтық актісіне сілтеме жасаған, бұл жайт әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасының жарамсыздығына әкеп соғады.

  1. Жол жүрісі Қағидаларының 11.81.2 тармақшасына сәйкес «реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде басып озуға тыйым салынады». Бірақ, іс материалдарына, Х. және куәлар Ахмедов, Кадирбековтың айғақтарына сәйкес жол-көліктік орын алған Атырау-Астархан тас жолы басты жол деп саналады және оның бағыты өзгертілмейді. Осыған орай басып озуға тыйым салынған жоқ. Басып озуға тыйым салынатын белгісі жолда орналастырылмаған.
  2. Жол жүрісі қағидаларының 11.77.2 тармақшасына сәйкес «Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші осы жолақ бойымен алда кетіп бара жатқан көлік құралы жүргізушісінің солға маневр жасау туралы сигнал бермегеніне көз жеткізуі қажет». Х.., куәлар А., К.айғақтарына сәйкес жәбірленуші С.тізгендеген автокөліктің сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші қосылмаған. Осыған орай, Х. басып озуы Жол жүрісі Қағидаларына сәйкес келеді деп есептеуге болады.

Сондай-ақ жәбірленуші Сабиева Жол жүрісі Қағидаларының 8.48 тармақшасының ережелерін бұзған, өйткені оған сәйкес «Сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не сол жаққа сол қолды созу не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол сол жаққа маневр жасау сигналы болып табылады», Х., куәлар А., К. айғақтарына сәйкес жәбірленуші Сабиева тізгендеген автокөліктің сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші қосылмаған және де С. сол қолы сол жаққа созылмаған болатын.

  1. ҚР ӘҚБтК 767-б. 3,4-б. сәйкес «Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі.

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес».

Осыған байланысты, құрметті сот, Х., куәлар А., К. істің материалдарында болып табылатын айғақтарын дәлелдемелер ретінде күші жоқ және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес деп тануды сұраймын.

Шешім қабылдау кезінде сот процестің барысында Х., куәлар А., К. берілген айғақтарын назарыңызға алуыңызды сұраймын.

Сөйтіп, сот процестің барысында Т. Д.Х. жол-көліктік оқиғасы бар болғанына кінәсіздігі куәлардың айғақтарымен және сот процестің барысында зерттелген жол-көліктік оқиғасының сызбасымен, фотосуреттер және бейнежазбасымен анықталды деп санаймын.

ҚР ӘҚБтК 741-б. 2-б. сәйкес «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады».

Жоғарыда айтылғанымның негізінде, ҚР ӘҚБтК 741-б. сүйене отырып соттан

- Х.Т.Д. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі тоқтатылуын сұраймын.

Адвокат                                                              Саржанов Г.Т.

 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы