⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар

Қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар

Қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар

Қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар

Қазақстанда өндіру және қайта өңдеу өндірісі дамыған және соңғы бес жыл ішінде бұл салалардың өсу қарқыны ұлғая түсуде. Қоршаған ортаның ластануына, тұтас алғанда Қазақстан экологиясының бұзылуына әкелетін ірі өндіріс обектілері салынып, қатарға қосылуда. Көп жылдар бойы республикада жиырма миллиард тоннадан астам қалдықтар жиналса, оның үштен бірі улы. Бұл қалдықтардың басым бөлігі – кен өндіру және қазбаларды қайта өңдеу өндірісі, қара металл, мұнай-химия кәсіпорындары, құрылыс материалдары өндірісі қызметінің нәтижесі.

Ірі компаниялар мен үкіметтің ауаның ластануына қарсы күрес бағдарламаларын жасақтауына қарамастан Қазақстанның экологиясы әлі де көп жақсартуды қажет етеді.

Көмірсутегін өндіру кезіндегі ілеспе және табиғи газды жою үлкен мәселе болып отыр. Ілеспе газды факелдерде жағу кезінде азот қышқылының, күкірт диоксидінің, күйенің ауаға шығарылуы орын алады.

Ең зиян өндірістер- Өскемендегі қорғасын-мырыш өндіру, Шымкенттегі қорғасын-фосфатты, Тараздағы фосфор өндіру орындары мен Ақтөбедегі хрокәсіпорыны Ең лас атмосфералық ауа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында.

              Қазақстан қалаларында ауаны ластауға көп үлес қосып отырған автокөлік транспорты.

Пайдаланылатын жанар май сапасының төмендігі, пайдаланылған газды тазарту сузгіштерінің болмауы, көлік шаруашылығындағы жылжымалы құрам жағдайының төмендігі, қалалардағы автокөлік санының артуы атмосфераға көп көлемдегі көміртек, қорғасын және т.б. тотықтарының шығарылуына әкеледі. Республиканың он бес қаласында атмосфералық ауаның лас заттармен ластануы жоғары деңгейде.

Ол қалалардың ішінде - Зыряновск, Ақтау, Теміртау, Тараз, Петропаволь, Шымкент, Алматы бар. Қалалардағы ауаның ластану деңгейінің жоғарылығы өндіріс технологияларының ескіруі, тазарту құрылғыларының тиімсіздігі, пайдаланылатын отын сапасының төмендігі салдарынан болып отыр.

Негізгі ластаушы заттар – шаң, күкірт диокиді, азот диоксиді, көмірсутегі, фенол, қорғасын, күкіртті сутек, хлорлы сутек, аммиак және т.б. Бұлардың әр қайсысы денсаулыққа өзінше теріс әсер береді.

Мысалы, шаң тыныс жолдарының, бауыр, қан ауруын тудырады. Қазақстанның ең шаңды қалалары- Ақтау, Атырау, Жезқазған, Семей, Өскемен.

Көміртек тотығының жоғары деңгейі Алматы, Ақтөбе, Қарағанда, Қостанай, Петропаволь, Павлодар, Семей және басқа да қалаларда байқалады. Қазіргі уақытта әр қызметтің экономикалық тиімділік факторы маңызды орынға ие болуда, осылайша қоршаған ортаны сауықтыруға және табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға бағытталған жаңа қалдықсыз, қалдығы аз, ресурсты үнемдеу технологиялары, қазіргі заманға сай тазарту құрылғылары және т.б. енгізілуде.

Алайда, сот практикасы көрсеткендей, біздің заңдылықтарда ластағаны үшін төлем төлеудің икемді механизмі, қоршаған ортаны қорғауға қатысты қызметке салық салу жеңілдігі, яғни дамыған Еуропа елдеріндегідей «жасыл» салық, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кәсіпкерлік, инновациялық қызметті қолдау және кәсіпкерлерді шығарылатын қалдықтар мен қоршаған ортаға зиянды заттардың тасталуы мен шығарылу көлемін азайтуға ынталандыруға және өндіріс қалдықтарын қайтадан пайдалануға тартуға бағытталған басқа да механизмдер, яғни кәсіпорындармен қоршаған ортаны қорғауға экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылмаған.

ҚР Экологиялық Кодексінде қарастырылған ынталандыру шаралары заңнамаларда оны жүзеге асырудың нақты жолдарын белгілейтін қажетті нормалардың болмауы салдарынан сұраусыз қалып отыр.

Қоршаған ортаға байланысты шағым арыздарды сот өндірісіне қабылдау кезіндегі сот тәжірибесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150,151,247-баптары талаптарына сәйкес келеді және дұрыс болып саналады. Жіктеуішке енгізілген құжаттарды зерделеуден талап арыздардың формасы мен мазмұны АІІК 14-тарауы талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.

Сот ісін жүргізу тілі тәртібінің бұзылғандығы анықталған жоқ.

Сот талқылауына істерді дайындау тиісті тәртіп бойынша жүргізіледі. Дайындық кезінде істің дұрыс шешілуі үшін маңызды болып саналатын жағдайлар нақтыланады. Тараптардың құқықтық қатынастары анықталады. Іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы мәселе шешіледі. Тараптарға сот талқылауына дәлелдерді ұсыну тәртібі түсіндіріледі. Істі сот талқылауына дайындау мерзімі , сондай-ақ істі қарау мерзімі сақталған.

Соттардың арыздарды қараусыз қалдыру туралы, арыздарды қабылдаудан бас тарту туралы және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарымдарының сараптамасы соттармен көрсетілген мәселелерді шешу кезінде процессуальдық заң нормаларының сақталғандығы көрінеді, сот актілерінде дәлелдер мен қабылданған шешімнің негіздері келтірілген.

Сот актілерін зерделеу талап арызды қабылдау кезінде соттармен талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады деген АІІК 31-бабы талаптарының сақталғандығын көрсетті.

Талап арыздарды қайтару негіздері

Талап арызды қайтару ҚР АІІК 154-бабымен қарастырылған.

Судья талап арызды, егер:

1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттауына жатпаса;

3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;

5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;

7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.

  1. Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.
  2. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
  3. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Негізінен талап арыздарды қайтару тәжірибесі дұрыс болып табылады, заң талаптарының бұзылуы анықталған жоқ.

Соның ішінде, Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Мир экологии» ҚҚ-ның ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалына қатысты қоғамдық тыңдауды, 2014 жылғы 05 желтоқсандағы қоғамдық тыңдау хаттамасын, 2015-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау іс- шаралары бағдарламасын және 2015 жылғы 11 наурыздағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы талап арызы кері қайтарылды.

Талап арызды кері қайтаруға негіз болған жағдай, ол 2015 жылғы 05 маусымдағы сот төрешісінің ұйғарымымен талап арызда жауапкер туралы мәліметтер көрсетілмегендіктен арыз қозғалыссыз қалдырылған болатын.

Берілген талап арызда жауапкер ретінде ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалы көрсетілген, алайда ҚР АІЖК 48- бабы 1- тармағымен жауапкерлер ретінде заңды тұлғалар қарастырылған. Осыған байланысты, аталған талап арыз ҚР АІЖК 155- бабы 2- тармағына сәйкес берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.

 Сондай-ақ, Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 25 тамыздағы ұйғарымымен «ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Жамбыл облысы бойынша экология Департаменті» РММ-нің С.И.Пакке қатысты жұмысын тоқтату жөніндегі талап арызы талапкер өкілі- департамент басшысы М.Конысбенковадан талап арызды кері қайтару туралы өтінішінің түсуіне байланысты кері қайтарылды.

Соттылық

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайтындығы қарастырылған.

 Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.

(Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып)

 ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

Көрсетілген нормалар бойынша бұл санаттағы істер мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қаралады.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 19 қаңтардағы ұйғарымымен «ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша экология Департаменті» РММ-нің А.Д.Абдировке, Б.М.Бейсембаевқа қатысты залалды өндіру туралы шағым арызы кері қайтарылды. Бұл ретте, талапкермен жауапкерлердің мекенжайы Астана қаласы, Жеңіс көшесі, 71 үй (111), 48 пәтер және Тлендиев к-сі, 15 үй, 4 корпус 97 пәтер деп көрсетілген.

Көрсетілген мекенжайлар Астана қаласы Сарыарқа ауданының территориясына кіреді.

Сот, жауапкерлер сот құзырына жататын аймақта тұрмайтындықтан, талап арызды жауапкерлер тұратын мекенжай бойынша Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына шағымдануы қажеттігі туралы ұсыныспен кері қайтарды.

Сөйтіп, біздің ойымызша шағым арыздардың соттардың қарауына жатпауы негізі бойынша кері қайтарылу тәжірибесі дұрыс болып табылады.

Сырттай өндіріс тәртібі бойынша соттардың азаматтық істерді қарау тәжірибесі туралы

Көрсетілген санаттағы істерді қарау АІІК 24-тарауымен қаралған шағымдық өндіріс тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ соттар көрсетілген санаттағы істерді шешу кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімдері туралы» және 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңдылығының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулыларын басшылыққа алады.

Істі сырттай өндіріс тәртібі бойынша қарауға нақты негіздемелер АІІК 260-бабында келтірілген.

Процессуальдық құжаттарды жасақтау сапасы

Сот актісінің айқын құрылымы болу керек, стилистік және граматикалық дұрыс жазылуы керек. Сондықтан, шешімді қабылдау кезінде судьялар процессуалдық заңнаманың заңдылық, негізділік және дәлелділік туралы талабын орындаумен қатар, оның мазмұны мен ресімделуіне де жауапкершілікпен қарауы керек.

Өйткені, процессуалдық құжаттардың сауатты мазмұны мен дұрыс ресімделуі судьялардың жоғарғы кәсіби мәдениетінің көрсеткіші және сот талқылауына қатысушылар мен басқа да тұлғаларға құрмет көрсетуі болып табылады.

Қазақстан Республикасы соттарының сот актілері азаматтық іс жүргізу кодексінің, сондай-ақ «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысы (ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 29 маусымдағы №6 және 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен бірге) ережелеріне сәйкес ресімделуге жатады. Сот актілері компьютерлік тәсілмен дайындалады.

Сот актілерін зерделеу көрсеткендей, сот актілерін дайындау кезінде соттармен шешінің мазмұнына қойылатын талаптар орындала бермейді, оларды немқұрайлы дайындау, тіпті анық орфографиялық және грамматикалық қателіктер жіберу фактілері де кездеседі. Бұл процессуалдық құжаттың құқықтық бағасын төмендетеді.

АІІК-нің 221-бабы 3-тармағына сәйкес шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

Орын алған сот практикасына сүйене отырып, шешімнің кіріспе бөлігінде өкілдердің құзыретін куәландыратын құжаттар (сенімхат, ордер) туралы мәліметтерді берілген күнімен бірге көрсету керек. Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының судьялары шешімнің қарар бөлігінде залал келтіруге тиісті сомманы қай шотқа аудару керектігі және банктік реквизиттері толық көрсетілмейді.

Бұл санаттағы іс өте күрделі болып келеді, судьялар тараптармен келтірілген дәлелдерді тексереді, зерттейді, шешімнің дәлелді бөлігінде оған құқықтық баға береді. Тұтастай алғанда, шешім «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысының талаптарына сәйкес келеді.

Қоршаған ортаны ластау субектілері, қоршаған ортаны қорғау объектілері

Қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру жөніндегі істер бойынша талапкер ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аймақтық құрылымдары, шаруашылық субектілері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен азаматтар қатысады.

Ластау субъектілері (залал келтіретіндер) ретінде кез келген мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Ластау көздері қоршаған ортаға лас заттарды немесе басқа да зиянды қалдықтарды шығаратын обектілер болып табылады. Қоршаған ортаны ластау тәсілдері болып табылатындар:

1) белгіленген нормалар мен ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық қызметтер;

2) табиғат пайдалануға байланысты емес басқа да заңға қайшы қызметтер;

3) апаттар мен қираулар;

4) ел аумағына экологиялық қауіпті тауарлар мен заттардың әкелінуі;

Экологиялық құқық бұзушылық обектілері болып табиғи ресурстармен (топырақ, жер қойнауы, су, орман және басқа да өсімдіктер, жануарлар дүниесі) қатар, табиғат ресурстарына жатпайтын табиғи обектілер (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атмосфералық ауа, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер және т.б.) табылады.

Сонымен бірге, экологиялық құқық бұзушылық обектілері болып ауарайы мен табиғи экологиялық жүйелер, табиғат пайдалану саласындағы басқарушылық қатынастар, меншік құқығы қатынастары мен басқа да табиғат ресурстарына құқықтары табылуы мүмкін.

«ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облысы бойынша экология Департаменті» РММ «Теңізшевройл» ЖШС-нен 34 131 297 879 теңге көлеміндегі экологиялық залал сомасын өндіру туралы сотқа шағым түсірді. Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен талап арыздан бас тартылды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, талапкер сотқа төмендегідей дәлелдемелер келтірген.

Яғни, 2010 жылғы 10 маусымда жаңа рұқсат құжатының берілуіне байланысты бұрын берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжатының күші жойылады. 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат құжатта ластағыш заттарды шығаруға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде, өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) 7 882,482 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде лимиттер қарастырылып, ал лас заттарды лақтыруға лимит қарастырылмаған.

Бұл экологиялық рұқсат құжатының қызмет ету мерзімі 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Сондай-ақ, 2011 жылдың 01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз эмиссиялар жүзеге асырылған.

Сотта «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғаны белгілі болды.

Сонымен бірге, өндірістік қажеттілікке (мұнай өндіруді арттыру, шарасыз жағу, 800 қондырғысындағы қосу-реттеу жұмыстары, РПН Т1-Т8 резервуарларын пайдалану, жаңа және жаңартылған қондырғыларды іске қосу) байланысты Серіктестік 2010 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде қосымша эмиссия көлеміне 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған.

 Сондай-ақ, 2011 жылғы 15 сәуірде Серіктестік Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде 2011 жылдың 15 сәуірінен 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған.

Сот Талапкердің жаңа рұқсат құжатын алуына байланысты бұрынғы рұқсат құжаты автоматты түрде күшін жояды деген дәлелдерін төмендегілер негізінде негізсіз деп есептейді. Рұқсат құжатын алу кезінде, 2009 жылдың 01 желтоқсанында және 2010 жылдың 10 маусымында қолданыста болған ЭК 77-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат бергеннен кейін күшін жоюы мүмкін екендігі қарастырылдған.

ҚР 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңымен ЭК 77-бабының 2 және 3 тармақтарына өзгерістер енгізіліп, 2-тармақта «тоқтатылуы мүмкін» деген сөз «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылды, 3-тармақта «оның күшін жоюы мүмкін» деген сөздер «оның күшін жою бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған шаралар қабылдайды» деп ауыстырылды.

Алайда, сотпен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген органмен қолданыстағы рұқсат құжатының күшін жою жөнінде жазбаша ескерту берілмегендігі анықталды. Осылайша, мемлекеттік уәкілетті орган болып саналатын Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті 2010 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-не қосымша эмиссия көлеміне рұқсат бере отырып, бұрынғы қолданыстағы рұқсаттың күшін жоймауға шешім қабылдаған.

Сондай-ақ, бұл жағдай Атырау облысы бойынша экология Департаментімен Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2010 жылдың 15 наурызынан 2011 жылдың 5 қаңтарына дейінгі аралықтағы қызметіне жүргізген жоспарлы тексеру актісімен де расталып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылғы 05 қаңтардағы акт жасақталған.

Тексеру актісінде кәсіпорын 2010 жылы төмендегідей қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарына сәйкес табиғат пайдалануды жүзеге асырғандығы көрсетілген: 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат 344,18 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін қоршаған ортаға эмиссияға бірнеше рұқсаттар берілген:

Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2010 жылы 262 504,084 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат;

Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 7 882,482 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат;

Сондай-ақ, тексеру актісінде кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы табиғат пайдалануға рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғандығы көрсетілген. Рұқсат құжатымен 2010 жылы 56 588,7 тоннадан/жылына , 2011 жылы 57 964,76 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық берілген.

Сонымен бірге Серіктестікпен 2010 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылы қоршаған ортаға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық беретін қосымша рұқсат құжаты алынған.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экология Департаментімен Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2011 жылдың 06 қаңтарынан 2011 жылдың 18 қарашасына дейінгі аралықтағы қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылғы 07 қарашадағы акт жасақталған.

Тексеру актісінде кәсіпорын 2011 жылы қоршаған ортаға эмиссияны төмендегідей табиғат пайдалануға рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғандығы көрсетілген: 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат, 7,033,3663 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді; 2011 жылғы 15 сәуірдегі рұқсат, 4256,7552 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді. Жоғарыда көрсетілген актілердің ешкіммен күші жойылмаған және қолданыста бар. Осылайша, экология Департаменті жоспарлы тексеру барысында «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2010 және 2011 жылдарғы эмиссияға барлық қажетті рұқсат құжаттарының бар екендігін дәлелдеп, негізгі рұқсатқа қосымша рұқсат алудың негізділігін растады.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 19 наурыздағы талдау қорытындысы, 2009 жылғы 01 желтоқсандағы, 2010 жылғы 10 маусымдағы берілген рұқсат құжаттар 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсаттың негізгі рұқсат құжатына қосымша берілгендігін көрсетті. Қолданыстағы заңдылық қоршаған ортаға қосымша эмиссия көлеміне рұқсат беруге тыйым салмайды. Сондай-ақ, сот қарауы кезінде жауапкермен талап мерзімінің өткендігін қолдану туралы шағым берілді.

Атырау облысы бойынша экология Департаменті 2011 жылғы 05 қаңтарда және 2011 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің қызметіне тексеру жүргізген кезде экологиялық заңдылықтардың бұзылғандығы туралы білуі керек еді. Сотпен талап мерзімінің өтуі қолданылды. Шешімге апелляциялық және кассациялық сот алқасына шағым жасалып, өзгеріссіз қалдырылды.

 «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облысы бойынша экология Департаменті» ММ (бұдан әріДепартамент) « Гормолзавод» ЖШС-нен 4 160 407 теңге көлемінде залал өндіру жөнінде, төмендегілерді көрсете отырып, сотқа шағым түсірді.

Департамент Ақмола облыстық прокуратурасының 2014 жылғы 05 наурыздағы ұсынысын орындау мақсатында «Гормолзавод» ЖШС –нің табиғат қорғау заңдылығын сақтауына камералдық бақылау орнатқан. Департаменттің камералдық бақылауы нәтижесінде кәсіпорынның 2012 жылдың 01 қаңтарынан 22 мамырына дейінгі аралықта қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз өз жұмысын жүзеге асырғаны белгілі болды. «Гормолзавод» ЖШС тапсырылған декларацияға сәйкес 2012 жылдың 1, 2 тоқсанында қоршаған ортаға эмиссия үшін Салық кодексінің 492-бабы 3-тармағы және 495-бабы 10-тармағымен белгіленген тәртіпте, он еселенген көлемде төлемақы жасаған.

Сонымен бірге, талапкер Экологиялық кодекстің 101-бабы 5- тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайтындығын көрсетеді. Өз жұмысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз жүргізуі нәтижесінде «Гормолзавод» ЖШС ауаға ластағыш заттарды шығару арқылы қоршаған ортаға залал келтірген.

Экономикалық залал есебіне сәйкес қоршаған ортаға 4 160 407 теңге сомасында залал келтірілген. Іс материалдарынан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат «Гормолзавод» ЖШС-мен 2012 жылғы 22 мамырда алынғандығын көруге болады.

Талапкермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қаулысына және ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы №24 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, аталған қаулыда көрсетілген формула бойынша есептелген 4 160 407 теңге сомасында залал есебі шығарылды. Сотпен есептеулер тексеріліп, дұрыстығы анықталды.

Жауапкердің Департаменттің экономикалық залал бағасын анықтау үшін бір айлық мерзімді сақтамауына қатысты дәлелдемелері белгіленген мерзім түбегейлі болы есептелмейтіндіктен даудың мәніне әсер етпейді Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 15 қаңтардағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, мемлекет пайдасына «Гормолзавод» ЖШС 4 160 407 теңге залал өндірілді.

Соттар қоршаған ортаға келтірілген залал өндіру есебін тексермейді, олар экология департаментімен ұсынылған есепті негізге алады.

Сонымен, «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облысы бойынша экология Департаменті» РММ (бұдан әрі -Атырау облысы бойынша экология Департаменті) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» Компанияларының (бұдан әрі - жауапкерлер) үстінен 20 763 165 тенге көлемінде экологиялық залал сомасын өндіру жөнінде сотқа шағым түсіріп, 2013 жылғы 17 қазанда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясымен мұнай мен газды кешенді дайындаудың факельдік қондырғысында 220 000 ст.м 3 көлеміндегі күкіртсізденген отындық газдың жануына жол беріліп, нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз ауаға ластағыш заттардың шығуы жүзеге асқанын алға тартты. Келтірілген деректер 2014 жылғы 07 сәуірдегі тексеру нәтижесі туралы актімен расталады.

Бұл дерек бойынша Аджип ККО компаниясына қатысты ҚР ӘҚБ кодексінің 243-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 3 096 953 тенге сомасында айыппұл салынған. Бұл шығарынды бойынша ауаны ластағаны үшін залал бағасы 20 763 165 тенге көлемінде анықталды. Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 26 ақпандағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

Сотпен қаулы етілді: «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясынан мемлекет пайдасы үшін 20 763 165 тенге өндірілсін. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясынан мемлекет кірісіне 622 895 тенге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілсін. Талап арыздың қалған бөлігінен бас тартылды. Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешіміне өзгеріс енгізілді.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясынан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы мемлекет пайдасына шешілген 20 763 165 тенге 15 226 321 тенгеге дейін, мемлекет кірісіне өндірліген мемлекеттік баж салығы 622 895 тенгеден 456 789 тенге азайтылды, сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылды.

Апелляциялық сот алқасымен жеке ұйғарым шығарылып, «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облысы бойынша экология Департаменті» РММ басшысының назарына талапкердің заңдылықты сақтамау фактілері орын алғандығы, алдағы уақытта бұндайға жол бермеу керектігі берілді.

Сот шешімін өзгертуге зиян келтіру кезеңі мен залал өндіру мөлшерін анықтау кезінде бірінші сот сатысының төмендегі жағдайларға сүйенгені негіз болды: жауапкер 2013 жылдың 24 қыркүйегінен 2013 жылдың 17 қазаны аралығында тиісті рұқсат құжатынсыз ауаға ластағыш заттарды шығарды, талапкердің есебі бойынша бұдан келтірілген залал 20 763 165 тенгені құрады; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №535 «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес залалды есептеу өндірісінде талапкер шығарылған (тасталған) ластағыш заттардың саны мен көлемі туралы мәліметтерді жоғарылатылған К/2-1,5 экологиялық тәуекел коэффициентіне сүйене отырып шығарған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешімнің негізіне алынған бірінші сот сатысының тұжырымын қате деп таныды. Апелляциялық сот алқасы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес көрсетілген өлшем заң бұзушылықтың осы түрі залал келтірген заңды тұлға тарапынан соңғы үш жыл ішінде төрттен онға дейін кездескен жағдайда қолданылады деп есептейді.

Есептеу өнідірісі кезінде талапкермен көрсетілген коэффициентті негізсіз есептеуге жол берілген, өйткені АІІК 65, 66-баптарына сәйкес істі апелляциялық қарау кезінде бірнеше мәрте заң бұзу, яғни залал келтірген заңды тұлға тарапынан төрттен онға дейінгі заң бұзу жағдайы дәлелденген жоқ. Осыған байланысты, заң бұзушылықтың осы түрі залал келтірген заңды тұлға тарапынан соңғы үш жыл ішінде бірден төртке дейін кездескен жағдайдағы сол Ережемен белгіленген К2-1,1 экологиялық тәуекел коэффициенті қолданылады.

Залалды төмендетілген К2-1,1 коэффициентімен қайта есептеу кезіндегі сома 15 226 321 тенгені құрады. Есеп апелляциялық сот сатысының тапсырмасы бойынша талапкер өкілдерімен жүргізілді. Атырау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 07 қазандағы қаулысымен апелляциялық алқаның 2015 жылғы 18 мамырдағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкер «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» Компаниясының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қоршаған ортаға эмиссиялар

Экологиялық кодекстің 1-бабы 1 тармағының 43), 44), 71), 89) тармақтары бойынша табиғи ресурстарды пайдалану мен (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болып табылады. Қоршаған ортаға эмиссиялар ластаушы заттардың шығындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау болып табылады.

Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер- қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі уәкілетті органмен белгілі бір мерзімге белгіленеді. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруға құқық беретін жеке және заңды тұлғалардың құжаты экологиялық рұқсат қағазы болып саналады.

Экологиялық кодекстің 69-бабына сәйкес жылжымайтын көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтініміне сәйкес Экологиялық кодекспен белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 Бүгінгі күні сот тәжірибесінде қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссиялар шығару және арнайы табиғат пайдалануды рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жөніндегі талап арыздарды шешу бойынша бірыңғай көзқарас қалыптаспай отыр. Кей жағдайларда соттар осындай дауларды шешу барысында рұқсат құжаттары ластаушы заттардың шығындыларын, төгінділерін, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау құқығына беріледі дегенге сүйенеді.

Сондықтан, бұндай эмиссияның артуы қоршаған ортаға келтірілген залалдың айғағы болып табылады. Және де эмиссиялардың артуы туралы мәлімет арнаулы табиғат пайдаланушылармен ресми статистикалық деректер арқылы расталады және олармен теріске шығарылмайды. Басқа жағдайларда, соттар рұқсат құжаттарынсыз өздігінен табиғат пайдалану немесе қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссиялар шығару бойынша анықталған фактілер қоршаған ортаға зиян келтіру жөнінде тұжырым жасауға жеткіліксіз болып саналады, залал келтірілгендігі туралы сараптамалық қорытынды қажет деген тұжырымға келеді.

Мысалы, ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 05 қарашадағы шешімімен «ОҚО бойынша экология Департаменті» РММ талап арызы ішінара қанағаттандырылды. «3-Энергоорталық» АҚ-нан мемлекет кірісіне 28 886 792 тенге өндіру қаулы етілді. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сотта, талапкер «ОҚО бойынша экология Департаменті» РММ (бұдан әрі -Департамент) жауапкер «3-Энергоорталық» АҚ-нан 2014 жылдың 01 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген жалпы сомасы 181 829 061 тенге көлеміндегі залалды өндіру бойынша сотқа жүгінгендігі белгілі болды.

Талапкер 2014 жылдың 05-28 мамыры аралығында Департаментпен «3-Энергоорталық» АҚ-на Қазақстан Республикасы экологиялық заң талаптарын сақтауы бойынша жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде белгіленген мерзім ішінде кәсіпорынның атмосфераға ластағыш заттарды шығару көздері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ екендігі анықталғандығын алға тартты.

Департамент мамандарының есебі бойынша рұқсатсыз шығарынды нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 181 829 061 тенгені құраған, талапкердің жауапкерден өндіруді сұрап отырғаны да осы. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөнгіндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 05 қарашадағы шешімі өзгертілді: қоршаған ортаға келтірілген залал сомасын өндіру жөніндегі шағым талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға қатысты сот шешімі бөлігінің күшін жойып, көрсетілген бөлікте жаңа шешім қабылданды.

Жауапкер «3-Энергоорталық» АҚ 2014 жылдың 01 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз атмосфераға лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін мемлекет пайдасына 152 942 269 тенге көлеміндегі залал, сондай-ақ 4 558 268 теңге сомасындағы мемлекеттік баж салығы, барлығы 157 530 537 тенге өндірілді. Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімін өзгертуге негіз болған жағдай, бірінші сот сатысы есептеулерді жүргізу кезінде залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісін қолдану қажеттігі туралы негізсіз тұжырым жасаған, алайда атмосфералық ауаны ластау жағдайларында экономикалық бағалаудың жанама әдісі қолданылады, бұл жағдайда тікелей әдіс қолданылмайды.

Осылайша, алқа соттың көрсетілген бөліктегі тұжырымын негізсіз деп тапты, бұл өз кезегінде атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасының төмендеуіне әкелді. Бірінші сот сатысының Әдістемеге сәйкес жүргізілген есептеудің тікелей әдісін қолдануға жататындығы туралы тұжырымын да Алқа негізсіз деп тапты, өйткені Әдістеменің 1 «Жалпы мағлұматтар» тарауына сәйкес, ол өндірістік кәсіпорындардың бытыраңқы көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін шамамен есептеуге арналған.

Ал жауапкермен атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы талапкермен «3-Энергоорталық» АҚ қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ болғандықтан есептелген. Істің атап көрсетілген жағдайларын ескере отырып, Алқа талапкермен жасақталған залалды экономикалық бағалау есебі дұрыс болып табылады және қолдануға жатады, тиісінше жауапкер залал сомасын толық көлемде өтеуі тиіс, ал бірінші сот сатысымен өндірілген сома талапкердің жанама әдісті қолдана отырып жасақтаған есебіне сәйкес қайта есептеуге жатады деп есептеді.

Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша қабылдаған (іске асырылған) шешімдері мен іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының ісәрекетіне (әрекетсіздігіне) келтірілген шағымдар, егер басқару қызметін жүзеге асыру кезінде әкімшілік-құқықтық қатынастар бойынша туындаған мәселелер бойынша шешім қабылданып, іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған болса, АПК 27-тарауы бойынша соттармен қаралады.

Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның, шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды (АПК 278- бабы) .

АПК 280-бабына сәйкес Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы. Арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.

Мерзімнің өткізіліп алу себептері сот отырысында арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының 17-бабы екінші тармағына және АПК 280-бабы 1-бөліміне сәйкес шағымданушы өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) дау айтуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №20 «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 18-тармағы бойынша АІЖК-нің 280- бабының екінші бөлігіне сәйкес, арыз беру мерзімін дәлелсіз себептермен өткізіп алу бірінші сатыдағы соттың арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығаруы үшін өз алдына бөлек негіз болып табылады.

Соған байланысты, соттар шағымданушыға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы қашан белгілі болғанын жан-жақты тексеруі керек. Сонымен бірге мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның даулы іс-әрекеті (әрекетсіздігі), оның қашан қабылданғандығына қарамастан, шағымның қаралуы сәтінде қоршаған ортаға зиянын тигізбеуін анықтау да маңызды болып есептеледі.

Егер лауазымды тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде қоршаған ортадағы заң бұзушылықтар мен зиянды зардаптар жалғаса беретін болса, онда сотпен арыз беру мерзімінің формалды себептермен өткіп кетуіне қарамастан АІЖК-нің 280-бабының екінші бөлігіне сәйкес шағымды қанағаттандырудан бас тартылмауы мүмкін.

Осыған байланысты, Экологиялық кодекстің 7 тармағы бойынша жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға жататындығын естен шығармау керек.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымымен Қарағанды облысы бойынша экология Департаментінің «NOVAЦинк» ЖШС –інен 414 085 645 теңге көлеміндегі қоршаған ортаға келтірілген залал сомасын мемлекет пайдасына өндіру жөніндегі талап арызы кері қайтарылды.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру және тыйым салуға байланысты даулар.

Қорашаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру және тыйым салу істері жөніндегі Сот тәжірибесі Экологиялық кодекстің 117-бабы 1-тармағы 7-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға құқылы.

АК 918-бабы 2-тармағы бойынша егер келтірілген зиян оны келтіруді жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтіру қаупін туғызатын кәсіпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндірістік қызметтің салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқылы.

Сондай-ақ, Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2015 жылғы 14 мамырдағы шешімімен Қостанай облысы Әулиекөл ауданында:

Черниговка ауылы, Косагал ауылы, К. Тургумбаева атындағы ауыл, Казанбасы ауылы, Баганалы ауылы, Сулуколь ауылы, Первомайское ауылы, Коктал ауылы, Москалевское ауылы, Тимофеевка ауылы, Диевка ауылы, Новоселовка ауылында орналасқан 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, табиғат қорғау заңдылығын бұзуды жойғанша пайдалануды тоқтатты. :

Тоқтатуға негіз болған жағдай, ол «Қостанай облысы экология Департаменті» ММ жүргізілген тексеру мен Қостанай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының табиғат қорғау прокуроры кіші әділет кеңесшісі Н.Касымбековпен 2015 жылғы 12 ақпандағы «Аулиеколь- Сервис» ЖШС экологиялық заңдылықтарды сақтауына жоспардан тыс жүргізілген тексерудің 2015 жылғы 19 наурыздағы актілеріне сәйкес экологиялық заңдылықтарды бұзғандығы, оның ішінде 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжаттарының болмауы анықталған.

Іс материалдарынан белгілі болғаны, кәсіпорынмен 2013 жылғы 19 тамызда қоршаған ортаға эмиссияға 2013 жылдың 19 тамызынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар рұқсат құжаты ресімделген. Бүгінгі күні кәсіпорынның балансында Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан 15 полигон бар.

Осы 15 полигонның ішінен тек 3 полигонда ғана, Әулиекөл ауылы, Новонежинка ауылы, Октябрьское ауылында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар, қалған 12 ауылдық полигон бойынша: Черниговка ауылы, Косагал ауылы, К. Тургумбаева атындағы ауыл, Казанбасы ауылы, Баганалы ауылы, Сулуколь ауылы, Первомайское ауылы, Коктал ауылы, Москалевское ауылы, Тимофеевка ауылы, Диевка ауылы, Новоселовка ауылында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат жоқ. Алайда, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен орналастыруға келісімшарт барлық 15 полигон бойынша жасақталған.

Сот отырысында жауапкердің 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полгионы бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ екендігі анық белгілі болды. Анықтамаға сәйкес «Аулиеколь- Сервис» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз 12 ҚТҚ полгионы бойынша өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастырған.

Сот отырысында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты болмауына байланысты кәсіпорынға қалдықтарды қоршаған ортаға рұқсатсыз шығарғаны үшін 2 947 397 теңге сомасында залалды өтеу талап етілгендігі анықталды.

Сот қызметті тоқтату туралы талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімде жауапкердің бұзылған заңдылық талаптарын жоюға міндетті мерзімін белгілеуі керек және осы тоқтату мерзімін белгілеу себебін көрсетуі тиіс.

Осы ретте жауапкердің анықталған заң бұзушылықты жоюға нақты мүмкіндігін, қаржысы мен материалдарын, қызметін тоқтатуына әкелген жағдайды жоюға уақытын ескеру қажет, сондай-ақ нақты мерзім белгіленген жағдайда Сот осы тоқтату мерзімін белгілеу себебін көрсетуі қажет.

Мысалы, Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша экология Департаменті «Арқалық ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» КМК-ның объектілерді пайдалануды тоқтатуы туралы шағым арызбен сотқа жүгінді.

Іс материалдарынан 2015 жылғы 29 шілдеде мемлекеттік экологиялық инспектор О.М.Унтабаевпен «Арқалық ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» КМК-на жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілгендігі көрінеді.

Экологиялық заңдылықтардың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде жауапкер Амангелді ауданы Амантоғай селосы участогі мекенжайында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз тұрмыстық пешті пайдаланып отырғандығы белгілі болады. Тексеру қорытындысы бойынша 2015 жылғы 29 шілдеде заңды тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасақталады.

Сот жауапкермен Амангелді ауданы Амантоғай селосы участогі мекенжайында тұрмыстық пешті пайдалану фактісі ҚР Экологиялық Кодексінің 68-бабын бұзу болып саналады деген қорытындыға келеді. Істі қарау барысында жауапкермен қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсаты ұсынылмаған.

Осылайша, іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді саралай отырып, Сот шағымданушымен ұсынылған талаптарды қанағаттандыру қажет деп есептейді.

Сот актілерін зерделеу республика соттарымен заңның осы талаптары үнемі сақтала бермейтіндігін, соттар көп жағдайда мерзімді белгілей отырып, шешімнің қорытынды бөлігінде қызметті анықталған заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтатуды белгілеумен шектелетіндігін көрсетті.

Экологиялық залалды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке аударылады.

Экологиялық кодекстің 322-бабы 6-тармағына сәйкес Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке аударылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі №183 «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерден басқа залалдың орнын толтыру туралы өтініштер бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынатын, сондай-ақ тәркіленген аңшылық және балық аулау құралдарын, заңсыз табылған өнімдерді сатудан түсетін қаражатты республикалық бюджетке аударуға жатады.

Сонымен бірге, мұнай секторы ұйымдарымен келтірілген залалды өндіру жөніндегі өтініштер бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебіне алынады. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 22-бабы 3 тармағына сәйкес Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай , газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдары жатады. Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.

Осыған байланысты соттар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықтарды бұзғаны үшін қаржы өтеулерін қай бюджет және қандай бюджеттік класификация арқылы төлеу керектігі туралы мәселені шешу барысында жоғарыда заң нормаларын басшылыққа алуы қажет. Осы тұрғыда, соттардың бұл мәселені әр түрлі шешетіндігі анықталды.

Сонымен, кейбір соттар залалды өндіру туралы талап арызды қанағаттандыра отырып, қарардың қорытынды бөлімінде залал сомасын мемлекет пайдасына өндіруді және эмиссия көзінің орналасуы бойынша салық басқармаларының деректемелерін көрсетеді. Басқа соттар өндірілген залал сомасын республикалық бюджетке аударады.

Мысалы, мұндай шешімдер « Каспийжылу су арнасы» ММ (СМЭС Маңғыстау облысы) талап арызы бойынша қабылданған. Кейбір соттар мемлекет пайдасына залал сомасын өндіру туралы шешімдерінде, қарардың қорытынды бөлігінде тиісті деректемелерді көрсетпейді. Мысалы, залалды өндіру жөніндегі мұндай шешімдер «Экология департаменті» ММ «Иргиз Тас Кум» ЖШС-не (Ақтөбе облысы), «Қарағанды облысы бойынша экология Департаменті» ММ «Bassel Groop LLS» ЖШС-не қатысты талап арыздары бойынша және Экология Департаментінің «Тенгизшевройл» ЖШС-не (Атырау облысы) қатысты барлық талап арыздары бойынша қабылданған. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты нормативтік қаулыны жасақтау кезінде осы мәселені ашып көрсетуді ұсынамыз.

Жеке тұлғалардың талап арыздары бойынша

ҚР Экологиялық кодексінің 13-бабына сәйкес:

  1. Жеке тұлғалардың:

1) өздерiнiң өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бiрлестiктерi мен қорларын құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;

9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;

10) қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

11) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.

  1. Жеке тұлғалар:

1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;

2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;

3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi болдырмауға;

4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

  1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.
  2. Жеке тұлғалар:

1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;

2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;

3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi болдырмауға;

4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

  1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.

Қоғамдық ұйымдардың талап арыздары бойынша

Соңғы жылдары соттармен экологиялық дауларды шешу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстанмен бекітілген халықаралық шарттардың, оның ішінде ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Конвенция нормалары жиі қолданылуда.

Соттарда Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және тікелей қолданылады делінген Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабы 3-тармағының ережелері анық түсінікке ие екендігін белгілеуге болады.

Бұл Орхусс конвенциясына да қатысты.

Орхусс конвенциясының ерекшелігі сол, бұл халықаралық шартпен жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу құқығын қамтамасыз етуге және кепілдік болуға бағытталған процессуалдық нормалар бекітілген.

Конвенция Қазақстанмен бекітілген халықаралық шарттардың бірі болып табылады, оған сәйкес азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар халықаралық инстанция Орхусс конвенциясын сақтау мәселелері жөніндегі Комитетке (әрі қарай- Конвенцияны сақтау Комитеті) оның бұзылғандығы жөніндегі фактілер бойынша өтініш беру құқығына ие болады.

Бұл мүмкіндік қазақстандық азаматтармен және экологиялық ұйымдармен белсенді түрде пайдаланылуда.

Экологиялық кодекстің 13,14-баптарына сәйкес жеке тұлғалар мен экологиялық ұйымдар қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтерін шектеу және тоқтату туралы талап арыз беруге құқылы.

Өндірістер, құрылымдар мен басқа да экологтиялық қауіпті обектілерді орналастыру, құрылысын салу және қайта құру және пайдалануға қабылдау туралы шешімдердің күшін жою туралы жұртшылықтың талап арыздары бойынша

Мысал ретінде, «Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «МайкубенВест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық тыңдау хаттамаларын жарамсыз, табиғат қорғау шараларының жоспарын заңсыз деп тану, 2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге міндеттеу, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы шағымы бойынша Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қаралған істі алуға болады.

Аталған соттың 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен шағым арыз ішінара қанағаттандырылып, қоғамдық тыңдаулар хаттамасы заңсыз деп танылды және күші жойылды. Шағым арыздың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды.

Павлодар облысы апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 07 шілдедегі қаулысымен Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешімі «Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «Майкубен-Вест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық тыңдау хаттамаларын жарамсыз, табиғат қорғау шараларының жоспарын заңсыз деп тану, 2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге міндеттеу, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы шағымы бойынша өзгертілді.

«Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «Майкубен-Вест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы шағымын қанағаттандыру бөлігінің күшін жойып, шағымның осы бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды. Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Алқа, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 24-тармағына сәйкес, осы санаттағы істерді қараған кезде соттар жіберілген тәртіп бұзушылық сипатын анықтау шараларын қабылдауы, мәлімделген талаптардың құқықтық негіздемелерін анықтауы, сондай-ақ тараптардан тиісті актілер мен АІЖК-нің 64-бабына орай іс бойынша дәлелдеме болып танылуы мүмкін басқа да деректерді талап етуі тиіс екендігін алға тартты.

2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын және қоғамдық тыңдауларды заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартуға қатысты Соттың ақырғы қорытындысы дұрыс болып табылады. Өйткені, бұл талаптарды қанағаттандыру қоғамдық тыңдау хаттамасын заңсыз деп тану туралы негізгі талапты қанағаттандырудан туындайтын қосымша талаптар болып табылады.

Сонымен бірге, іс бойынша көрсетілген талаптарға жауапкер ретінде тікелей даулы құжатты беруге қатысы бар тиісті уәкілетті орган ҚР мұнайгаз кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекетитік инспекция Комитеті мен қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру міндеті жүктелген жергілікті атқару органы тартылмаған.

Осыған байланысты, талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға қатысты шешім бөлігі өзгеріссіз қалдырылуға жатады. Хаттаманы заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандыруға негіз ретінде Сот Шоптыкөл селолық округі әкімінің 2015 жылғы 10 ақпандағы 1.т. 27 і.п қоғамдық тыңдаудың өткізілмегендігі және соған байланысты талқыланатын мәселеге мүдделі жұртшылықтың қатыспағандығы туралы хатына сүйенді.

Сонымен қатар, бұл хат іс материалдарында тігілген осы әкімнің «Мир экология» қоғамдық қорына 2015 жылғы 10 ақпандағы бірінші хаттың қате екенін және оның шындыққа жанаспайтынын хабарлайтын 2015 жылғы 23 мамырдағы хатымен жоққа шығарылады.

Бұл хат та іс материалдарының т.1. 119 і.п. бар. Алайда, бұл жағдайлар сотпен тиісті дәрежеде бағаланбаған. Осыған байланысты, көрсетілген қарама-қайшылықтарды жою мақсатында апелляциялық истанциямен куәгер ретінде даулы жиналысқа қатысқан тұлғалар мен көрсетілген хатқа қол қойған әкімнен жауап алынды. Осылайша, селолық округ әкімі Б.Б.Избастин негізінен 2014 жылғы 29 қыркүйекте қоғамдық тыңдаудың болғандығын, ол жөнінде алдын-ала сайтта хабарландырулар жарияланғандығын түсіндірді.

Ол кезде селолық округ әкімі болып тағайындалмағандықтан өзі тыңдауға қатыспаған. Ол бірінші хатқа бүгінгі күні әкімдікте жұмыс жасамайтын, кейінен белгілі болғандай өзі тыңдауға қатыспағандықтан, нақты мәліметті белмеген маман Бисмельдиновамен келтірілген қате мәліметтер бойынша қол қойған. Кейіннен әкім басқа қызметкерлерден ондай тыңдаудың болғандығын анықтап, соған байланысты қоғамдық қорға тыңдаудың өткізілгендігі туралы хабарлама жолдайды. Қалған куәгерлер, жалған айғақ бергендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары туралы ескерту естігеннен кейін апелляциялық сот инстанциясында төмендегідей мәліметтер берді. Куәгер А.С.Исатаева шындығында тыңдаудың белгіленіп, өткізілгендігін, бірақ өзі сол күні әкім міндетін атқарып жүргендіктен ауданға жиналысқа кетіп қалғандығын алға тартты.

Дегенмен, тыңдаудың белгіленгендігін және қызметкерлер арқылы оның өткізілгендігін біледі. Брақ өзі жиналысқа барғандықтан, оған қатыспаған. Әкімдіктің келесі қызметкері А.А.Жакупова Сотта тыңдаудың өткендігін, оған хаттамада көрсетілген тұлғалардың, әкімдік қызметкері А.Е.Кабышеваның, тек жол жөндеу мәселесі туралы сұраған 4-5 ауыл тұрғынының, сондай-ақ, Астанадан келген өкіл А.Н.Кошпанованың қатысқандығын растады.

Бірақ, уәкілетті орган өкілі А.Б.Омаров қоғамдық тыңдау орнына кейінірек, яғни ол өткізілгеннен кейін жарты немесе бір сағаттан кейін келген. Тыңдаудың өтуі барысында да немесе одан кейін де қатысушылардан қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселенің мәні бойынша нақты ұсыныстар түспеген. Осылайша, куәгерлердің осы түсініктемелерімен хаттаманы заңсыз деп тану туралы шешімнің негізіне алынған әкімнің хаты теріске шығарылды.

Сонымен бірге, бұл хат іс материалдарымен, сол әкімнің хатымен теріске шығарылып, ҚР АІЖК 364-бабы 1-тармағы 3)тармақшасына орай сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі сол шешімінің күшін жоюға негіз болып табылатындығына куә бола алады. Жауапкер «Майкубен-Вест» ЖШС Ереженің 8-тармағына сәйкес төмендегідей мазмұндағы хабарландыру бергендігін атап өткен жөн: - «Майкубен-Вест» ЖШС 2014 жылғы 29 қыркүйек сағат 12.00-де Баянауыл ауданы Шоптыколь ауылы Әкімдік ғимаратында өтетін 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау бойынша өтетін қоғамдық тыңдауға Шоптыкол селолық округі Баянауыл кенті тұрғындарын, мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ құралдарын қатысуға шақырады.

Байланыс телефоны 33-41-37» Қоғамдық тыңдау өткізу туралы бұл хабарландыру ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-п бұйрығымен (бұдан әрі-Ереже) бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережесінің 6,8 және 10-тармақтарына сәйкес келеді.

Сондай-ақ, қоғам өкілдерінің жоғарыда көрсетілген жобаларға қолжетімділігі, ұсыныстар мен пікірлерді мекенжайын көрсете отырып, қағаз және электронды тасымалда қабылдау және тіркеу толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тыңдау өткізілгеннен кейін хаттаманың заңмен белгіленген тәртіпте жариялануы куәгер С.Ю.Серегинамен расталды.

Тыңдауды өткізудегі мақсат жүзеге асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін жобаларға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол жетімділікті және жоспарланған табиғат қорғау шаралар туралы ақпараттарды алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Жауапкермен осылардың бәрі қамтамасыз етілген. ҚР Экологиялық кодексінің 14-бабына сәйкес қоғамдық бірлестікке табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесу міндеті жүктелген. Алайда, шағымданушы бұл тыңдау туралы хабардар бола тұра, оған қатысуға және Ереженің 19-тармағына сәйкес хаттамаға ескертулер енгізуге толық мүмкіндігі болғанымен бұл құқықты пайдаланбаған.

Тек тындау өткізіліп, табиғат пайдаланушымен эмиссияға рұқсат алынғаннан кейін формальды түрде хаттамаға шағым жасайды. Алайда, талапкермен тыңдаудың нәтижесіне әсер ететіндей және тыңдауға қатысқан жағдайда жұртшылықпен енгізілуі мүмкін нақты ұсыныстар мен түзетулер ұсынылмаған.

Кешігіп келген экология Департаментінің өкілі А.Б.Омаров пен әкімдік қызметкері А.С.Исатаеваның тыңдауға қатыспауы қоғамдық тыңдаудың нәтижесіне әсер етуі мүмкін болатындай дәлелдемелер де сотқа ұсынылмаған.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша сапасыз материалдарды тыңдау әсерінен залал келгендігі туралы мәліметтер де белгілі болмаған. Яғни, қоғамдық тыңдау хаттамасының күшін жою қоршаған ортаны қорғау міндеттемелеріне жауап беретін дәлеледемелер де ұсынылмаған. Апелляциялық сатыдағы сотта бұл сұраққа шағымданушының өкілі хаттамаға шағымдану келесі жолы табиғат пайдаланушылардың қоғамдық тыңдауға формальды түрде қарауына жол бермеуі және талапкер ретіндегі осындай қоғамдық ұйымның бар екендігін біліп жүруі үшін жасалды деп жауап берген.

Алайда, бұл дәлелдер талап арызды қанағаттандыру үшін негіз болып саналмайды, өйткені АК 8,9-баптарына және АІЖК 8-бабына сәйкес бұзылған құқықтар мен заңмен қорғалған мүдделер ғана сотта қорғауға жатады. Осы ретте, құқығын асыра пайдалануға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекетіне, сондай-ақ құқықты жүзеге асыруды оның мақсатына қарсы пайдалануға жол берілмейді.

Бұл талаптарды орындамаған жағдайда Сот талапкер құқығын қорғаудан бас тартуы мүмкін. Осыған байланысты, шешімнің қоғамдық тыңдау хаттамасының күшін жою және оны жарамсыз деп тануға қатысты бөлігі осы тарау бойынша бұндай талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдау арқылы күшін жоюға жатады.

Сонымен бірге, Ереженің 7-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру тапсырыс беруші ретінде тек әкімдікке өтінім беретін табиғат пайдаланушыға емес, жергілікті атқару органына жүктелген.

Алайда, шағым тек табиғат пайдаланушы «Майкубен Вест» ЖШС-не берілген. Тиісті жауапкер жергілікті атқару органына шағымның бұл бөлігі бойынша талап қойылмаған. Оған қоса, АІЖК 280-бабына сәйкес талапкердің өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде аталған хаттамаға шағым жасалуы мүмкін.

Ереженің 18-тармағына сәйкес шағымданушы қоғамдық тыңдалым өткізілген күннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде, яғни 2014 жылғы 7 қазанда бұл хаттаманың бар екенін білуі керек еді. Сондықтан хаттамаға шағым жасау мерзімі 2015 жылғы 7 қаңтарда өтіп кетті.

Дегенмен, сотқа арыз 2015 жылдың 11 ақпанында ғана, яғни жауапкер қолдануды ұсынған АІЖК 280-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген арызды қанағаттандырудан бас тарту негіздемелерінің бірі болып саналатын мерзімі өткеннен кейін берілген.

Инвесторлардың қатысымен және бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланатын қоршаған ортаны қорғауға байланысты істер бойынша

Журналистика біздің еліміздегі экологиялық проблемалардың шешілуіне едәуір ықпал етеді. Республикалық және жергілікті баспасөз беттерінде мақалалардың жариялануы, сондай-ақ дамыған интернет-газеттер мен журналдар, блогтар оған мысал бола алады.

Еліміздің экологиясы қазақстандықтарды толғандыруда және олар бар күш-жігерлерімен дамыған мемлекетіміздің гүлденуіне кесірін тигізетін маңызды мәселелерді шешуге тырысуда.

Мемлекеттің экономикалық дамуы екпіндей жоғарыға көтеріліп, еліміз әлемдік аренадан лайықты орын алу үшін үлкен қадамдар жасауда, сонда экологиялық қауіпсіздік сияқты еліміздің маңызды факторы да тұрақты, жоғары деңгейде және проблемалардан барынша алшақ болуы керек.

Инвестор Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC ҚР экологиялық кодексіне өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тырысып жүргендігі туралы «Ак-Жайык» интернет – газетінде жарияланған мақала мысал бола алады.

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьникке NCOC басқарушы директоры Стефан де Майенің 16.02.2015 жылы жазылған хаты редакция қызметкерлерінің қолына тиді. Атап айтқанда, онда былай делінген: «Теңіз бөлігіндегі құрылыс жұмыстары техникалық жобалау құжаттамасы мен ҚОӘБ мақұлданғаннан кейін 2015 жылдың бірінші жартысында басталатын болады деп жорамалданып отыр.

Жұмыстардың негізгі бөлігі Солтүстік Каспийде сең қозғалғаннан бастап, 2015 жылғы күздің соңына дейін (мұз қатқанға дейін) жүргізіліп, 2016 жылдың көктемінде жұмыстар жалғасады. Осыған байланысты, «Қашаған» кенішінде Тәжірибелік-Өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) нысанын жедел іске қосу маңыздылығын ескере отырып, 1 сәуірден 15 шілдеге дейінгі аралықта Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағында жекелеген құбыр салу жұмыстарын жүргізу мүмкін болу үшін – мұндай жұмыстарды ҚР-ның тиісті мемлекеттік органдарымен мақұлдау шартымен, ҚР Экологиялық кодексінің 257-ші және 258-ші баптарындағы тұжырымдарға тиісті өзгерістер енгізуге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.Осы хатқа Экологиялық кодекске біз ұсынатын өзгерістер салыстырмалы кесте түріндегі тиісті негіздемелермен қоса тіркелді».

Экологиялық кодекстің аталмыш баптары «Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» деген 38-тарауға жатады. Соған сәйкес, аталмыш мерзімде солтүстік Каспийдің қорық бөлігінде «Жайық пен Еділ өзендері сағасындағы аудандарда Еділ өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен және Жайық өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен 50 километр шеңберде, сондай-ақ жағалау сызығынан ені 15 километр белдеуде жоғарыда аталған атыраулар бойындағы кеңістікте және одан әрі шығысқа қарай Жем өзеніне дейін құрылыс және геофизикалық жұмыстар жүргізуге, ұңғымаларды сынауға және кеменің жүзуіне» тыйым салынады.

Тыйым «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша балық аулауды және оны тасымалдауды, ғылымизерттеу жұмыстарына және бақылау-инспекциялық қызметке» қатысты емес. Жұмыстарды жүргізуге салынған тыйым балықтың уылдырық шашуымен де, құстарды ұя салатын жерлерінде (қамыс нуларында, құмдауытты жағалау қойнаулары мен аралдарда) сақтау қажеттілігімен де байланысты.

Министрлікке жолданған редакция сауалына жауап беру мерзімі өтіп кетсе де жауап әлі келмеген. Ал басылым дереккөздері хабарлағандай, Энергетика министрлігі NCOC ұстанымын қолдамаған. АМӨЗ 2014 жылы облыстық экологиялық департаментімен салынған 24 млрд тенге көлеміндегі экологиялық айыппұлды төлеуден бас тартты және сотта жеңіп шықты. Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық экология департаментінің АМӨЗ-нан 24 млрд тенге көлеміндегі экологиялық айыппұлды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы шешімді өзгеріссіз, ал экология департаментінің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. 2014 жылдың мамырында облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытына факелдерде қышқыл газды жағу арқылы қоршаған ортаны ластағаны үшін 23,7 млрд тенге көлемінде экологиялық залалды өндіру туралы ұйғарым ұсынады.

Тексеру кезінде күкірт өндіру қондырғысы (КӨҚ) қышқыл газды факелдерде жағу жүйесіндегі есептеу құралы шамамен 700 мың текше метр көрсеткішті көрсетеді. Өз кезегінде, АМӨЗ бұл тексерумен келіспейтіндігін көрсетіп, шынында зауытпен қышқыл газды ауаға шығармағанын және шығармайтындығын алға тартты. Технологиялық қондырғылар, оның ішінде КӨҚ және факел қондырғыларының жұмысын объективті тексеру және тәуелсіз сараптау қорытындысын жасау мақсатында зауыт Атырау мұнай және газ институтын, Башқұрт Республикасының мұнайхимияөңдеу Институтын, «Гипрогазочистка» ААҚ, «Йокогава Электрик Казахстан» ЖШС және Қазақ мұнай және газ институтын тартты.

Сондай-ақ, қарауға арналған материалдар зауыттың факел шаруашылығы обектілерін жобалаушы - «Омск Нефтехимпроект» ААҚ жолданды. Сотта экология департаменті жауапкермен (АМӨЗ) 693 753,1 текше метр көлемінде қышқыл газ жағу фактісінің орын алғандығын дәлелдей алмады. Факельдік жүйе технологиялық режимнің бұзылуы кезінде, апаттық жағдайларда, КӨҚ қосу және тоқтату кезінде технологиялық газдарды қауіпсіз жоюды қамтамасыз етеді. Мысалы, КӨҚ апатты тоқтауы кезінде факельді жүйеде қышқыл газ жағылады.

Департаменттің мәлімдеуі бойынша КӨҚ технологиялық режимінің бұзылуын есепке алу кітабындағы деректерге сәйкес КӨҚ 2012 жылы - 25, 2013 жылы - 20 авариялық жағдай орын алғаны белгілі болды. Алайда, жауапкер сотта КӨҚ –нда 693 753,1 текше метр көлемінде қышқыл газ жағу КӨҚ жеті ай мерзімге дейін апатты тоқтауына әкелер еді деп түсіндірді.

Осылайша, экономикалық сот өзінің шешімін экология департаменті жауапкермен КӨҚ ұзақ мерзімге дейін апатты тоқтауына жол берілгендігіне дәлелдемелер келтірмегендігімен түсіндірді. Қолайсыз экологиялық жағдай тек Атырау облысында ғана емес, Республиканың басқа аймақтарында да орын алған.

Қарағанды облысының экологиялық жағдайына төнген қауіп туралы жарияланған мақала бұған мысал бола алады. Қарағанды облысы қоршаған ортаға ықпал ету күші бойынша бірегей болып табылады. Қазақстан Республикасының бірде-бір облысы Қарағанды облысы сияқты техногендік жүктемені көрген емес. Қарағанды облысының жетекші өнеркәсіп салалары тау-кен-металлургиялық, кен өндіруші, кен өңдеуші, жылу-энергетика және т.б. болып табылады.

Өнеркәсіп кешені өндірістік қызметі нәтижесінде экологиялық жағдайға техногендік әсер етеді. Облыс экологиялық жағдайының төмендеуінде «Байқоныр» кешенінің, «Сары-Шаган» әскери ракета полигонының жұмысы, сондай-ақ Семей ядролық полигонын көп жылдарғы пайдалану зардаптары ерекше орын алады.

Орын алған экологиялық жағдайда негізінен облыс ауасының ластануы жылына миллионнан аса тоннаны құрайтын стационарлық ластану көздерінен шығарылған тастаулар еншісіне тиеді. Балқаш өзенінің ластануы және судың сапалық құрамының өзгеруі, тікелей өзен үстіндегі, тұтас алғанда су алабындағы ауаның ластануы Балқаш аймағындағы кәсіпорындардың шаруашылық, техногендік қызметі мен Сары-Шаган әскери полигонын пайдалану салдарынан орын алып отыр Сондай-ақ, қолайсыз экологиялық жағдайдағы Павлодар облысы да қозғалып отыр.

Сонымен, 2000 жылы Қазақстанда сау жасыл орманды кесуге тыйым салынды, алайда ағаштарды заңсыз кесу әлі де жалғасуда. Тек 2014 жылдың ішінде браконьерлермен 1000 гектар ағаш кесілген, бұл шамамен 140 километр. Бірақ, бұзақыларға қатысты ешқандай әкімшілік айыппұл орманды қайтара алмайды. Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай да қолайсыздар қатарында. 2014 жылы өзен алқабында уылдырық шашу кезінде шығарылған уылдырық пайдасыз болып қалады.

Шульбин су сақтау қоймасынан Ертіс өзеніне 5 миллиард текше метр су құйылудың орнына 4 миллиард текше метр су құйылады. Нәтижесінде өзен алқабы тез тайызданып қалады. Шашылған уылдырық құрғақта өліп қалады.

Себеп - Шульбин су сақтау қоймасында жиналған судың жеткіліксіздігі. Американдық инвесторлар әлі күнге дейін су сақтау қоймасының екінші кезеңін іске қоспай отыр. Қазір ол қажетті су көлемін жинай да сақтай да алмайды.

Алдағы уақыттарда Ертіс өзеніннің балық қоры 20% дейін азаяды дейді балық инспекторлары. Экологтар 15 жылдан кейін өзенді құтқару мүмкін болмайды деп ескертеді.

Нормативтік құқықтық актілер

Қоршаған ортаға қатысты туындаған дауларды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер: ҚР Конституциясы, 09 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Жер кодексі, ҚР Су кодексі, 24 маусым 2010 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы, 07 шілде 2006 жылғы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы.

Сондай-ақ, соттармен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының 23 қазан 2000 жылғы Заңымен бекітілген ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша (бұдан әрі –Орхусс конвенциясы) сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенция нормалары да қолданылады.

Халықаралық ықтымақтастықтағы көпшілікке танылған экологиялық принциптер мен бағыттар қоршаған орта жөніндегі Стокгольм декларациясымен (1972), Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясымен (1982), қоршаған орта және даму жөніндегі Декларациямен (Рио-деЖанейро, 1992), «XXI ғасыр Күн тәртібімен» (Рио-де-Жанейро, 1992), мыңжылдық саммит (Нью-Йорк, 2000), тұрақты даму жөніндегі бүкілдүниежүзілік саммит декларацияларымен (Йоханнесбург, 2002)[2] және басқа да халықаралық актілермен белгіленген. Бұл актілер зор халықаралық беделге ие және халықаралық конвенцияларда, көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының (әрі қарай-ҚР) құқығында жүзеге асырылуда.

Қазақстан әртүрлі халықаралық комиссиялар мен қоршаған ортаны қорғау, жаһандық және аймақтық деңгейдегі тұрақты даму мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді дайындау мен жүзеге асыруға бағытталған процестердің мүшесі және белсенді қатысушысы болып саналады.

Олардың ішінде – БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі Комиссиясы; Орталық Азия елдерінің тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы; Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесінің тұрақты даму жөніндегі еуразиялық аймақтық торабы; ТМД гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық Кеңесі; «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта жіне тұрақты даму» процесстері бар. БҰҰ даму бағдарламасымен, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық дами түсуде.

Барлығы, есеп бойынша, ҚР 60-тан аса халықаралық шарттар тікелей немесе жанама түрде қоршаған ортаны қорғау саласын (оның ішінде, қоршаған ортаған эмиссиялар, озон қабатын булы газдардың шығарылуынан қорғау, кемелермен ластаудың алдын алу, қауіпті химиялық заттарды сату және тасымалдау, қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттардың, трансшекаралық әсерлердің алдын алу және т.б.мәселелер) қозғайды.

ҚР Кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212-Ш «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі » (әрі қарай-«Экологиялық кодекс» немесе «ЭК») ҚР ратификацияланған халықаралық шарттардың кодекс ережелерінен басымдығын көрсетеді (ЭК 2-бабы 2-тармағы).

2015 жыл ішінде төмендегідей нормативтік актілер қабылданды, олар: «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпанда №10301 болып тіркелді); «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №6 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 ақпанда №10333 болып тіркелді).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 252 "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысы.

Сонымен бірге, аталған санаттағы істерді шешу барысында соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы», 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20 «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулыларын басшылыққа алады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу