Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы шағым
Внимание!
Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Шымкент қаласының прокуроры
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
Ғ. Мұқановқа
кәмелет жасы толмаған Н.Р.
заңды өкілі
С.Ж.
ЖСН .
тел. 8701.
«Заң және Құқық» Адвокат кеңсесі
ЖСН 201240021767
Алматы қаласы, Абылай Хан даңғылы, 79, 304 кеңсе
тел. 87085785758, 87009785755
info@zakonpravo.kz/ www.zakonpravo.kz
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы шағым
04.01.2024 жылы Шымкент ҚПД қылмыстық іс бойынша қылмыс құрамынын анықталмауына байланысты, ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 8)-тармағымен №227911031002902 санды тіркелінген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны шығарды, аталған қаулы 09.01.2024 жылы Абай аудандық прокуратурасымен келісілген.
Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешімімен толығымен келіспеймін, оны заңсыз және негізсіз деп санаймын.
Біріншіден, қылмыстың саралауы дұрыс анықталмаған. «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №3 Нормативтік қаулысының 2-тармақшасына сәйкес «Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке адамдарға кемсітушілікпен тиісу, тұрғын үйлерді, көпшілік орындарды ластау және айналасындағы адамдарды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке адамдардың мазасын алатын осындай басқа да әрекеттер күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан жағдайларда, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды».
Оған қоса, беттестіру барысында, қорғануға құқығы бар куәлар С.А.М., Ш.Д.М. бұрын Н. Р. танымайтындығы жайлы айғақ берді. Қорғануға құқығы бар куә Д.М. Ш.н «Н. Ра. пен анам қоқыс туралы сөйлеп жатқан» деп, Н. Р. қоқыспен қоғамдык жерді ластанғаны туралы А.М. С.а, Д.М. Ш.е ескерту жасағаны толығымен дәлелденді. Н. Р. заңды талабына бағынбай А.М. С., Д.М. Ш. бұзақылықты жасау ниетімен Н. Р. шабуыл жасаған.
Сөйтіп, №227911031002902 санды тіркелінген қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1)-тармағы, 2)-тармағы бойынша саралауға жатады – «Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен аса қатыгездікпен бұзу адамдар тобы, қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты».
Екіншіден, Астана қаласында өткізілген 2023 ж. 26.12 №14561/408 қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптаманың Н. Р. келтірілген дене жарақат «Жеңіл» түрде белгілінген қорытындысы істің нақты мән-жайына сәйкес келмейді. Өйткені, қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптаманың өткізу барысында сарапшыларға Шымкент қалалық балалар ауруханасының КТ дәрігері К.С. Абсеметовтің 2022 ж. 05.09 компьютерлік томографиясының сипаттау хаттамасы (протокол описания) берілмеді, сондықтан сот-медициналық сараптаманың қорытындысы толық емес деп тануға болады.
Аталған сипаттау хаттамасы қылмыс жасаған күнінен Н. Р. емделіп жатқан кезде үшінші күні жасалған болатын, яғни қылмыс 2022 ж. 02.09, ал компьютерлік томографиясы 2022 ж. 05.09 өткізілді. Қазіргі таңда аталған сипаттау хаттамасы және оған қатысты DVD-диск және сурет менің үйімде сақталып жатыр.
Сипаттау хаттамасын және оған қатысты DVD-диск пен суретін 2024 ж. 8 қантар күні мен өзім Шымкент қалалық балалар ауруханасында тауып алдым.
Сөйтіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органның лауазымды тұлғалар 1,5 жылдың ішінде өз міндеттерін дұрыс атқармай, әрекетсіздікті танытты. Осыған байланысты, кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тартып оларды қатаң түрде жазалау қажет деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабына сәйкес «Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Қылмыстық қудалау органдары нақты деректердi айқындайды, солардың негiзiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар анықталады.
Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны әшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады».
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер қолданылса, олардың болуы дәлелденбеген кезде де осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады».
Жоғарыда баяндалғанын негізінде, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары барлық дәлелдемелер жинаған жоқ, сондықтан кінәлі адамдар жөнсіз қылмыстық жауаптылықтан құтылды.
Сөйтіп, ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 8-тармағымен №227911031002902 санды тіркелінген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы ерте шығарылды деп санаймын.
Баяндалғанның негізінде, ҚР ҚПК 291-бабына сүйене отырып, Сізден:
- №227911031002902 санды тіркелінген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюды;
- Н. Р. заңды өкілі С.Ы. Ж. Шымкент қалалық балалар ауруханасының КТ дәрігері К.С. А. 2022 ж. 05.09 сипаттау хаттамасын, КТ DVD-дискін, КТ суретін алу жүргізуді;
- Шымкент қалалық балалар ауруханасының КТ дәрігері К.С. Абсеметовтің 2022 ж. 05.09 сипаттау хаттамасын, КТ DVD-дискін, КТ суретін зерттеп, оларды заттай дәлелдемелер ретінде №227911031002902 санды қылмыстық іске қоса тігуді;
- Шымкент қалалық балалар ауруханасының КТ дәрігері К.С. Абсеметовтен жауап алуды;
- Сарапшыларға Шымкент қалалық балалар ауруханасының КТ дәрігері К.С. Абсеметовтің 2022 ж. 05.09 сипаттау хаттамасын, КТ DVD-дискін, КТ суретін №227911031002902 санды қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК 287-бабының талаптарды сақтай отырып Н. Р. қайталама сот-медициналық сараптама тағайындауды;
- Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 8)-тармағы, 293-бабы 2-бөлігі 1)-тармағы, 2)-тармағы бойынша қайта саралауды;
- Шымкент ҚПД лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тартуды сұраймын.
Қосымша: Шымкент қалалық бала ауруханасының КТ дәрігері К.С. Абсеметовтің 2022 ж. 05.09 сипаттау хаттамасының түпнұсқасының көшірмесі.
13.01.2024 ж. С. Ж№№№а
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы шағым
23 рет жүктеп алынды