Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Салық даулары бойынша соттың жеке ұйғарымдары

Салық даулары бойынша соттың жеке ұйғарымдары

Салық даулары бойынша соттың жеке ұйғарымдары

Салық даулары бойынша соттың жеке ұйғарымдары

 Салық кодексінің 123-бабын (инвестициялық салық преференциялары), ӘРПК-нің 129-бабын (дәлелдеу міндеті) бұзу

ЖШС-1 «Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімдеріне дау айту туралы талап қоюмен жүгінді.

Іс материалдарынан анықталғандай, ЖШС-2 камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша пайда болған берешекке байланысты салық органына дебиторлық берешекті өндіріп алуға жәрдем көрсетуге өтініш білдірген. Осы  өтінішке ЖШС-2 мен ЖШС-1 арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі қоса берілді.

Басқарма ЖШС-2 атына КТС және тиісті өсімпұл бойынша салық берешегін өтеу туралы хабарлама шығарды.

Басқарма ЖШС-1 атына дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу туралы хабарлама жіберді, ол бойынша ЖШС-1 ЖШС-2-нің салық берешегін өтеу есебіне өндіріп алатыны хабарланды.

Басқарма Банкке Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге ҚҚС бойынша  ЖШС-1-дің шоттарына мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімдерін жіберді.

Алайда Басқарма берешекті өтеу туралы хабарламаны ЖШС-2 салық заңнамасында белгіленген хабарламаны, салық төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін жіберген салық органына табыс ету мерзімін сақтамай, дебитордың бар екендігі туралы мәлімдегеннен кейін,  Банк ішінара орындаған инкассалық өкімдерді шығарды.

Сонымен бірге Басқарма салыстыру актісін назарға алды, ал берешекті өтеу туралы хабарлама, яғни салыстыру актісі бюджетке берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын жасалды, ал бұл Салық кодексінің 123-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi қамтылуға тиiс делінген ережелеріне сәйкес келмейді.

Осылайша, салық органы салық төлеуші дебитордың салыстыру актісін ұсыну түріндегі берешегін өзі растау мүмкіндігіне мән бермеді және оның банктік шоттарына инкассалық өкімдерді заңсыз шығарды.

Сонымен бірге Басқарма салық салудың негізгі қағидаттарының бірі – айқындылық қағидатын бұзды, өйткені берешекті өтеу туралы хабарлама ЖШС-2-ге КТС бойынша берешегіне қатысты қойылды, ал инкассалық өкімде ЖШС-1-ден  салық төлеушінің ҚҚС бойынша берешегі өндіріліп алынды.

Басқарма ӘРПК-нің 129-бабының 2-бөлігі 2) тармақшасының талаптарын сақтаған жоқ, өйткені сотқа талапкердің хабарламаны ұсыну сәтінде ЖШС-2 алдында нақты берешегінің бар екендігі туралы дәлелдер ұсынылмады.

Осылайша, Басқарма талапкердің заңды мүдделерін бұзды, оларды жүзеге асыруға кедергілер туғызды, оған үшінші тұлғаның салық берешегін өтеу міндетін заңсыз жүктеді. Салық органы даулы инкассалық өкім шығарған кезде жол берген заңның бұзылуы заңсыз әкімшілік актінің қабылдануына әкелді.

Сондықтан бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған салық органының назарына жауапкердің лауазымды тұлғалары жол берген салық заңнамасын бұзу туралы жеке ұйғарым шығарды.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.