⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

              Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы (Заңның 2-бабының 19-тармақшасы).

Сот практикасын ерделеу мемлекеттік сатып алуды ӛткізу кезінде МСА жүйесінің субъектілері бірқатар қателіктерге жол беретінін кӛрсетті.

               а) конкурсты ұйымдастырушы жол беретін қателер:

- сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамалардың сипаттамасын «кемінде... аспайды» деп көрсету өнім берушіні айқындаудың және таңдаудың күрделілігіне әкеп соғады;

- техникалық ерекшеліктер толық емес немесе дәл емес ақпаратты қамтиды, оған әлеуетті өнім берушілер назар аударады;

- мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушінің бұрынғы көрсеткіштерін қолданудың техникалық мүмкіндігі жоқтығына сілтеме (ұйымдастырушының тиісті сұрау салуы болған кезде «ЭҚО» АҚ ны осындай техникалық мүмкіндігінің болуы туралы бекіту кезінде);

- веб-портал операторына тиісті сұрау салуларды жібермеу;

- әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасына негізсіз өзгерістер енгізу (№ 6001-22-00-6ап/439 іс бойынша), бұл сауда-саттыққа қатысуға құқығы жоқ адамды жеңімпаз деп тануға әкеп соқтырған:

- қорытындылар хаттамасында сұрау салуларды жіберу туралы мәліметтер көрсетілмейді;

 - конкурстық комиссияның төрағасы тиісті құжатты шығармай ауыстырылады;

- МСА туралы шарт жасасуды созу мақсатында сот актілеріне негізсіз шағымданады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде бӛлінген бюджет қаражаты тиісті түрде игерілмейді, әлеуетті өнім берушінің шартты орындау мерзімі қысқарады. 

b) тапсырыс берушілердің жіберетін қателері:

- конкурс жеңімпазына МСА туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, сол арқылы өнім берушінің шарт талаптарын орындау мерзімін қысқарта отырып, шартты қол қоюға жіберу;

- егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы бір ай және одан да көп уақыт өткен соң хабарлама жібереді;

- конкурстарды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілер қоса берген мәліметтер тиісті түрде тексерілмейді;

- қорытындылар хаттамасында сұрау салуларды жіберу туралы мәліметтер көрсетілмейді;

- мектепке дейінгі мекемелердің келісу комиссиясын құрудан бас тартуы, бұл әлеуетті ӛнім берушінің ЖҚТ-дан шығару туралы мәселені қарау өтінішімен бірнеше рет жүгінуіне әкеп соқтырған;

- келісу комиссияларының конкурстардың болмашы сомалары бойынша ЖҚТ-дан алып тастау туралы әлеуетті өнім берушілердің ӛтініштерін формалды түрде қарауы.

- Тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан конкурстар ұзақ уақыт бойы қисынды түрде аяқталмай қалады, бұл көрсетілетін қызметті алушыларда (тамақтандыруды, медициналық бұйымдарды, сумен жабдықтауды және т.б. ұйымдастыру) және мемлекеттік бюджетте көрініс табады. 

d) әлеуетті өнім берушілердің жіберетін қателері:

- жұмыс тәжірибесін растайтын, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді енгізу (өзін бас жобалаушы етіп көрсетеді);

- еңбек ресурстарын растау үшін қайтыс болған қызметкерлер туралы, сондай-ақ, еңбек шарты жасалмаған адамдар туралы мәліметтер ұсынылады. 

с) конкурстық комиссияның жіберетін қателері:

- әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтердің электрондық депозитарийде тексерілуін тексермейді.

Мәселен, әлеуетті өнім беруші «ВМП» ЖШС электрондық депозитарийге 2012 жылғы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді енгізіп, өзін бас жобалаушы ретінде кӛрсеткен, ал бұл шындыққа жанаспайды.

Сот тапсырыс беруші «В құрылыс басқармасы» ММ-нен даулы жұмыс жобаларына қатысты құжаттарды сұраған.

Ұсынылған құжаттардан осы даулы объектілер бойынша 2012 жылғы 26 қыркүйектегі және 2012 жылғы 27 ақпандағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың қорытындылары бар екені, онда тапсырыс беруші «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ болып табылатыны, бас жобалаушы ретінде «Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққұрылысы» ҚМК көрсетілгені, ал «ВМП» ЖШС қосалқы мердігер ретінде кӛрсетілгені анықталған.

Конкурстық комиссия барлық қоса берілген құжаттарды көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексеруге міндетті еді.

Заңның 27-бабына сәйкес конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады.

Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб порталында орналастырылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

Осылайша, сот конкурстық комиссия қатысушылардың өтінімдерін олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тиісті дәрежеде зерттемегенін анықтаған. 

              e) ішкі мемлекеттік аудит органдарының жіберетін қателері

- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған хабарламадағы бұзушылықтар сипаттамасының сипаттамасы келтірілмейді; әкімшілік актіні заңсыз деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды растайтын атауларына сілтеме жасалмайды; құжаттардың деректемелері мен

- Комитеттің мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер емес және дау айтылатын конкурстарға қатыспаған, яғни, әлеуетті өнім беруші болып табылмаған субъектіге қатысты тексерулерге бастамашылық жасауы (Заңның 2-бабының 2) тармақшасы).

Анықталған мән-жай Департаменттің Заңның 18-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тексеру жүргізу мүмкіндігін болдырмайды.

- № 598 Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.

МСА туралы жасалған шарт кезінде ішкі мемлекеттік аудит органдары № 392 Қағидаларға қатаң сәйкестікте жоспардан тыс аудит жүргізу жолымен ғана және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда тұлғаның өтініші бойынша тексеруді жүзеге асыра алады (Заңның 18-бабы 5-тармағының 4) тармақшасы), мемлекеттік аудит органы № 392 Қағидалардың 107-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама қалыптастырады.

Аудиторлық Бұл нұсқама аудит объектісіне қарсылық білдіру құқығын бере отырып, есеп қалыптастырылады. (қорытынды) жасалғаннан кейін Алайда, Департаменттің жоғарыда аталған нормаларды бұза отырып, шарттар жасалғаннан кейін оны жүргізуге құқығы болмаса да, Комитеттің тапсырмасын әрекет етуге нұсқау ретінде қабылдап, камералдық бақылау жүргізген фактілері бар.

Заңның 30-бабында көзделген ден қою шараларының тізбесі толық болып табылады және онда камералдық бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару туралы жоқ.

Осыған қарамастан, Комитет Департаменттің шығарған нұсқамасына әлеуетті өнім беруші шағыммен жүгінген кезде тиісті ден қою шараларын қабылдамайды.

Осылайша әкімшілік орган әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыру үшін объективтілікті және бейтараптылықты сақтау, әкімшілік рәсімге қатысушыларға тең мүмкіндіктер мен жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін бұзады. - Комитет әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын әкімшілік істің барлық мән-жайларын анықтамай, заңда белгіленген тәртіппен тиісті тексеруді жүргізбей, үстірт қарайды.

Осының барлығы процеске қатысушылар тарапынан өтініштерді шешу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамдарының бейтараптығына наразылық тудырады.

 МСА-ға қатысушылар сатып алулардың ақпараттық ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қағидатын сақтауы тиіс.

 Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі

МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.

Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.

Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.

Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.

 ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ

ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.

№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.

№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.

Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.

 СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР

ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.

Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.

 Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.

Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.

Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.

Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.

 НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);

- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);

- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);

- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;

- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.

 ҚЫСҚАРТУЛАР

әкімакт – әкімшілік акт

МСА – мемлекеттік сатып алулар;

ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы