Сот орындаушылармен алимент өндіріп алу туралы актілерді орындау
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 2-параграфы алимент өндіріп алу туралы атқа рушылық құжаттарды орындау тәртібін рет тейді.
Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде сот орындаушы лары жіберетін әдеттегі қателер:
- атқарушылық құжатты орындау кезінде әрекетсіздік таныту (нақты шаралар қолда мау);
- алимент бойынша берешекті дұрыс есеп темеу;
- ай сайынғы төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын/орындалма уын қате бағалау болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 99-бабына сәйкес лимент төлемдерін жалақы дан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орында луын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспаған да, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолда нады.
Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде борышкер алатын нақты жалақы ны (кірісті) не өндіріп алушының таңдауы бойынша айқындау сәтінде алған берешекті негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жер де белгiлейдi.
Егер борышкер бұл кезеңде жұ мыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсыныл маған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республи касындағы орташа айлық жалақы мөлшерi не гізге ала отырып айқындалады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңмен және «Кәмелетке толмаған балаларды асы рап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тіз бесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқ сандағы № 372 бұйрығымен алимент өндіріп алынатын кіріс түрлерінің толық тізбесі ай қындалған.
Мәселен, аталған тізбенің 7, 11-тармақта ры алимент төлеуге міндетті ата-ананың кірістеріне біржолғы сипаттағы емес азамат тық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар ды орындағаны, көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістер; заңды тұлға құрмай кәсіп керлік қызметпен айналысудан түскен кірістер жатады.
Осы санат бойынша сот орындаушысының берешекті анықтау жөніндегі әрекеттері жиі дауланады, мұнда дара кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайшылары өздерінің еңбек қызметінің түрі бойынша борышкерлер болып табылады.
Сот орындаушылары үшін борышкерлердің көрсетілген санаттары бойынша берешекті ай қындау аса проблемалы болып табылады, со ның салдарынан сот орындаушылары алимент бойынша берешекті айқындау кезінде жиі қа теліктер жібереді.
Мысалы, ЖСО алимент бойынша бере шекті анықтады, есеп Қазақстан Республика сындағы орташа айлық жалақыдан жүргізілді.
Борышкер есеппен келіспей, жалақы туралы анықтамалар мен жұмысқа орналасу тура лы құжаттарды ұсынды. Алайда ЖСО бұл құжаттарды қабылдамады. Борышкер сотқа шағыммен жүгінді.
Соттар ұсынылған жа лақы туралы анықтама есебінен алимент бойынша берешекті айқындау бөлігінде та лап қоюды қанағаттандырудан бас тарта оты рып, талап қоюшы ұсынған құжаттарда сот отырысында жойылмаған қайшылықтар бар деген қорытындыға келді.
Мәселен, борыш кер сотқа қызмет көрсету туралы шарт, бұй рықтан үзінді көшірме, жалақы және басқа да кірістер туралы анықтама берді.
Сот борыш кердің қызмет көрсету туралы шарт негізінде жұмысқа ресімделгенін анықтады, ал жалақы туралы анықтамадан бұл құжат еңбек шарты негізінде жазылғандығы, яғни ұсынылған құ жаттарда қайшылықтар бар екендігі көрінеді.
Бұл жағдайда сот орындаушысы көрсетілген анықтаманы негізге ала отырып, алимент бой ынша берешекті анықтаудан заңды түрде бас тартты (6001-22-00-6aп/584).
Сондай-ақ борышкерлердің келіспеушілі гі сот орындаушыларының алимент төлеуді растау ретінде өндіріп алушының шоттары на ақша сомаларын аудару туралы түбіртек терді қабылдамауымен байланысты.
Алимент бойынша берешекті айқындауға және есептеуге байланысты дауларды қарау кезінде алимент бойынша берешекті айқындау бойынша сот орындаушысының әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға берген жөн.
Көрсетілген даулар санатын қарау кезінде күтіп-бағуға алимент мәжбүрлі түрде өндіріп алынған кәмелетке толмаған балалардың мүд делерін ескеру қажет.
ЖСО алимент төлеу бойынша міндетте мелердің орындалу дәлелдемелерін бағалау кезінде мыналарды:
- ақшалай сомалардың түсу көзін (алимент төлеуші не үшінші тұлға);
- сомалардың түсу жиілігі мен жүйелілігін;
- аударылған сомалардың бірдей мөлшерін;
- ата-аналар арасында өзге ақшалай мін деттемелердің болуын (кредиттік міндетте мелер, борыштық міндеттемелер және т. б.);
- борышкердің кірістеріне аударылатын со малардың мөлшерлестігін ескеру қажет.
Мысалы, сот бұйрығымен кәмелетке тол маған балаларды асырап-бағуға алимент өн діріп алынды.
Бұған дейін сот бұйрығы 2016 жылғы наурыз - 2019 жылғы сәуір аралығы на дейінгі кезеңдегі берешекті анықтаған МСО-ның орындауында болатын.
ЖСО 2021 жылғы қазанда атқарушылық іс қозғады, ол 2019 жылғы 3 сәуір - 2021 жылғы 3 қыркүй ек аралығы кезеңіндегі берешекті, бұрын белгіленген берешек сомасын қоса отырып, айқындады.
ЖС ӘІСА қазіргі уақытта айқындалған берешекті ғана емес, бұған дейін МСО та лап қоюшының оны өтемеуіне байланысты айқындаған барлық берешекті ЖСО негізді ескергенін көрсетті.
Бұл жауапкердің заңда белгіленген үш жылдық мерзімнен асып кеткенін көрсетпейді, осыған байланысты ЖСО-ның мерзімдерді бұзғандығы туралы бірінші және апелляциялық сатыдағы сот тардың тұжырымдары қате болып табылады (6001-22-00-6ап/1035).
Сот орындаушылары борышкерлер ұсын ған құжаттарды, олардың жалақысын мұқият тексерулері керек.
Нақты берешекті белгілеу және есептеу әкімшілік істі қарау шегіне кірмейді. Берешек ті айқындау туралы қаулыларға шағымданған кезде сот орындаушысының дұрыс есептеуі тексерілуге тиіс, сот ЖСО функцияларын өз мойнына алмауға және берешектің дұрыс со масын дербес есептеуге тиіс.
Талаптарды тұжырымдау Сот орындаушыларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту кезінде
Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әре кетсіздігіне) шағымдану туралы Әкімшілік та лап қою кезінде талап қоюшылар талаптарды әртүрлі редакцияларда мәлімдейді.
ӘРПК-нің 132-бабына сәйкес ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіде талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдде лері бұзылған жағдайда, ол әкімшілік актінің толық немесе оның қандай да бір бөлігінің күшін жою талабымен дау айту туралы талап қою беруге құқылы.
Сот орындаушысы шығарған қаулымен келіспеген жағдайда, талаптар осы қаулыны заңсыз деп тану туралы мәлімделеді.
Әрекет терді заңсыз деп тану туралы бір мезгілде та лап қою талап етілмейді.
ӘРПК-нің 84-бабының екінші бөлігіне сәй кес заңсыз әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күші жойылуы мүмкін.
Қаулы заңсыз деп танылған жағдайда сот аталған қаулының күшін жояды.
Әкімшілік соттарға талап қоюлардың ведомстволығы
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 127-бабына сәйкес өндiрiп алушы немесе бо рышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн.
Шағым сотқа Қазақстан Ре спубликасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.
Көрсетілген норманың мазмұнының не гізінде сот орындаушысының әрекеттеріне атқарушылық іс жүргізу тараптары ғана сотқа шағым беруге құқылы.
Сонымен бірге практикада атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардың сот орындаушыларымен даула суы жиі кездеседі.
«Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормала рын қолдануы туралы» ЖС НҚ 2-тармағында мүдделі адамдардың ЖСО-ның әрекеттеріне дау айту құқығы көзделген.
ӘРПК-нің 9-бабының бірінші бөлігіне бай ланысты әркім бұзылған немесе дау айтыла тын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауа зымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Аталған норма мүдделер болған жағдайда сот тәртібімен қорғау құқығын көздейді.
Атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардан талап қою арыздары келіп түскен кезде соттар даулы құқықты қорғаудың және қалпына келтірудің өзге тәсілінің бар-жоғын және талап қоюшы үшін жасалған әрекеттерден тікелей құқықтық салдарлар туындағанын тексеруге тиіс.
Мысалы, АҚ-ның ЖШС-дан 220 989 149 теңге сомасындағы берешекті, сот шығыста рын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүр гізу бойынша өндіріп алушы болып табылады.
Сондай-ақ ЖШС жалпы сомасы 17 569 000 теңгеге 8 жеке тұлғаның пайдасына жа лақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борыш кер болып табылады.
Жалақы бойынша бе решекті өндіріп алуды орындау шеңберінде АҚ ЖСО-ның әрекеттеріне шағым жасаған, оның жауапкердің өзіне құқықтық салдар туғызатын әрекеттеріне дау айту туралы та лап қою құқығына ие, өйткені өткізілген мүлік Инвестициялау туралы шарттың талаптары шеңберінде салынған және Кепіл шартының негізінде кепіл нысанасы болып табылады.
Соттар талаптарды мәні бойынша қараап, та лапты ішінара қанағаттандырды (6001-22-00 6ап/607).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң нор маларын әртүрлі түсіндіруді болдырмау үшін «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы ту ралы» ЖС НҚ-да мүдделі тұлғаның сот орын даушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға құқығы болатын жағдайларды нақтылау қажет.
Талап қоюшы сот орындаушыларының әре кеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде өзінің материалдық немесе құқықтық мүд делілігін дәлелдеуге міндетті.
Алайда нақты құқықтық мүдделілік бол маған және қорғаудың басқа тәсілі болған кезде, мұндай адамдардың талап қоюлары қайтарылуға жатады.
Мысалы, сатылған мүліктің кепіл ұстаушы сы болып табылмайтын тұлғаның талап қоюы қайтарылды (6001-22-00-6ап/394).
Мемлекеттік бажды өндіріп алу
Сот орындаушыларының әрекетіне (әре кетсіздігіне) шағымдану туралы талап қою бойынша талап қоюшылар «Салық және бюд жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 616-бабының 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төле уден босатылған.
ӘРПК-нің 122-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу жөніндегі мәсе лелер АПК-нің қағидалары бойынша қаралады.
АПК-нің 117-бабының бірінші бөлігіне байланысты талап қоюшы төлеуден боса тылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойын ша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден бо сатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропор ционалды өндіріліп алынады.
Талап қою қанағаттандырылған кезде жер гілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж сот орындаушысынан талап қоюдың қанағаттанды рылған бөлігіне сәйкес өндіріп алуға жатады.
Мемлекеттік баждың мөлшерлемесі «Са лық және бюджетке төленетін басқа да міндет ті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тар мақшасының (0,5 АЕК) қағидалары бойынша есептеледі.
Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес атқа рушылық іс жүргізу сот атқарушылық іс жүр гізуді талап еткен жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.
Практикада соттар әрекеттер туралы ұй ғарымда келіп түскен әкімшілік іс бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын та лап еткенін көрсетеді.
Атқарушылық іс жүргізу материалдарын алғаннан кейін соттар істі мәні бойынша қа рағанға дейін не сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін атқарушылық іс жүргізу матери алдарын қайтармайды.
Мұндай практика атқарушылық іс жүр гізуді ұзақ уақытқа тоқтата тұруға, өндіріп алушының құқықтарын бұзуға әкеп соғады, әкімшілік сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келе бермейді.
Бұзушылықтарды болдырмау және атқа рушылық іс жүргізу тараптарының құқықта рын сақтау мақсатында мынадай бірізділікті сақтау қажет:
- атқарушылық іс жүргізу материалдарын келіп түскен әкімшілік іс бойынша соттың әре кеті туралы ұйғарымымен талап етіп алдырту;
- сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізудің түпнұсқаларын қағаз немесе элек трондық жеткізгіште алу;- дауды қарау үшін қажетті материалдарды әкімшілік іс материалдарына қосу;
- қажеттілік өткеннен кейін атқарушылық іс жүргізуді қайтару.
Әкімшілік талап қою нысанасының негізін де жауапкердің даулы кезең шеңберінде атқа рушылық әрекеттерден бас тартқаны жөн.
Осылайша, сот орындаушысынан атқа рушылық іс жүргізу материалдарын талап еткен сот ұйғарымы болған кезде, сот матери алдарды ресми қайтарғанға дейін сот орында ушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығаруы тиіс.
Осы процестік мәселе бойынша бірыңғай практиканы қалыптастыру үшін «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ-да түсіндіру қажет.
Сот шешіміне шағымдану мерзімі
ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігін де сот орындаушыларының әрекетіне (әре кетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін деп көз делген.
Сот актісі жарияланған күн шешім шыға рылған күн болып есептеледі.
Соттар сот шешімін түсіндіру кезінде та раптарға шағымдану мерзімдерінің ерек шеліктері туралы көрсетуге тиіс.
Дауларды жедел қарауға кепілдіктерді қамтамасыз ету және борышкерлердің тара пынан құқықты теріс пайдалануды болдырмау мақсатында апелляциялық сатының қаулысы жарияланған күнінен бастап сот шешімінің заңды күшіне енуін көздеу қажет.
Талап қоюды беру мерзімі (мерзім дерді қалпына келтіру практикасы)
ӘРПК-нің 136-бабының төртінші бөлі гінде сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өн діріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа берілетіні көзделген.
Мұндай мерзімді белгілеу атқарушылық іс жүргізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету қа жеттілігіне байланысты және оны сот арқылы қорғау құқығын бұзу ретінде қарауға болмай ды.
Практикада борышкерлер атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мақсатында тараптың атқарушылық іс жүргізу материал дарымен уақтылы таныспағаны туралы дәлел дер келтіре отырып, сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым жасайтын істер кездеседі, осыған байланысты талап қоюлар сотқа жү гіну мерзімдерін бұза отырып беріледі.
Даулардың осы санатын қарау кезінде атқа рушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу ге және атқарушылық іс жүргізу тараптарын жасалған әрекеттер туралы хабардар ету тәсіл дері мен күндерін анықтауға ерекше назар ау дару қажет.
ӘРПК-нің 134-бабының жетінші бөлігі не байланысты дәлелді себептермен өткізіп алған талап қою мерзімін сот АПК-нің қағида лары бойынша қалпына келтіре алады.
Сотқа талап қою мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
АПК-нің 126-бабының 2-тармағына сәй кес, егер белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Бұл ретте, мерзімді өткізіп алудың дәлел ділігі жарамды және қатысты дәлелдемелер мен расталуға тиіс.
Талдау көрсеткендей, соттар мерзімді өт кізіп алу себептері объективті болмаған және талап қоюшының сотқа уақтылы жүгінуіне кедергі келтіретін қандай да бір фактілердің бар екендігін куәландырмаған кезде талап қо юларды қайтарады.
Мысалы, ЖСО-ның іс жүргізуінде мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Электрондық сауда-саттық 2019 жылғы 4 қаңтарда өткізілді, оның нәтиже леріне борышкер шағымданды.
Соттар талап қоюды қайтара отырып, сот орындаушысы ның әрекетіне шағымдану үшін мерзімді өт кізіп алу себептерінің дәлелділігіне жарамды және қатысты дәлелдемелер ұсынылмағанын көрсетті.
Талап қоюшының электрондық сауда-сат тыққа шағымдану мерзімі үш жыл деген дәлелдері дәрменсіз, өйткені бұл дау сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттерінен туындайды (6001-22-00-6ап/726).
Тағы бір мысал мерзімді өткізіп алу се бептерінің дәлелді екендігіне дәлелдеме лердің болмауына байланысты.
Талап қоюшы атқарушылық іс жүргізу материалдарымен 2021 жылғы 08 ақпанда танысты, бұл тура лы істе қолхат бар.
Алайда белгіленген 10 күндік мерзімде сотқа жүгінбеген.
Сотқа жү гіну мерзімін оны өткізіп алу себептерінің негізділігі ретінде қалпына келтіру туралы өтінішхатта талап қоюшыға берешек сомасын іс жүзінде өндіріп алу туралы 2021 жылғы 29 қыркүйекте белгілі болғандығы көрсетілген.
2021 жылдың қазан, қараша айлары кезеңінде науқастануына байланысты оның сотқа шағым дайындауға мүмкіндігі болмады.
Сот ұсы нылған құжаттарға (терапевт анықтамасына) мерзімін өткізіп алу себептерін (№6001-22-00 6aп/398) дәлелдей алмайтындығын көрсетіп, баға берді.
Талап қоюды қайтару
ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтару үшін 17 негіз көзделген. Қаралып отырған санаттағы істер көбіне мынадай негіздер бойынша қайтарылады:
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы - талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды;
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі 9) тармақшасы - тараптар татуласу, медиация не месе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және оны сот бекітеді;
- ӘРПК-нің 138-бабының екніші бөлігі 11) тармақшасы - іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі 17) тармақшасы - іс осы соттың қарауына жатпайды.
Сондай-ақ талап қоюды қайтару негізде месі ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлі гінде көзделген, оған сәйкес талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді се бепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүм кін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Талданып отырған санат бойынша талап қоюларды қайтару туралы мәселені шешу сот тарға қиындық тудырмайды.
Бұл ретте, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру бітімгершілік жолмен шешілген істер санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (келісім жасасу не талап қоюды кері қайтарып алу).
Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін рет тейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конститу циясы;
ӘРПК;
АК;
АПК;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Соттардың атқарушылық іс жүргізу тура лы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС-ның 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 НҚ;
«Сот актілерін орындамағаны үшін жауап тылық туралы» ЖС-ның 2003 жылғы 19 жел тоқсандағы № 12 НҚ;
Қазақстан Республикасы Әділет мини стрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұй рығымен бекітілген қағидалар;
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ма мырдағы № 437 қаулысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы ның 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ор гандарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұ зылған немесе даулы құқықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мақсаты атқа рушылық іс жүргізудегі сот бақылауының ны санын білдіреді, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүд делерін қорғау болып табылады.
Қолданылған қысқартулар
ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң – «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары ның мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
Қағидалар – Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сау да-саттықта өткізу қағидалары;
ААТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпа раттық-талдау жүйесі;
ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘД – Әділет департаменті;
МСО – мемлекеттік сот орындаушысы;
ЖСО – жеке сот орындаушысы;
ОМО – орталық мемлекеттік орган;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы