Соттың жеке ұйғарымдарын орындау
АПК-нің 270-бабының нормасы жеке ұйғарымды орындалу міндетті дейді. Әкімшілік органдардың соттың жеке ұйғарымдарына тиісінше ден қою және алдағы уақытта да осындай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында оларды нақты орындау мәселесі де маңызды болып табылады.
ЖҰ – ға іліккен әкімшілік органдар оларды орындау үшін қажетті шаралар қабылдамайды, олардың жауаптары сот анықтаған бұзушылықтарды танығаны және оларды жою жөнінде шаралар қабылдағанын айғақтайды, алайда шаралар формальды болып табылады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау мүмкін емес деген сырғытпа жауап беріледі.
Мемлекеттік орган жауапта жауапкершілікке тарту мерзімдерінің аяқталуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартудың мүмкін еместігін көрсетеді.
Мәселен, облыс әкімінің орынбасары азаматтың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тарапынан қолданыстағы заңнаманы бұзуы туралы «Қаланың қаржы бөлімі» ММ-ге қойған талабы бойынша МАӘС-тің ЖҰ-ға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қараудың мүмкін еместігі туралы хабарлады.
Шығарылған сот актісімен келіспейтіні көрсетілген сырғытпа жауаптар не төмен тұрған органдарға ысырылады, немесе түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
- Азаматтың ауылдық округ әкіміне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту, қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы шешімге дау айту туралы талап арызы бойынша МАӘС-тің жеке ұйғарымымен аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясы тарапынан заңдылықты бұзуға жол берілгені туралы облыс әкімінің назарына жеткізілді.
Жауап келесі сипатта келіп түсті: ауылдық округ әкімі аппаратынан алынған ақпаратқа сәйкес олардың тарапынан Қарасай ауданының прокуратурасына талапкерлердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы ауылдық округ әкімінің шешімін заңсыз деп тану бойынша шешімнің күшін жою мәніне наразылық келтіру жөнінде өтініш жолданды
Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларымен, қала және 10 ауылдық округ әкімдерімен ЖҰ бойынша кеңес өткізді, онда барлығына жер қатынастары саласындағы заңнаманы, азаматтардың заңды конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы ескертулер берілді.
- Осыған ұқсас іс бойынша ауылдық округ әкіміне азаматтың талап қоюы бойынша жеке ұйғарымға ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту жөніндегі іс-әрекеттері Жер кодексі мен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде болғаны туралы жауап берілді. Аудан әкімінің орынбасары жеке ұйғарым бойынша кеңес, түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
- МАӘС азаматтардың «Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге қойған хабарламаны заңсыз деп тану және күшін жою туралы, хабарламаны орындалды деп тану туралы және хабарламаны орындалмады деп тану жөніндегі әрекетті заңсыз деп тану туралы талабы бойынша ЖҰ шығарды.
Сотта Мемлекеттік кірістер комитеті шағымды қанағаттандырғаны анықталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің шешімімен талапкерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаның күші жойылуға жатады. Алайда салық органы осы шешімді орындау үшін шаралар қабылдаған жоқ, бұл осы әкімшілік талапты мәні бойынша қарауға әкеп соқтырды.
Жеке ұйғарыммен алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында «Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ жол берген бұзушылықтар «Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-нің назарына жеткізілді.
Облыс бойынша МКД жедел кеңесте жеке ұйғарым талқыланғаны жөнінде жауап берілді, хаттама қоса тіркелді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ТАЛДАУ әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығарудың сот практикас
65 рет жүктеп алынды