Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Түлкібас аудандық сотының  қаулысына апелляциялық шағым

Түлкібас аудандық сотының  қаулысына апелляциялық шағым

 Түлкібас аудандық сотының  қаулысына апелляциялық шағым

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 Түркістан облыстық сотына

Т.Д.Х.

 

Түлкібас аудандық сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысына апелляциялық шағым

2023 жылы 12 желтоқсанында Түлкібас аудандық соты Т.Д. Х. қатысты әкімшілік құқық бұзышылық туралы істі қарап Т.Д.Х. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 69 000 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Аталған сот қаулысы заңсыз және негізсіз деп есептейміз. Сот істі қарау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстаға заңнаманы өрескел бұзуына жол берген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 784-бабына сәйкес «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья, орган (лауазымды адам) дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды.

Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол беруге болатындығы, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға жатады».

Алайда, сот тек қана Т.Д. Х. кінәлайтын дәлелдемелерге назар салып, Т.Д. Х.кінәсіздігін дәлелдейтін дәлелдемелерге мән бермеді. Тіпті, сот отырысына қатысқан адамдардың айғақтарын бұрмалап, қаулыда көрсетілген.

Біріншіден, сот куә Ш.С. А. айғағына бағалау бермеді. Нақты бүкіл жағдайды басынан аяғына дейін көрген жалғыз куәнің айғағын сот түкке бағаламаған.

Екіншіден, жәбірленуші С.Б. С. бірінші сот отырысында «мен 20 шақырым/сағатта жылдамдықпен жүрдім, артқы әйнекке қарамадым, Т.Д. Х. көлігін көрмедім» деп көрсетті. Ал, екінші сот отырысында «мен 50 шақырым/сағатта жылдамдықпен жүрдім, артқы әйнекке қарап, Т.Д. Х.көлігін алыста жүргенін көрдім» деп айтқан. Онда екіталай сөйлеген адамның айғақтарына қалай сенуге болады?

Үшіншіден, сот полиция қызметкерлердің айғақтарын дәлелдеме ретінде танып, қабылданған шешімнің негізі деп таныған. Жол-полиция қызметкері «біз жол-көлік оқиғасы қалай болған көрмедік» деп айтса да, сот бұны ескірмей, олардың айтқан сөздерін бұрмалап, дәлелдеме ретінде қаулыда келтірген.

Тіпті, полиция инспекторы Г.Н.Н. жол-көлік оқиғасы орнына барғанын, оқиға болған жердің сызбасын екінші жүргізуші Т.Д.Х. қатысуымен оқиға орнын қарап сызғанын атап көрсетсе де, қорғаушы Г. Саражновтың сұрағына «жасаған сызбаны қолдайсыз ба?» - «иә, қолдаймын» сот отырысынды жауап қайтарса да, сот «полиция инспекторы Г.Н.Науанов жол-көлік оқиғасы орнына барғанын, барған кезде жүргізуші С.Б.С. ауруханаға алып кеткенін, оқиға болған жердің сызбасын екінші жүргізуші Т.Д.Х. айтуы бойынша оқиға орнын қарап сызғанын» қаулыда жазып береді.

Төртіншіден, менің, куәлар А. К., Ш. А., полиция қызметкері Г. Н., Д. Ж. іс-әрекеттерді жоққа шығарып, соттың қаулысына сәйкес тек қана жүргізуші С. С. мінсіз, қардан аппақ болып шықты. Бұны қалай түсінуге болады? С. С. дәлелдемелер тексермеген, оған баға сотпен берілмеді.

Сонда судья Ж. А. Ескі Қазақстанның жақтаушы деп санауға болады, Жаңа Қазақстанда, әділ Қазақстанда өмір сүргісі келмейтін судьялардың қатарына жатады деп пікірім қалыптасқан. 

Сонымен қатар, сәйкес «реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде басып озуға тыйым салынады». Бірақ, іс материалдарына, Т.Д. Х. және куәлар Ш.С. А., А.У. Кадирбековтың айғақтарына сәйкес жол-көліктік орын алған Атырау-Астархан тас жолы басты жол деп саналады және оның бағыты өзгертілмейді. Осыған орай басып озуға тыйым салынған жоқ. Басып озуға тыйым салынатын белгісі жолда орналастырылмаған.

Жол жүрісі Қағидаларының 8.47 тармақшасына Сигнал беру жүргізушіге артықшылық бермейді және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды. Жазбаша түрде берген түсініктемеде жәбірленуші С.Б. С. солға бұрылу маневрі қауіпсіз және басқа жүргізушілерге кедергі келтірмейтіндігі жайлы бір сөз да айтқан жоқ. Бір сәтте солға бұрылу шешім қабылдап дәл осы сәтте бұрылды.

Сондықтан, жол-көлік оқиғаның пайда болуының себебі – жүргізуші С.Б. Сабиеваның Жол жүрісі Қағидаларының талаптардың өрескел бұзуы.

Жоғарыда аталған негізінде,

  1. Түлкібас аудандық сотының қаулысының күшін жоюды;
  2. Полицейлер Г. Н.Д. Жасеновтен жауап алуды;
  3. Сот отырысының аудиожазбасынан С.С. айғақтарын қайта тыңдауды сұраймын

20.12.2023 ж.                Х.Т.Ж.

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу