Үйге кіргізу туралы азаматтық істер
Қазақстан Республикасы Конституциясы 25-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тұрғын үйге қол сұғылмайды.
Тұрғын үйден сот шешімінсіз айыруға жол берілмейді. Конституцияның 26-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары өз меншіктерінде заңды жолмен алынған кез-келген мүлікке ие болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы АК-нің 188 –бабының, 1-бөлігіне сәйкес, меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады, ал 3-бөлігінің талабына сәйкес, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кезкелген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 260-бабына сәйкес, меншік иесі өз мүлкін бөтеннің заңсыз иелігінен талап етуге құқылы, ал 235-баптың 2-бөлігіне сәйкес, азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 94-бабына сәйкес, тек отбасылық қарым-қатынасты тоқтатқан, бірақ, Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде немесе жергілікті атқару органдарымен жалға алынған жеке тұрғын үй қорының үйінде, бірыңғай жалға алу шарты негізінде бірге тұруын жалғастыратын тұлғалар ғана жалға алудың бөлек шартын (поднайм) жасамай-ақ, тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтауға құқылы.
Осы заңның 21-бабының ережелеріне сәйкес, тұрғын үйдің меншік иесінің отбасы мүшелері болып, онымен тұрақты түрде бірге тұратын ерлізайыптылар және олардың балалары танылады.
Ерлі-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ, меншік иесімен тұрақты бірге тұратын өз отбасы бар балалары, меншік иесінің отбасы мүшелері болып тек өзара келісім бойынша ғана танылуы мүмкін.
Егер, олар меншік иесімен тұрақты түрде бірге тұрса және онымен бес жылдан кем емес мерзім ортақ шаруашылық жүргізсе, ерекше жағдайларда, меншік иесінің отбасы мүшелері болып, басқа тұлғалар да танылуы мүмкін.
Еңбекке жарамайтын асырауындағы адамдар, егер олар меншік иесімен тұрақты түрде бірге тұрса, меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 22-бабына сәйкес, егер тұрғын үйдің меншік иесімен жазбаша келісімде өзгеше көзделмесе, меншік иесімен отбасылық қатынастары тоқтатылған бұрынғы отбасы мүшелері жалға алу мерзімін көрсетпей-ақ, тұрғын үйді жалға алушылар құқығымен пайдалануы мүмкін.
АК-тің 223-бабына сәйкес, егер, бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болса немесе олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екендігі, олардың арасындағы шартта көзделмесе, ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. АІЖК-нің 11-бабының 1-бөлігіне сәйкес, меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
Тұрғын үйге кіргізу істерінің ерекшеліктері Тұрғын үйге кіргізу істері соттармен іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес, талап қою бойынша іс жүргізу өндірісі тәртібінде қаралады. АІЖК-нің 33-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талаптар, сол объектілер орналасқан жер бойынша қаралады. Бұл соттылық тараптармен де, сотпен де өзгертілуі мүмкін емес.
Аталған санаттағы істер бойынша жалпы юрисдикциялық соттар мен экономикалық соттардың арасындағы соттылық бойынша даулар туындамайды.
Сот шешімдерінің қорытынды бөлігі Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 221-бабының және ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалған шарттарды Мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 24-бабының, 4-бөлігінің талаптарына сәйкес болуы тиіс, онда оған қатысты пайдалану, сондай-ақ, тәртібі анықталған тұрғын және тұрғын емес бөлмелердің көлемінің қысқаша сипаттамасы (суреттемесі) көрсетілуі қажет. АІЖК-нің 226 -бабына сәйкес, мүлікті заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес белгілі бір белгілерін көрсетеді. Сондықтан, шешімде талапкер кіретін тұрғын жай объектісінің мекенжайы көрсетілуі қажет.
Сот шығындарын бөлген кезде соттар АІЖК-нің 110-бабының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» нормативтік Қаулысының 18-бөлігінің ережелерін басшылыққа алады, оларға сәйкес, бірнеше жауапкерлер өтетін істер бойынша сот шығындары, олардан ортақ қатынаста емес, үлестік қатынаста өндіріледі.
Кейде, талапкер жағының сот шығындарынан бас тарту туралы пікірін ескере отырып, соттардың мемлекеттік баж төлеу, өкілдік ету бойынша шығындарды өндіру мәселесін шешпейтін жағдайлары да кездеседі.
Мысалы, талапкер Р.Кадыржанов сотқа жауапкер М.Альжановаға үйге кіру кедергілерін жойып, қолдану тәртібін анықтау туралы талап-арызбен жүгініп, онда заңды некеде тұрған кезінде әйелі екеуі сатып алу-сату келісімшарты бойынша пәтерді сатып алғандарын, соттың шешімімен некелері бұзылғанын, Ақтөбе қалалық сотының шешімімен оның пәтердегі үлесі анықталғанын, алайда жауапкер өзін даулы пәтерге кіргізбей жатқанын көрсеткен. Ақтөбе қалалық сотының 17.03.2015 жылғы шешімімен талап-арыз қанағаттандырылған (судья Баженова Н.К. іс №2-2225). Келесі, №2-3409 санды азаматтық іс бойынша Қостанай қалалық сотының 06.04.2015 жылғы шешімімен талапкер К.Тулебаевтың жауапкерлер С.Тулебаева мен С.А.Тулебаеваға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қолдану құқығын жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, үйге кіргізу туралы қарсы талапарыз қанағаттандырылған. Соттың мұндай шешім шығаруына төмендегі мән-жайлар себеп болған. Атап айтқанда, Қостанай қалалық әкімшілігінің № 2168 санды 27.10.2006 жылғы қаулысына сәйкес, К.Тулебаевқа отбасы мүшелері 5 адамнан тұрғандықтан 3 бөлмелі пәтер берілген. Жауапкер сотқа талапкермен арасындағы некені бұзу туралы талап-арыз бергендіктен, оны талапкер даулы пәтерге кәмелетке толмаған балаларымен кіргізбей қойған. Сол себепті, жауапкер балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болған. Сондықтан, сот жауапкердің пәтерде тұрмаған себебін негізді деп тауып, талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартып, қайта қарсы талап арызды қанағаттандырып, оны балаларымен бірге аталған даулы пәтерге кіргізген (судья Канкулова Б.Е). Қазақстан Республикасы АК-нің 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім осы Кодекспен белгіленген тәртіпте, сотқа өзінің бұзылған құқықтары немесе дауланған Конституциялық құқықтарын қорғау үшін жүгінуге құқылы. Осы Кодекстің 9-бабында қандай құқықтардың қалай қорғалуға жататыны белгіленген. Меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйге кіргізу және тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтау талапкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру ретінде саналады деп ойлаймыз. Осылай болса да, мұндай талап берген кезде, оған қоса меншік құқығын бұзу туралы талап қоюды артық деп есептейміз, себебі, үйге кіргізу мен тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтаудың өзі меншік құқығының бұзылуын жояды.
Мысалы, № 2-1148 санды азаматтық іс бойынша талапкер Н.Баштыреваның жауапкер Н.Иванова, Д.Ивановқа үйге кіргізу және даулы пәтердің кілттер жинағын жекешелендіру шартын беруді міндеттеу туралы талап -арызы Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 01.04.2015 жылғы шешімімен ішінара қанағаттандырылған (судья Михибаев А.Т.). Талапкер Н.Баштырева талап -арызында даулы пәтерден басқа тұратын үйінің жоқтығын, некелері бұзылғаннан соң баратын жерінің болмағанын, ал, жауапкерлер оның пәтерге кіруіне кедергі болып жатқанын көрсеткен. Бірінші сатылы сот талапкердің талап-арызын негізді ішінара қанағаттандырған. Себебі, талапкердің жауапкерлерді даулы пәтердің кілттер жинағын, жекешелендіру шартын беруді міндеттеу талабы негізсіз. Өйткені, аталған шарт АК 220-бабының талабына сәйкес, бірнеше меншік иесіне тиесілі. Келесі, В.Кривошееваның жауапкер Н.Кривошееваға үйге кіргізу және 200 000 теңге өндіру туралы талап-арызы СҚО, Есіл аудандық сотының 30.06.2015 жылғы шешімімен ішінара қанағаттандырылып, талапкер үйге кіргізілген (іс 2-189, судья Альназиров К.).
Нормативтік құқықтық база
Бұл санаттағы істерді қарауда соттармен төмендегі заң актілері басшылыққа алынған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (6, 25, 26 баптар); - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;
- ҚазКСР-сы Президентінің 13.09.1991 жылғы № 444 санды «1991- 1992 жылдарға (І кезең) Қазақ КСР-де мемлекет иелігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендіру Бағдарламасы туралы» Қаулысы және Қазақ КСР-де мемлекеттік меншікті жекешелендірудің купонды механизмі туралы Ережесі (ҚР Президентінің 24.12.91ж. №549, 03.02.92 ж. № 88, 23.06.93ж. № 1288 санды қаулыларымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен);
- 1991-1992 жылдарға (І кезең) Қазақ КСР-де мемлекет иелігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасы; - Қазақстан Республикасы Президентінің 23.06.1993 жылғы №1288 санды «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіруді жеделдету және мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысы (ҚР Президентінің 30.11.93ж. №1434 санды қаулысымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасы Президентінің 23.12.1995 жылғы, 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулардан кейін заң мәртебесін алған «Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы» Жарлығы, ҚР 26.07.2007 жылғы «Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 3.01.1994 жылғы №2 санды «1992 жылдың 1-қаңтарынан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіру тәртібі туралы ережені бекіту туралы қаулысы;
- Жоғарғы Соттың 18.07.1997 жылғы №9 санды «Азаматтармен тұрғын жайларды жекешелендіру заңнамасын қолдану туралы» нормативтік қаулысы;
- Жоғарғы Соттың 9.07.1999 жылғы №10 санды «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
СПОРЫ, ВОЗНИКАЮЩИЕ ИЗ ЖИЛИЩНЫХ ПРАВООТНОШЕНИЙ О ВСЕЛЕНИИ
36 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 каз
29 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 рус
30 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (1)
35 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (2)
29 рет жүктеп алынды