⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша

Заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша

Заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша

Заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша

              Қазақстан Республикасының Салық кодексі негізгі қолданылатын нормативтік құқықтық акт ретінде қолдауға есептелген. Салық кодексінің құрылымы 3 бөліктен тұрады:

1.жалпы - салық заңнамасының қалыптасу прициптері айқындалған.

2.ерекше – салық салудың базасы мен методикасынан тұрады. 3.салықтық әкімшілендіру - процессуалдық мәселелерді құрайды.

3.Халықаралық шарттар Салық кодексінің 2-бабының 5-бөлігіне сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

Қазіргі таңда салық саласындағы аса тараған халықаралық шарттардың түріне екі жақты үкіметаралық шарттар – салық төлемдерінен жалтарудың алдын алу және екі жақты салық салуды жою жөніндегі Конвенциялар жатады.

Қазақстан Республикасының салық салу мәселесі бойынша жасақталатын халықаралық шарттар жасасу тәжірибесінде көп жақты залықаралық шарттар жасаған кездері де болды. Жоғарыда аталған шарттардың барлығы (олардың саны 100 аса), «Законодательство» нормативтік бағдарламасында бар. Сондықтан олардың барлығын атап өтудің қажеті жоқ.

  1. Қазақстан Республикасының«Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңы.

Аталған заң барлық нормативтік құқықтық актілері қолданысының жалпы ережесін айқандайды. Қазақстан Республикасы«Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 36-бабының 6-бөлігіне және 30-бабының 1-бөлігіне сәйкес, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Аталған Заңның 38-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады.

Салық кодексінің 9-бабына сәйкес салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Салық дауларын қараған кезде, соттар аталған талаптарға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ.

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Салық заңдарын қолданудың сот тәжирібесітуралы» №1 от 27 ақпан 2013 жылғы қаулысы.

Қорыту жасаған кезде, салық құқығының жалпы мәселелеріне, яғни салық қатынастарының, салық заңнамасының мінездемесіне тоқталып өткен жөн.

Салық кодексінің 1-бабына сәйкес, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

 Яғни, салық қатынасы бұл – қоғамдық қатынас. Бұл ретте, салық қатынасы мен азаматтық қатынастың айырмашылығын анықтап білу қажет.

Бұл айырмашылық, салық қатынысының билікті-мүліктік мінезінде анықталады.

Бұл айырмашылық туралы АК-нің 1-бабының 4-бөлігінде айқындалған, яғни Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.

Бұл қатынастар, Қазақстан Респуликасы Конституциясы, Салық кодексі және өзге де заңдармен айқындалады. Республика соттарында, салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар, яғни заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша қаралады.

              Салық кодексінің 666, 668-баптарына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

Өкілетті тұлғалардың, соның ішінде салықтық тексеру кезіндегі іс-әрекетін (әрекетсіздігін) даулау негіздері Салық кодексінің 95 тарауымен реттеледі.

Салық кодексінің 686-бабында көзделген, даулау құқығы Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығын, өзінің құқықтары мен міндеттерін қорғауды білдіреді. Өкілетті тұлғалардың іс-әрекетін (әрекетсіздігін) және салықтық тексеру нәтижелерін даулауды сотта қарау тәртібіАІЖК-нің 27-тарауымен реттеледі. Себебі, сол ретте салық органдарының шешімдері дауланады, соның нәтижесімен заңды тұлғаларға тиісті міндеттер белгіленеді.

АІЖК-нің 279-бабына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) нәтижесінде:

1) азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.

АІЖК-нің 27-тарауы негізінде берілген арыздар бойынша азаматтық істер, қоғамдық қарым-қатынастан туындайды және ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады, тек талап арызбен іс жүргізу тәртібімен қаралуға жататын заттық жіне міндеттемелік қатынастан туындайтын даулардан басқа.

Ерекше талап арызбен іс жүргізу, талап арызбен іс жүргізудің бір түрі болаып табылады. Ерекше талап арызбен іс жүргізудің ерекшеліктері:

1) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқытары мен міндеттерін қорғау үшін АІЖК-нің 278 бабының 1 бөлігінде аталып өткен тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігіне) дау айту арқылы шешіледі;

2) сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;

3) іс бітімгершілік келісіммен қысқартуға жатпайды.;

4) аталған санатты азаматтық істер бойынша қысқартылған талап қою мерзімі мен қарау мерзімі айқындалған.

Заттық жіне міндеттемелік қатынастан туындайтын даулар туындаған жағдайда, сот АІЖК-нің 290-бабына сәйкес, талап арызбен іс жүргізу тәртібі бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады.

Сондықтан, АІЖК-нің 27-тарауы бойынша қаралған, заңды тұлғалардың салық органдарының шешімдерін, іс әрекеті(әрекетсіздігін) даулау жөніндегі азаматтық істер қорыту жүргізіліп жатырған істердің санатына, яғни 147санды жолға жатпайды.

Сонымен қатар, салық қызметі органдарының іс-әрекетін (әрекетсіздігін) даулау, соның ішінде, салықтық тексеру нәтижелерін даулау бойынша сот тәжірибесін қорыту Классификатор жүйесі бойыншаМаңғыстау облыстық сотына бөлінген.

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша сот практикасына (заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша 147 санды жол) қорыту заңды тұлғаларадың салық қызметі органына арызымен емес (27 тарау), талап арызы бойынша, яғни талап арызбен қарауға жататын істер бойынша жүргізілуге жатады

              Соттылығы бойынша

Заңды тұлғалар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы. АІЖК-нің 8-бабына сәйкес, әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Аталған даулар, АІЖК-нің 3-тарауында көзделген соттылық талаптарын сақтай отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында (әрі қарай – экономикалық сот) қараған.

АІЖК-нің 30-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.

АІЖК-нің 31-бабына сәйкес, талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады.

Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.

Жалпы процессуалдық талаптар. Талап арызбен жүгіну

              Талап арыз АІЖК-нің 150, 151-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келу керек. Талап арызды өндіріске қабылдаған кезде, салық төлеушінің құқықтық дәрежесін анықтау маңызды мәселе болып таылады.

Салық дауларының барлық санаты бойынша, экономикалық сотқа талап арызбен жүгіну үшін салық төлеуші заңды тұлға болуы қажет.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған дәрежені дәлелдейтін құжат, бұл мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады.

АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігіне сәйкес, талап арызда: арыз берілетін соттың атауы, талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер, жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса, алап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні, талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер, егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Талап арызды қабылдаудан бас тарту тек АІЖК-нің 153-бабы 2-бөлігінде көзделген негіздермен жүргізілу керек. АІЖК-нің 154-бабы 1-бөлігінің 2,7-тармақтарында көзделген негіздермен талап арыз талап қоюшыға қайтарылуы мүмкін.

              Істі сотта қарауға әзірлеу

Істі сота қарауға әзірлеу тиісті түрде жүргізіледі. Талап арызды өндіріске қабылдағаннан кейін, сот АІЖК-нің 168-бабына сәйкес істі сотта қарауға әзірлеу жөнінде ұйғарым шығарады.

Бұл әзірліктің бас мақсаты, дау қатынасының, істі дұрыс қарау үшін тиісті мән-жайлардың түрі, сонымен қатар тараптарға дәлелдемелер алдыртуға қолдама көрсету болып табылады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу жүргізу кезінде судьяларға АІЖК-нің талаптарымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет.

АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.

Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АІЖКнің 47-бабында көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процессуалдық міндеттерді орындамаудың құқықтық салдары туралы талапкерлер мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс.

Егер талапкер өз арызында жауапкердің уәждерін көрсетпесе немесе талап арызға қоса тіркелген материалдарда жауапкердің талап арызға қарсы келтірген дәлелдемелері назар аударарлық болса, онда оларды анықтау үшін істі соттың қарауына әзірлеу барысында жауапкерді сотқа міндетті түрде шақыру қажет болады.

Жауапкермен әңгімелесу барысында оның қарсылықтарының мәнін түсініп, іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар мен дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкердің өтініші бойынша өз бетімен сотқа ұсына алмайтын дәлелдерді басқа заңды тұлғалардан немесе азаматтардан сұратып алуға жәрдем беруге жағдай жасайды.

Даудың сипатын неғұрлым нақтылау және істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа мәселелерді анықтау үшін, егер судья оны қажет деп тапса, талапкер мен жауапкер судьяға бір мезгілде шақырылуы мүмкін.

АІЖК-нің 170-бабының 13-бөлігі, аталған процессуалдық әрекеттердің тізімі шектеулі емес екендігін білдіреді, яғни қосымша процессуалдық әрекеттердің таңдауында заңмен судьяға тәуелсіздік берілген.

Аталған нормативтік қаулының 19-бөлігінің талаптарына сәйкес, АІЖКнің 167-бабында көрсетілген алименттерді өндіру туралы, жәбірленушілерге мертігуден немесе денсаулығына өзге де зақымнан келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша және еңбек қатынастарынан туындайтын барлық талаптар бойынша істерді соттың қарауына әзірлеу мерзімдері ұзартылуға жатпайды. Істердің басқа санаттары бойынша судья ерекше жағдайларда күрделі істер бойынша ғана мерзімді бір айға дейін ұзарта алады.

Судьяның істі соттың қарауына әзірлеу әрекеттерін жеті күн мерзім ішінде немесе кейбір санаттары үшін заң актілерінде көрсетілген мерзім ішінде бітіруі мүмкін болмағанда, ол ерекше жағдай деп танылады.

Сот актілерінің сапасы АІЖК-нің 218-бабына сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуы қажет. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылатын, яғни азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын ала отырып шығарылған және Қазақстан Республикасы Конституциясының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтап, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шығарылған шешім заңды және негізді болып есептеледі. (АІЖК-нің 5 және 6 бабы).

Сот актілері Азаматтық іс жүргізу колексінің ережелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының талаптарын сақтай отырып жасалуы қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2010 жылғы 17 наурыздағы өкімімен бектіліген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін дайындау туралы методикалық ұсыныстарын басшылыққ алады.

АІЖК-нің 221-бабына сәйкес шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. Ал, сол баптың 3-бөлігіне сәйкес, шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

Сот актілерінің сапасы АІЖК-нің 217,218-баптарына сәйкес келеді. Шығарылған сот шешімдерінің мазмұны анық көрсетілген, сот анықтаған мәнжайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері, сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар анық көрсетілген.

              Азаматтық істерді қарау мерзімдері.

АІЖК-нің 174-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес азаматтық істер iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған күннен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.

              Іс жүргізу тілі

АІЖК-нің 14-бабының талаптарына сәйкес, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

              Істерді қарау тәжірибесі

              «Арыстан холдинг» ЖШСКостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жауапкер «Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-не хабарламаны даулау, іскерлік беделін сақтау және 1 000 000 тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Салық қызмет органымен бірнеше рет салық кодының, жүк тасушы жүргізушілердің қолдарының жарамсыздығы туралы айтылған, аталған шындыққа сәйкес емес ақпараттар «Арыстан холдинг» ЖШС-нің және оның қызметкерлерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретіндігін, оысының салдарынан мекеменің имиджіне нұқсан келетіндігін көрсеткен.

Тадап қоюшы, салық кодының растығын дәлелдеу үшін көлік қызметін көрсеткен заңды және жеке тұлғаларды іздеу жүргізгендігін, олардын түсініктеме алуға тура келгендігін, сотқа куәлар мен үшінші тұлғалардың келуін қамтамасыз етуге мәжбүр болғандығын, осының салдарынан қосымша шығындарға ұшырағандығын көрсетті.

Сонымен қатар, дәлелдемелер жинау кезінде талап қоюшының қызметкерлерінің жұмыс уақыты қосымша жұмсалған, жүк тасушыларға баруға және олардың ұялы телефондарына қоңырау шалуға туралы келген. Жоғарыдағылардың салдарынан, 1 000 000 теңге көлемінде талап қоюшының іскерлік беделіне нұқсан келген.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Сотпен анықталғаны: санды салық тексерістері нәтижесімен 3 қазан 2014 жылғы № 537 хабарламаны заңсыз деп танып, күші жойылған, «Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-ін күші жойылған салық сомалараы бойынша өсімпұлдардың қайта есептеу жүргізілген,«Арыстан-Холдинг» ЖШСнің 196050 тенге көлемінде төлеген баж салығын өндіру құқығын тану туралы шешім шығарылған.

Алайда, талап арыздың іскерлік беделін сақтау және 1 000 000 тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы бөлігі сот шешімімен қанағаттандырудан бас тартылған. Бірінші саты сотының талап арыздың іскерлік беделін сақтау және 1 000 000тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы бөлігі қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі, келесі мән-жайлар негізінде шығарылған:

«Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес, қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер).

Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талап коюшының ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.

Салық қызмет органдарымен салынған шектеулерді жою туралы азаматтық істерді қарау

Салық төлемдері бойынша берешгі бар салық төлеушіге қатысты мүлікті қолдануға шектеу қою туралы салық органдарымен шешім шығарылған істер.Кейін мүлік аукционнан сатылады да, салық органдарының шешімі негізінде пайда болған шектеулердің салдарынан, сатып алынған мүліктің құнын толығымен төлеген сатып алушы сол мүлікті өз атына тіркей алмайды.

Сатып алушылар, өз құқықтарын қорғау бойынша келесі міндеттерді істейді: салық органының әрекеті (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы талап қояды, яғни АІЖК-нің 27 тарауы бойынша сотқа талап арызбен жүгінеді немесемүлікке тиым салудан босату туралы, салынған шектеуді алып тастауды міндеттеу туралы талапты талап арыз негізінде береді.

Қадағалау сот алқасы, аталған дауларды талап арыз негізінде қарауы бойынша соттардың пікірін келесі негіздер бойынша дұрыс деген қорытындыға келді. Ең алдымен, мүлікті қолдануға шектеу қою туралы салық органдарымен шығарылған шешімі заңды болып табылады.

Салық кодексінің 610-бабының 10-бөлігіне сәйкес, салық органы мынадай:

1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегі сомасын өтеген жағдайда – осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органы шешім шығарған немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешімінің шағымдалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне өз шағымдарын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.

Яғни, Салық кодексінің 613-бабына сәйкес салық органы осы баптың 10- бөлігінде көзделген негіздер бойынша мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.

Салық төлеушімен салық төлемдері төленбеген, ал мүлік болса оның атын тіркелген, яғни бұл ретте салық басқармасында мүлікті қолдануға шектеу қою туралы шешімнің күшін жоюға себебі жоқ. Салық төлеушінің өзімен салық басқармасының шешімі заңда белгіленген уақытта дауланбаған және тиісінше заңсыз деп танылмаған.

Салық басқармасымен қойылған шектеуді алуға өзге негіздер заңнамалармен көзделмеген. Мүлікке тийым салудан босату және өзге шектеулерден босату туралы талап арыздармен жүгіну, атқарушылық өндірісімен шектелуі мүмкін емес. Бұл мән-жайлар АК-нің 264 және 265-баптарының талаптарына қайшы келеді.

Салық заңнамасының қайнар көзі.

Салық кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынанегізделеді,осыКодекстен, сондай-ақ қабылдануы осыКодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Қазақстан Республикасында салық заңнамаларының бұзылу санатындағы істерді қарау мәселелеріне қатысты негізгі нормативтік-құқықтық актілер базасы:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Конституциясы – ең жоғарғы бастаманы, салық құқығының бастапқы нүктесін айқындайды.

2.Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы