Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу

Жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу

Жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу

Жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу

Еңбек Кодексіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс. Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.

Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. Сонымен, келісу комиссиясына жүгіну жаңа басылымдағы Еңбек Кодексі қолданысқа енгеннен кейін туындаған еңбек дауы тарапының міндеті болып табылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап). Демек, мәселен: егер талапкер 2015 жылы жұмыс істеген кезеңге жалақыны өндіріп алуды сұраса, онда келісу комиссиясына дауды сотқа дейін реттеу тәртібінде келісу комиссиясына жүгіну талап етілмейді. Келісу комиссиялары тараптардың келісуі бойынша еңбек дауларының кез келген санаттарын қарай алады.

Аталған жаңалық сол немесе басқа еңбек дауын шешудің нақты мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін қызметкерлер құқықтарын тиімді қорғалуын арттырумен негізделген және соттардың жүктемесін едәуір азайтуға септігін тигізеді.. Еңбек Кодексіне сәйкес жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс.

Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.

Еңбек Кодексінің аталған бұйрықты талапқа қарамастан, іс жүзінде жұмыс берушінің келісу комиссияларының шешімдерін орындаудан бас тартумен байланысты мәселелер туындайды. Заңнамалық деңгейде келісу комиссиясының шешімін атқару құжаты ретінде орындауды бекіту мүмкін деп санаймыз, ол мүлтіксіз орындауға жатады, бұл сөзсіз комиссияның жұмыс тиімділігін, сондай-ақ еңбек дауларын шешудегі нақты маңыздылығын арттырады. Бұндай жағдайларда, мәселен, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша даулар немесе ерекше ауырлығы жоқ басқа еңбек даулары соңғы нақты шешуді тікелей еңбек ұжымында табар еді. Осындай істер бойынша келісу комиссияларының шешімдерін орындамау туралы мәселе шеңберінде сот сатысына дауды шешу үшін қайта жүгіну талап етілмес еді.

АПК-нің 148-б. 1-б. 6) т. сәйкес арызда егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ талап қою арызына дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар қоса беріледі (АПК-нің 149-б.).

АПК-нің 152-б. 1-б. 1) т. сәйкес егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса судья талап қою арызын қайтарады. Демек, келісу комиссиясына жүгінуді растайтын дәлелдемелер қоса берілмеген еңбек даулары бойынша талап арыздар не болмаса осындай комиссиясының қорытындысы талапкерге қайтарылуы тиіс.

Еңбек дауларын міндетті сотқа дейін реттеу бөлігіндегі еңбек заңнамасына бұл жаңалықтар, сөзсіз, сот төрелігін іске асыру үдерісін оңайлату үшін әсер етуші еді. Жалақыны өндіріп алу туралы және т.б. сияқты еңбек дауларының қатары бойынша осындай сотқа дейінгі тәртіп еңбек жанжалдарының едәуір тез шешілуіне септігін тигізеді. Бұл ретте әрқайсысының сот тарапынан қорғалуына құқығы туралы конституциялық ережені бұзбайды, себебі тараптардың дауды шешуге немесе шағымдау не болмаса келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша сотқа кейінгі жүгінуі Еңбек кодексімен көзделген.

Мәселен, сот дау реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамаумен байланысты бірде-бір талап арыздың қайтарылуы жіберілмеген. Атап өтетін жайт, сотқа дейінгі тәртіп қажеттілігіне әсер ететін шағын, орта не болмаса ірі кәсіпкерлік субъектінің санатына жатқызу үшін жұмыс берушінің мәртебесі туралы мәселені анықтау қажеттілігіне байланысты азаматтық істі қоздыру және талап арызды қабылдау сатысында талап арыздардың қайтарылуы орын алған жоқ.

Жұмыс берушінің орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу туралы мәселені алдын ала сот отырысында анықтаған кезде соттар 152-б. 1- б. 1)-б. негізінде талап арыздарды қараусыз қалдырған, себебі заңда көрсетілген дау реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамаған. Еңбек Кодексімен көзделген еңбек дауларынан шығатын еңбек даулары соттан тыс тәртіпте келісу комиссиясымен, сондай-ақ тікелей сотпен қаралуы мүмкін.

Еңбек Кодексінің жаңа басылымда қолданысқа енгеннен кейін (2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап) еңбек құқық қатынастарынан туындаған еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және заңды тұлғаның атқару органының басшыларынан басқа еңбек дауы тарапының міндеті болып табылады.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс. Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.

Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. Келісу комиссиясының шешімін орындамаған жағдайда не болмаса реттелмеген мәселелер бойынша еңбек дауының тарапы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

АПК-нің 148-б. 1-б. 6) т. сәйкес арызда егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ талап қою арызына дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар қоса беріледі (АПК-нің 149-б.).

АПК-нің 152-б. 1-б. 1) т. сәйкес егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса судья талап қою арызын қайтарады. Демек, келісу комиссиясына жүгінуді растайтын дәлелдемелер қоса берілмеген еңбек даулары бойынша талап арыздар не болмаса осындай комиссиясының қорытындысы талапкерге қайтарылуы тиіс. Сонымен қатар сот практикасында соттар талапкерлер келісу комиссиясына жүгіну немесе дауды реттеу туралы тиісті құжаттарды қоса бермеген кезде еңбек даулары бойынша істерді іс жүргізуге қабылдайды.

Талапкердің келісу комиссиясына жүгіну туралы, келісу комиссиясы шешімінің бар болуы, жұмыс берушінің осындай комиссияны құру туралы мәселелерді зерттелу, жұмыс берушіні кәсіпкерлік (шағын, орта, ірі) субъектісіне жатқызу сотпен істі сот талқылауына дайындау тәртібінде жүзеге асырылады. Бұл ретте сот тараптан тиісті құжаттарды талап етеді.

Заңды тұлғаны кәсіпкерлік (шағын, орта, ірі) субъектісіне жатқызу фактісін әділет органдарына сұраухат жолдау жолымен анықтау мүмкін.

АПК-нің 279-б. 1) т. сәйкес сот, егер талап қоюшы дауды сотқа дейін келісу комиссиясында реттеу тәртібін сақтамаса, арызды қараусыз қалдырады.

Сот практикасында мемлекеттік, құқық қорғау органдарында келісу комиссияларының құрылу қажеттілігі туралы мәселелер туындайды.

Еңбек Кодексінің 255-б. сәйкес Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.

Жеке еңбек дауы тарапының келісу комиссиясына жүгіну міндеті Еңбек Кодексімен анықталса, ал 255-б. көрсетілген адамдардың еңбегі арнайы заңдармен бергіленген ерекшеліктермен Еңбек Кодексімен реттелетіндіктен, онда келісу комиссиясына жүгіну талап етілмейді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.