Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жеке тұлғалардың Салық органдарына талабы бойынша азаматтық істе

Жеке тұлғалардың Салық органдарына талабы бойынша азаматтық істе

Жеке тұлғалардың Салық органдарына талабы бойынша азаматтық істе

Жеке тұлғалардың Салық органдарына талабы бойынша азаматтық істе

               Талап арыздарды сот өндірісіне қабылдамас бұрын салық төлеушінің құқықтық мәртебесін анықтап алу қажет. ҚР АІЖК-нің 27 бабына сай, көрсетілген санаттағы азаматтық істерді қарау аудандық және оған теңестірілген соттарда қарап шешіледі.

              ҚР АІЖК-нің 150-бабына сәйкес, талап арыздың мазмұны мен мәнісі сақталуы қажет. Талап арыз сот өндірісіне қабылданғаннан кейін, ҚР АІЖКнің 168-бабына сәйкес, судья істі қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді.

Судья істің мән-жайларын ескер отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Соттармен талап арыз ҚР АІЖК-ның 249-бабының 3,6,9-тармақтарына сәйкес қараусыз қалдырылады, яғни арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттілігі жоқ болса, өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, талап арызды қайтару туралы арыз берілсе.

Сонымен қатар, соттармен талап арызды қабылдау кезінде ҚР АІЖКның 14-бабының негіздері сақталынады.азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісіні жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мәлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.

Мүлікті тоқтамнан, тиым салудан босату мәселесі жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты дауларына қатысты істерді қарау барысында туындайтын мәселелердің бірі.

Сондықтан сот тәжірибесінің бірыңғай дұрыс жасақталуы үшін жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты даулары бойынша қаралған азаматтық істерді қорыту кезінде, мүлікті тоқтамнан босату мәселесіне жете көңіл бөлу қажет. Аталған практика салық берешегі бар салық төлеушілерге қатысты.

Салық органымен мерзімінде орындамаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойып ол туралы шешім шығарылады.

Аукцион арқылы мүлікті сатып алған дербес сатып алушы сатып алынған мүлікті өзінің жеке меншігіне салық органдарымен салынған шектеу себебінен меншік құқығы ретінде тіркей алмайды.

Сот практикасына келсек, сатып алушылар өзінің құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 27-тарауы негізінде сотқа арызбен жүгінеді, немесе иеленген мүлікті арнайы тізілімнен шығаруды сұрап сотқа талап арызбен жүгінеді.

Аталған санаттағы даулар талап арыз ретінде сотта қаралады.

Мүлік тізімдемесі актісінің күші ҚР Салық Кодексінің 613-бабының 10-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес күші жойылады. Көрсетілген негіздер бойынша сәйкес келмеген, салық төлеушімен салық берешегі өтелмеген, мүлік салық төлеушінің атына тіркелген, сондықтан салық органдарымен мүлікке билікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз болмайды.

Сонымен қатар, салық төлеушімен салық органының шешіміне шағым келтірілмеген, сондықтан Салық органының мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімі заңды болып есептелінеді.

ҚР Салық Кодексінде шешімнің күшін жоюға басқа негіздер көрсетілмеген. Мүлікті тоқтамнан босату, басқа да тиым салулардан алу атқару өндірісімен шектелмейді және ҚР Азаматтық Кодексінің 264, 265-баптарына қарама-қайшы.

Мысалы, В.А. Рычков Солтүстік Қазақстан облысының М. Жумабаев ауылының мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесіне, «Нива Шевроле» автокөлігін тиым салудан босатуды сұрап сотқа талап арызбен жүгінді. В.А. Рычков талап арызында, 16.05.2015 жылы мемлекеттік нөмері Т 518 ВО, 2008 жылғы «Шевроле Нива» автокөлігін сату туралы электронды аукционға қатысқандығын, өткізілген аукцион нәтижесінде жеңімпаз атанғандығын көрсетті. 27.05.2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының М. Жумабаев ауылының мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесімен автокөлікті сатып алу туралы келісім шартқа отырған.

Автоматты түрде сұратылған электронды есепке сәйкес, кіріс басқармасымен мүлікті пайдаланбау туралы шектеу қойылған. Сондықтан талап қоюшымен автокөлікті өзінің меншігі ретінде заңға сәйкес тіркеу мүмкін еместігін көрсеткен.

Сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188,260- баптарын басшылыққа алып, талап қоюшы заң талаптарына сәйкес өзінің меншік құқығына сай мүлігін өз қалауынша иелене алады және оған билік ету құқығына ие деген тұжырымы негізді, талап қоюшының мүлікті босатуды сұраған талабы заңды деп санап, 11.09.2015 жылғы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, мүлік тоқтамнан босатылды. Сонымен қатар,салық органдарынан залалдың құнын өтеу туралы азаматтық істерге де тоқталған жөн.

Е.В. Демин Маңғыстау облысының Ақтау қаласының кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің іс-әрекетін заңсыз деп тануды және келтірілген залал құны 104 781,74 теңге, моралдық залал 50 000 теңге өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Талап қоюшы талап арызында, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұрғанда салық органдарымен камералды тексеріс жүргізілгенін, тексерістен кейін өзінің жеке кәсіпкерлігінің қысқаруына байланысты есептен шығаруды сұрап жүгінгені көрсетті.

Алайда, салық басқармасымен жеке кәсіпкер Е.В. Демин заңда көрсетілген мерзім ішінде жеке кәсіпкер ретінде есептен алынбаған және 28.06.2013 жылы 26.03.2014 жылы салық басқармасымен Е.В. Деминнің «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы депозиттік шотының шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарылған, сондықтан оған 104 781, 41 теңге материалдық залал келтірілген.

ҚР АІЖК-ның 282-бабының 1-тармағына сай, сот арызды орынды деп танып, тиісті мемлекет органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкердің өкімімен талап қоюшының «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы шығыс операциялар екі рет тоқтатылған, яғни №19403 санды 28.06.2013 жылғы, №49337 санды 26.03.2014 жылғы. Жауапкер талап қоюшы Е.В. Деминаның салықтық есебін ұсынбағаннан кейін өкім шығарылғанын растап отыр.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласының №2 қалалық сотымен Е.В. Деминнің талабы ішінара қанағаттандырылды. «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы депозиттік шотының шығыс операцияларын тоқтату туралы жауапкердің іс-әрекеті заңсыз деп танылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 104 781,41 теңге және мемлекеттік баж 1974 теңге өндірілген.

Талап қоюшының жауапкерден 50 000 теңге моральдық залалды өңдіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бірақ арнайы режимді қолдану туралы салық органына арыз бермегендіктен әлеуметтік салық берешегі жалпылама түрде есептелінген даулар санатына да тоқталып кеткен жөн. Бұл жағдайларда жеке кәсіпкермен салық органына қызметін тоқтату туралы арыз берілмеген.

Көрсетілген санататтағы азаматтық істерді қарау барысында қадағалау сот алқасымен жеке кәсіпкер кірісіне қарамай әлеуметтік салықты төлеуге міндетті, себебі салық төлеуші өзінің қызметін тоқтатқан жоқ, есептен шығарылмаған, сондықтан ол әлеуметтік салық төлеуші болып қала береді деген тұжырымға келді.

 Аталған сот практикасы салық саясатының тұрақтылығын реттеу және салық төлеушіні тәртіпке келтіру үшін қажет.

Салықтық құқықтық қатынасты реттеу үшін Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салықтық міндеттемелерді қамтитын бірнеше баптардан тұрады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 26 бабына сай, «Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді, есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден, салық агентінен оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Сондықтан, салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай ісәрекетттер жасайды;

  1. Салық органында тіркелу есебіне тұрады:
  2. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
  3. Салық салу объектілерін және салық салуғаи байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
  4. Салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
  5. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект мүлік пен ісәрекеттер салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

Жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты дауларына қатысты азаматтық істерді қорыту кезінде анықталғандай, жауапкер өз кезегінде жеке тұлғаны қате салық төлеушілердің тізіліміне енгізіп, олардың мемлекет алд қалыптасады. Жеке тұлға бұнымен келіспей сотқа талап арызбен жүгінеді.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Б.С.Жанаеваның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауылының мемлекеттік кірістер басқармасына «Байтерек» шаруа қожалығы есебінде тұрған салық төлеушілердің тізілімінен алып тастауды сұраған талап арызы, жауапкердің талап қоюшының қатысуымен шаруа қожалығы тіркелгенін дәлелді себептерін дәлелдеген жоқ деген себептермен қанағаттандырылды.

Аталған санаттағы азаматтық істерді қарау барысында жеке тұлғаның салық органына берешек сомманы қайта есептетуге міндеттеу туралы істер де сот тәжірибесінде кездеседі. Н.Н. Зоринаның Алматы қаласының Түркісіб ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына берген талабы төмендегі негіздер бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды.

Әділет Департаментімен жылжымайтын мүлік пәтер талап қоюшының атына тіркелген, кейін сатып алу сату келісім шарты негізінде иеліктен шығарылған. Аталған санаттағы азаматтық істерді қарау кезіндегі сот тәжірибесі дұрыс бағытқа қойылған.

Талап қоюшыға жауапкермен салық берешегін төлеу туралы хабарлама жіберілген, талап қоюшымен хабарлама шағымдалмаған.

Сонымен қатар, сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың салық органдарына автокөлік құралына салынған берешек салығын алып тыстауды міндеттеу туралы азаматтық істер де бар.

Мысалы, Мысалы, Б.С. Садвакасова Алматы қаласының Бостандық ауданының салық басқармасының шешімін заңсыз деп танып, автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін алып тастауды міндеттеуді сұрап сотқа талап арызбен жүгінген.

Талап қоюшы өз негіздемесінде, 2005 жылы өзіне тиесілі 1993 жылғы «Ford Explorer» маркалы, мемлекеттік тіркеу нөмері А 422 TZM автокөлігін А.С. Бектургановқа иелік жасағанын, сондықтан оған үш жылға №А0500961 санды сенімхат бергендігін, алайда ол сенімхатттың мерзімі өткеннен кейін автокөлік кері аударылмағандығын көрсеткен.

Сатып алынған автокөлікті М.С. Бектурганов тіркеуден шығармаған және Алматы қаласының Ішкі департаментінің Жол басқармасына тіркеуге қоймаған. Алматы қаласының Қарасай аудандық сотының 29.07.2014 жылғы шешімімен талап қоюшының А.С. Бектургановқа мәмілені жасалды деп тануды сұраған талабы қанағаттандырылып, автокөлікті ауыстыру туралы мәміле жарамды деп танылған.

Сол кезден бастап автокөлік иесі А.С. Бектурғанов болып есептелген. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюшы жоғарыдағы автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін өзінен алып тастауды сұрап Алматы қаласының Бостандық ауданының Салық басқармасына арызбен жүгінген. Алайда, арызы қанағаттандырылмаған.

Сол себепті, Алматы қаласының Бостандық ауданының салық басқармасының шешімін заңсыз деп танып, автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін алып тастауды міндеттеуді сұрап сотқа талап арызбен жүгінген.

Сотпен талап қоюшының талабы төмендегі негіздермен қанағаттандырудан бас тартылған, Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 155 бабының 1 бөліміне сай, Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Ал, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 366 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Сот талап қоюшының әлі күнге дейін көлік құралының иесі болғандықтан, көлік құралына салынған салық заңды деп есептеп, Алматы қаласының Бостандық ауданының Салық басқармасының іс әрекеті өзінің құзыреті шегінде әрекет еткендігін көрсетіп, «АІЖК-ның 27 тарауын соттармен қолданудағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысының 26 бөлімін басшылыққа алып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.

              Жеке тұлғалардың Салық органдарына талабы бойынша азаматтық істерді қарау барысында соттар төмендегі нормативтік актілерді басшылыққа алған;

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,

Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі (бұдан әрі ҚР АІЖК),

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 27.02.2013 жылғы №1 «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу