⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша

Жер учаскелеріне құқықтар берудің не беруден бас тартудың заңдылығына дау айту республика соттары қараған осы санаттағы әкімшілік істердің ең көп санын құрайды. 2022 жылы келіп түскен талап қоюлардың 2021 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда ұлғайғаны байқалады.

Жер учаскелерін беру тәртібі Жер кодексінің 43-бабымен реттеледі. Осы норма Жер кодексінің 48-бабына сәйкес елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін және сауда-саттыққа (аукциондарға) қойылатын жерлерді беру жағдайын қоспағанда, жер учаскесіне құқық берудің жалпы тәртібін реттейді.

Жеке меншікке жер учаскелерін сатып алуға құқығы бар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру ӛтеулі негізде жүзеге асырылады.

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне жер учаскелерін беру Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тегін жүзеге асырылуы мүмкін.

Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

Көрсетілген негіздердің тізбесі толық сипатта және осы норманы қолдану кезінде соттар анық және қатысы бар дәлелдемелерді негізге ала отырып, олардың бар-жоғын тексеруі тиіс.

Мәселен, облыстың соттары қала әкіміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы «М» ЖШС-нің қойған талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Талаптар жер учаскесінің тиісті негіздер болмаған жағдайда конкурстық рәсімдерсіз аралас жер пайдаланушыға заңсыз берілгендігіне уәжделген.

Жергілікті соттар заңның конкурстық негізде жер учаскесін беру туралы императивті нормаларын жауапкердің бұзғанына келісе отырып, сенім құқығын қорғау қағидатын басшылыққа ала отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы соттардың мұндай ұстанымын қате деп таныды, ӛйткені, әкімшілік акт мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қозғайды, конкурстық рәсімдерден тыс жер учаскесін берудің негізділігін растайтын сенімді құжаттар болмаған кезде шығарылған, ал тараптардың құқықтық қатынастарына сенім білдіру құқығын қорғау қағидаты қолданылмайды.

ӘРПК-нің 133-бабына сәйкес талап қоюшы мәжбүрлеу туралы талап қоюды ұсынуға және оны қабылдаудан бас тартылған қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуге құқылы.

Жер кодексінің 52-бабына сәйкес үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.

Мысалы, МАӘС-тің 2022 жылғы 28 наурыздағы шешімімен Б.-ның жер учаскесін беру туралы қаулы шығаруға мәжбүрлеу туралы қала әкімдігіне талап қоюы қанағаттандырылды.

 Әкімдікке сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде гаражды пайдалану үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алу арқылы талап қоюшыға беру туралы қаулы қабылдау міндеті жүктелген.

 Талап қоюды қанағаттандыру үшін Б.-ның гараж түріндегі жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы құқықтық кадастрда тіркелгені, құқық белгілейтін құжат – сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылмағаны негіз болды. Жер кодексінің 52-бабына сәйкес гаражға меншік құқығы ол алып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын білдіреді.

Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды. Әкімдік гаражды пайдалану үшін жер учаскесіне құқықты сатып алу туралы арызды қарау және шешу үшін барлық қажетті құжаттардың толық кӛлемде берілгенін растады.

Соттың шешіміне жоғары тұрған сатыларға шағым берілген жоқ. Тағы бір мысал, МАӘС-тің 2022 жылғы 23 ақпандағы шешімімен А.-ның, Е.-нің және басқаларының қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы қала әкімдігіне талап қоюлары ішінара қанағаттандырылды.

Қала әкімдігіне соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, ӛздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығын беру мәселесі бойынша талап қоюшылардың пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеті жүктелген.

Істің мән-жайларынан қала әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен коттедж үлгісіндегі үйлер кешенін жобалау және салу үшін жер учаскесі «G» ЖШС-ға уақытша ӛтеулі жер пайдалануға берілгені байқалады. 2017 жылғы 14 маусымда жер учаскесін жалға алу шарты жасалған.

2017 жылғы 20 қарашада «G» ЖШС заңда белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерінде салынған 16 тұрғын үйді пайдалануға қабылдады, салынған жеке тұрғын үйлерге меншік құқығын ӛзіне тіркеді және оларды жеке тұлғаларға, оның ішінде талап қоюшыларға сатып алу-сату шарттары бойынша сатты.

Апелляциялық саты шешімнің күшін жойып, талап қоюшыларға жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелері берілмегенін, осыған байланысты олар кадастрлық құны бойынша ӛтеулі негізде ғана берілуі мүмкін екенін кӛрсете отырып, талап қоюдан бас тартты. Кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың мұндай тұжырымдарын қате деп санады.

Апелляциялық сатыдағы сот Жер кодексінің 9, 52-баптарының нормаларын дұрыс қолданбаған. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының қаулысымен МАӘС шешімі күшінде қалдырылды. Барлық жағдайларда ЖАО Жер кодексінің 52-бабының негізінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру мүмкін емес.

Осылайша, Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағында санамаланған жер учаскелерін қоспағанда, су қоры алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды. Кӛрсетілген негіздер болған кезде ЖАО-ның жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруден бас тартуы және жер комиссиясының теріс қорытынды шығаруы заңды болып табылады.

ӘРПК-нің 10-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мӛлшерлес, яғни, жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. ӘРПК-нің 13-бабында бекітілген сенім құқығын қорғау қағидатына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады.

Мысалы. «П» а/т мүшелерінің жалпы жиналысының 1995 жылғы 20 шілдедегі шешімі негізінде Д. №7 «А» жер учаскесін сатып алды.

2020 жылғы 3 желтоқсанда талап қоюшы қала әкімінің атына жер учаскесіне меншік құқығын беру туралы арызбен жүгінді. 2020 жылғы 28 желтоқсанда қала әкімдігінің қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тартылды.

Уәжі – сұратылып отырған жер учаскесі қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 қарашадағы шешімімен бекітілген қала аумағының функционалдық аймақтарына құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарына және қала әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен бекітілген қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес кӛшенің «қызыл сызықтары» шегінде ішінара орналасқан, сондай ақ, Жер кодексінің 102-бабына сілтеме келтірілген. МАӘС-тің 2022 жылғы 28 ақпандағы шешімімен әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылды және күші жойылды.

Сот қала әкімдігін жол берілген бұзушылықты жоюға және соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, талап қоюшының пайдасына әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді. Әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі ӛзгеріссіз қалдырылды.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 наурыздағы қаулысымен сот актілері ӛзгеріссіз қалдырылды.

Соттар талап қоюды қанағаттандыра отырып, талап қоюшының жер учаскесі қала шекарасында орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге емес, елді мекендердің жерлеріне жатады және олардың бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобасына және аумақтың жер-шаруашылық құрылысы жобаларына сәйкес пайдалануға жатады деп негіздеді.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, учаске бау-бақша өсіруге рұқсат етілген Ж-7 тұрғын аймағында орналасқан. Жер кодексінің 32-бабына сәйкес жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.

Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жӛніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады.

Жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе иеліктен шығарылмайтын, ӛтеулі немесе ӛтеусіз сатып алынатын болуы мүмкін.

Жер комиссиясының шешімдеріне және әкімнің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы актілеріне дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде соттар Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен ӛткізу қағидаларын (бұдан әрі – № 518 Қағида) басшылыққа алған жөн. Соттар жер комиссиясының хаттамалық шешіміне ӘРПК-іде кӛзделген тәртіппен жеті жұмыс күні ішінде сотқа шағымдануға болатынын ескеруі тиіс.

Егер жер комиссиясының шешімі іске асырылған жағдайда, ӘРПК-нің 136 бабында белгіленген мерзімде қорытынды әкімшілік акт ретінде әкімнің қаулысы сотта даулануға жатады.

Конкурстарды ӛткізу кезінде жер комиссиялары жіберетін негізгі қателер: -

 кворумның болмауы;

- конкурсқа қатысушылардың баллдарын дұрыс есептемеу;

- жер заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін ретінде қабылданбауға жататын ӛтінімдердің конкурсқа қатысуға жіберілуі.

Комиссия отырысының кворумы

Жер кодексінің 43-бабының 2-б-лігіне сәйкес жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс.

Бұл ретте, қоғамдық кеңестер, агро-неркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және -зге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, жергілікті -зін--зі басқару органдары -кілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

Дауыс беруге міндетті түрде жер комиссиясының тұрақты құрамы және берілетін жер учаскесі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің екі -кілі қатысады. Жер комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Жер комиссиясының төрағасы – жер мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары.

Төрағаның негізгі міндеті комиссия отырысына басшылық ету және оны дұрыс жүргізу болып табылады, оның ішінде, ол талқылауға рәсімдік мәселелерді, оның ішінде, дауыс беруге және комиссия қабылдаған шешімдерді хаттама мен АБТ жазбалар үшін уәждеуге құқығы бар қарсылық білдіру бойынша мәселелерді қоюға тиіс, өйткені, комиссия құрамы іс жүзінде жарияланбайды, залда рұқсатсыз жүреді не комиссия мүшелерінің арасында шешілетін мәселелермен байланысты емес әңгімелер қозғалады.

Отырысты аудио -, бейнетіркеу.

Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі.

Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Отырысты аудио бейнетіркеудің болмауы жер комиссиясының шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.

Мысалы, МАӘС аудан әкіміне жер комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою, қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы Ж.-ның талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады. Соттың 2021 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы шешімімен жер комиссиясының дербес құрамы бекітілді: комиссия тӛрағасы, хатшы, сондай-ақ, 39 мүше.

Жер заңнамасының нормаларына сәйкес кворумды сақтау үшін комиссия отырысына кемінде 26 адам қатысуға тиіс. Сонымен қатар, жер комиссиясы отырысының аудио-бейнежазбасынан сот отырысқа 11 адам қатысқанын анықтады.

Кодекстің 43-бабының мағынасынан кворумның болмауы комиссия отырысын ӛткізу тәртібін елеулі бұзу болып табылады. Шешімге апелляциялық тәртіппен шағым келтірілді, ол күшінде қалдырылды.

Сот актілері заңды күшіне енді. ӘРПК-нің 6-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.

Мысалы. 2021 жылғы 11 қазандағы шаруа (фермер) қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беруге конкурс өткізу бойынша конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасымен «О» ШҚ-ның өтінімі Жер кодексінің 43-1-бабы 12-тармағының негізінде конкурстан алынып тасталды.

Талап қоюшының өтінімін есепке алмай өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша жер комиссиясының 2021 жылғы 11 қазандағы хаттамасының негізінде аудан әкімінің 2021 жылғы 14 қазандағы қаулысы шығарылған, оларға қордағы жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған және мүдделі тұлғалар ретінде тартылған конкурс жеңімпаздарына жер учаскелеріне жалдау құқығы берілген.

Талап қоюшы осы қаулыға дау айтып, оның өтінімі заңнаманың талаптарына толық сәйкес келетіндігін негіздей отырып, конверттерді ашу хаттамасында оның өтінімін конкурстан алу себептері туралы уәжді жауап жоқ.

О. ШҚ-ның өтінімін конкурстан алуға ӛтінімге шарт жасасу бойынша міндеттеменің қоса берілмегені негіз болды. Осыған орай, талап қоюшының өтінімі мен конкурстық ұсынысы бар конвертті комиссия төрағасы ашпаған. Конкурстық өтінімі бар конверт сот отырысында ашылып, онда конкурстық ұсыныс, шарт жасасу жӛніндегі міндеттемелер және Жер кодексінің 43-1-бабының 9 тармағында көзделген басқа да құжаттар көрсетілген конвертте О. ШҚ-ның басшысы тіккен және нөмірлеген күйінде болған. МАӘС 2021 жылғы 4 қарашадағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырды.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен апелляциялық сатының сот актісінің күші жойылып, бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылды.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың өінім формальды негіздер бойынша қайтарған деген тұжырымдарымен келісті. ӘРПК-нің 10-бабының 1, 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.

 Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни, жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. Конкурс қорытындысы бойынша шығарылған жер комиссиясының шешіміне дау айту туралы талап қоюларды қарастыра отырып, соттар конкурстық ӛтінімнің мәні, атап айтқанда, ұсынылған болжамды инвестициялар мен бизнес-жоспар талқыланбауы тиіс, ӛйткені, Қағидаларда бұл мәселелер комиссия мүшелерінің құзыретіне жатқызылған.

Әкімшілік даудың мәні конкурс ӛткізу рәсімін сақтау болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ауданда, қалада, ауылда, кентте (жер учаскесінің орналасқан жері бойынша) кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

 Көрсетілген норманы қолдана отырып, соттар конкурсқа қатысушының жер учаскесіне барынша жақын елді мекенде тұру фактісін басымдық ретінде ескеруі тиіс, бұл ретте, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеке кәсіпкерді тіркеу ғана жеткіліксіз.

Мемлекеттік баж

Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі АПК және Салық кодексінің нормаларымен реттеледі. Мемлекеттік баж жеке тұлғалар үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті, заңды тұлғалар үшін 5 айлық есептік кӛрсеткішті құрайтын Салық кодексінің 610-бабы 1 тармағының 2, 3-тармақшаларында белгіленген мӛлшерде тӛленеді.

Сот шығыстарын өтеу туралы мәселе ӘРПК-нің 122-бабының және АПК-нің 109, 115, 117-бабының талап қоюларына сәйкес шешіледі. АПК-нің 102-бабына сәйкес сот шығыстары мемлекеттік баждан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

ӘРПК-нің 122-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюды осы Кодекстің 138 бабының екінші бӛлігі 5), 6), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтарған кезде сот шығыстары өтелмейді.

ӘРПК-нің 142-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының талап қоюды сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда толықтай кері қайтарып алу туралы арызы келіп түскен жағдайда, сот талап қоюды кері қайтарып алудың салдарын түсіндіреді.

Өзге жағдайларда судья әкімшілік процеске қатысушыларды шақырмай мемлекеттік бажды қайтара отырып, талап қоюды қайтарады.

Соттылық

Жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қарау кезінде істерді шешу үшін соттылық қағидаларын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюды ұсынуы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.

Соттылық ӘРПК-нің 102 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

Республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыс орталықтары шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жеріндегі сот қарауы мүмкін.

Даулардың ведомстволық бағыныстылығы мәселесі бойынша.

Мысалы, МАӘС-қа Жер инспекциясы басқармасының қала, аудан, ауылдық (селолық) округ әкімінің шешімдеріне дау айту туралы әкімшілік талап қоюлары келіп түсті, яғни, дау мемлекеттік органдар арасында туындады.

Кассациялық сатыдағы сот алқасы туындаған мәселе бойынша, егер iстер бойынша тараптар болып өз мәртебесi бойынша бiрдей екi мемлекеттiк орган (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдарының және әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде мемлекет атынан жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымдарына жатады) әрекет етсе және жеке (заңды) тұлғалардың не белгісіз тұлғалар тобының мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін өзара дауласады, бұл жағдайда мұндай талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген түсіндірме берді.

Сонымен бірге, ЖАО-ның жер ресурстарын басқару жӛніндегі уәкілетті органдарға олардың атына енгізілетін нұсқамаларға дау айту туралы талап қоюлары бойынша сұрақтар туындайды.

Уәкілетті органның жер заңнамасы талап қоюларын бұзушылықтарды жою 7 туралы нұсқамасы әкімшілік акт болып табылатынын және Жер кодексінің 146 бабының 3-тармағына сәйкес міндетті сипатта болатынын назарға ала отырып, тексеру субъектілері оған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шағымдануға құқылы.

Мысалы: аудан әкіміне жер учаскесін беру және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жою туралы нұсқамаға аталған аумақтық бірліктің әкімі дау айтуға тиіс. Сонымен қатар, мүдделері кӛрсетілген нұсқамамен жанама түрде қозғалатын жеке, заңды тұлғалардың талап қоюлары қайтарылуға жатады, ӛйткені, шағым келтірілетін әкімшілік акт басқа субъектіге қатысты шығарылады.

Мысалы: «Н» ЖШС-нің тексеріс жүргізу әрекеттерін заңсыз деп тану, бұзушылықтарды жою туралы 2022 жылғы 1 шілдедегі № 95, 96 және 97 нұсқамаларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы Жер ресурстарын басқару департаментіне қойған талабы бойынша.

Сотқа талап қою мерзімдерін сақтау

Негізінен талап қоюшылар жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қойған.

ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы (ӘРПК-нің 136-бабының 5-бөлігі).

Соттар көрсетілген түпкілікті мерзімді қалпына келтіруге байланысты процестік заң бойынша қателіктерге жиі жол береді.

Мысалы, МАӘС-тің 2022 жылғы 10 ақпандағы шешімімен А.-ның аудан әкімдігіне қойған талабы қанағаттандырылды. «А» ЖШС жер учаскесіне құқық беру туралы 2009 жылғы 23 шілдедегі қаулының күші жойылған.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі ӛзгеріссіз қалдырылған.

Соттар әкімдіктің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесіне шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзіммен уақытша ортақ үлестік жер пайдалану құқығы берілгенін анықтады.

Жергілікті соттар Серіктестікке жер учаскесіне құқық талап қоюшының келісімінсіз берілгендігін негізге алды, осыған байланысты қаулы заңсыз деп танылды.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, -йткені, дауды мәні бойынша шешу кезінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюшының әкімшілік рәсімге қатысушы емес екенін ескермеген.

Дау айтылған қаулымен Серіктестікке жер пайдалану құқығы берілген. Қаулы 2009 жылғы 23 шілдеде шығарылған, оны қабылдаудың әкімшілік рәсіміне қатыспаған адам үшін, оның ішінде А. үшін де оны даулау туралы талап қою мерзімі 2010 жылғы 23 шілдеде аяқталған.

Жергілікті соттар процестік заңның жоғарыда к-рсетілген ережелерін бұза отырып, талап қоюшыға түпкілікті болып табылатын мерзімін қалпына келтірген және қайтаруға жататын талап қоюды мәні бойынша қараған.

Соттар ӘРПК-нің 136-бабы 5-б-лігінің нормасы императивті сипатқа ие екенін және көзделген бір жылдық мерзім түпкілікті болып табылатынын және қалпына келтіруге жатпайтынын есте ұстаған жөн. ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Осы негіздер бойынша «А» ШҚ-ның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы ауылдық округтің әкіміне қойған талап қоюы бойынша шығарылған МАӘС-тің 2021 жылғы 5 қазандағы және әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы сот актілерінің күші кассациялық тәртіппен жойылды.

Талап қою қайтарылды. Соттар дауды мәні бойынша шеше отырып, «О» ШҚ даулы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру жөніндегі рәсімдердің 2006-2008 жылдары орын алғанын ескермеген және тиісті құқықтық бағасын бермеген. 2021 жылдың 6 тамызында әкімшілік талап қою берілген. Бұл ретте, талап қоюшы «А» ШҚ бұл рәсімдердің қатысушысы болып табылмайды.

Осындай бұзушылықтар республиканың барлық өңірлерінде орын алған. Талап қоюшылар әкімшілік рәсімге қатысушылар бола отырып, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған әкімшілік актілерге дау айтқанда, талап қоюды беруге мерзімдерді қалпына келтіру кезінде процестік заңды елеулі түрде бұзу жағдайлары орын алады.

Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін негіздер айрықша болуға тиіс, соттар өз құқықтарының бұзылғанын білетін немесе білуі мүмкін талап қоюшылардың жол берген құқығын теріс пайдалануына ықпал етпеуге тиіс.

Апелляциялық сатыдағы соттар, егер бірінші сатыдағы сот талап қоюды іс жүргізуге қабылдаса және АПК-нің 126-бабының ережелерін ескере отырып, апелляциялық қарау сатысында шешім шығарыла отырып, мәні бойынша қараса, ол тек түпкілікті мерзімді ӛткізіп алу үшін ғана қайтарылуы мүмкін екенін ескергені жөн.

Қалған жағдайларда істі апелляциялық саты мәні бойынша қарайды. Сонымен бірге, егер сот мерзімін жеткілікті негіздер болмағанда қалпына келтірсе, бұзылған құқықты қорғау үшін құқықты теріс пайдалану фактісі бойынша бас тартылуы мүмкін.

Наибольшее распространение имеют иски по следующим категориям:

- споры по вопросам законности предоставления права частной собственности и временного землепользования на земельные участки;

- споры, связанные с отказом акимата в продлении договора аренды с землепользователем;

- споры по вопросам изменения целевого назначения земельных участков.

Келесі санаттар бойынша шағымдар ең көп таралған:

- жер учаскелеріне жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша даулар;

- әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар;

- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ӛзгерту мәселелері бойынша даулар;

Заңнама

Қорытылып отырған санаттағы дауларды шешу кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі уақытта қолданылатын заңнамалық актілер жатады. Қорытылып отырған санаттағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);

3) Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – ЖК);

4) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК);

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);

6) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

8) 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Қазақстан Республикасының Экология кодексі;

9) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңы;

10) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

11) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін 2 өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

12) «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысы;

13) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидалары;

14) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары;

15) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді кӛрсету жөніндегі қағидалар.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 «Құқықтық актілер туралы» Заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстердің заңдарға қарағанда жоғары заңдық күші бар; әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

АК-нің 4-бабында, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы