Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Қызметтер / Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотта өкілдік ету немесе қорғау

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотта өкілдік ету немесе қорғау

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотта өкілдік ету немесе қорғау

 

            Апелляциялық іс жүргізу, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне еркін шағымдану құқығын жүзеге асырудың іс жүргізу нысандарының бірі болып табылады және тек адамдардың, сот талқылауына қатысушылардың шағымдары және прокурордың наразылығы бойынша қозғалады.

            Апелляциялық сатыдағы сот iстi iс жүргiзуге қабылдаған кезде iстiң тараптардың тиiстi хабарламасы және шағыммен, сондай-ақ қоса берiлген қосымша материалдармен танысу мүмкiндiгiнiң қамтамасыз етiлуi туралы деректердiң болуын тексеруге мiндеттi.

            Апелляциялық тәртіпте іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 425-бабында белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Бұл ретте жаңа материалдар мен дәлелдемелер зерттелген немесе үкiмнiң күшi жойылған және iс бiрiншi сатыдағы сот үшiн белгiленген тәртiппен қаралған iстер бойынша қарау үшiн екi ай мерзiм белгiленедi.

            Тиісті түрде хабардар етілген процеске қатысушылардың сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Қатысуы міндетті прокурор келмеген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау оның қатысуын қамтамасыз ету үшін қажетті мерзімге кейінге қалдырылады.

 

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сатыдағы сотта өкілдік ету немесе қорғау 1 000 000 теңгеден басталады.