`
Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎
Адвокат
Нығметов Сәбит Дәулетұлы, Қостанай облысында дүниеге келген. 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітіріп. Мемлекеттік біліктілік комиссиясының шешімімен «Заңгер» біліктілігін алған.
Заңгерлік тәжрірибесіндегі еңбек жолын 2010 жылы «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» мемлекеттік мекемесінде бас маман – сот отырысының хатшысынан бастаған. Қостанай облысының сот жүйесінде 7 жылдан астам қызмет еткен.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы 29 маусымда берілген № 17011839 адвокаттық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия бар. Осы сәттен бастап оның заңгер ретінде кәсіби мансабына алғашқы қадамдары басталды. Адвокаттар алқасының мүшесі. Оның Клиенттері үшін сәтті болған істердің саны 500-ден асып жығылады.
Сәбит көмекке мұқтаж заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Клиенттерді уақыт пен ақшаны қажетсіз ысырап етуден сақтай отырып, құқықтық мәселелердің оңтайлы шешімін табуға көмектеседі.
Сәбит қылмыстық және азаматтық істер бойынша маманданған, оның тәжірибесі сонымен қатар әкімшілік істерді және құқықтың басқа салаларын жүргізуді қамтиды: отбасы құқығы, мұрагерлік құқық, еңбек құқығы, тұрғын үй қатынастары саласындағы даулар, сот актілерін орындау, сот актілерін орындау тәртібі, қылмыстық жазалар және т.б.
Нығметов Сәбит Дәулетұлы жүктелген міндеттерді орындаудағы жауапкершілігімен, Клиенттің қажеттіліктерін сезіне білуімен және жанжал жағдайларын реттей алуымен ерекшеленеді.
Кәсіби дағдылары: Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, келісім-шарттар жасаудың қыр-сырын білу, келіссөздер жүргізу қабілеті, талап қою жұмысында және құқықтық құжаттарды әзірлеуде жақсы тәжірибесі бар. Жинақталған практикалық тәжірибе және инновациялық ойлау оған өз Клиенттері үшін ең қиын жағдайлардан шығудың ең оңтайлы жолын табуға көмектеседі.
Заңгер Нығметов Сәбит Дәулетұлы өз қызметінде, ең алдымен, қолданыстағы заңнаманың барлық мүмкін болатын құқықтық аспектілерін ескере отырып, Клиенттің құқықтары мен мүдделерін барынша қорғауға бағытталған.
Үйленген, үш қызы бар. Оның дүниетанымы кең, эрудициясы бар. Оны тарих, заманауи геосаясат және инновациялық технологиялар қызықтырады.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы