Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасына арыз

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасына арыз

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасына арыз

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Мамандандырылған ауданаралық

Алматы қаласы тергеу сотының

Б. Қатықбаевқа

адвокат Нығметов Сәбит Дәулетұлынан

ЖСН 820125350700

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79

313 кеңсе

тел. 87009785755, 

Арыз

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде күдікті С. Л. К. қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 2-СУ СОГ басшысының өтініші бойынша №7595-23-00-2-3м/5842 іс болды..

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 70-бабына және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР Заңының 33-бабына сәйкес адвокат қорғаушыға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы істің материалдарымен танысуға құқылы.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабы негізінде мен күдікті С. Л. К. қорғауды жүзеге асырамын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сұраймын:

-мені күдікті С.Л. К. қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы №7595-23-00-2-3м/5842 іс материалдарымен таныстырсын және іс материалдарының көшірмелерін алуға мүмкіндік берсін.

Қосымша: қорғау туралы хабарлама, адвокат куәлігінің көшірмесі.

10.07.2023 ж. С. Д. Нығметов

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы