Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 659 қаулысы

  "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 122-бабының 1-тармағына және 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 27 шілдедегі№ 659 қаулысынақосымша

 

Мемлекеттік акцияларының пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.

      2. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы.

      3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      4. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      5. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      6. "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      7. "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      8. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 27 шілдедегі№ 659 қаулысыменбекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 376-7, 376-8, 376-9, 376-10, 376-11, 376-12, 376-13, 376-14-жолдармен толықтырылсын:

      "376-7. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.

      376-8. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы.

      376-9. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      376-10. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      376-11. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      376-12. "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      376-13. "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      376-14. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген бөлім алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 604 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылуға жататын заңды тұлғалардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ғарыш техникасы және технологиялар институты" акционерлік қоғамы болып қайта құрылсын.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ғарыш техникасы және технологиялар институты" акционерлік қоғамы осы тізбенің 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қосылсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістерде:

      2-тармақта:

      тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне" деген бөлімде":

      376-14-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлімде 1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.".

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің кейбір шешімдерінеенгізілетін өзгерістер ментолықтыруларға 1-қосымшаҚазақстан РеспубликасыҮкіметінің2025 жылғы 9 қазандағы№ 846 қаулысына1-қосымша

 

Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Байқоңыр баланс" республикалық мемлекеттік мекемесі.

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің кейбір шешімдерінеенгізілетін өзгерістер ментолықтыруларға2-қосымша

 

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi

      1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      Акционерлік қоғамдар

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;";

      3) "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      5) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      6) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      7) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1) "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Республикалық мемлекеттік мекеме

      Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Байқоңыр баланс" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті.

      Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау