⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі

132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі 

      1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беруді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

      Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер оларды алдын ала таңдауды жүзеге асырмайды. 

      2. Балалардың заңды мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді. 

      3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге беру олардың пікірлері ескеріліп жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар өзінің келісімімен ғана берілуі мүмкін. 

       4. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындау қабілеті ескеріледі. 

       5. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғынжайы болмаған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оларға тұрғынжай берілуіне құқығы бар. 

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларға тиесілі ақша мен өзге де мүліктің сақталуы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүктеледі. 

       Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалардың тұрғынжайын иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасасуға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғынжайды өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу бойынша мәмілелерді, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғынжайын бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелерді жасасуға жол берілмейді. 

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар осы Кодекстің 60, 61, 62 және 67-баптарында көзделген құқықтарды да иеленеді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы