Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Ауыл шаруашылығы кооперативі деп Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасына сәйкес құрылған, мынадай қызмет түрлерінің бірімен және (немесе) бірнеше түрімен айналысатын заңды тұлға танылады: 

      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (акцизделетін өнімдерді қоспағанда) және оны өткізу; 

      2) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу; 

      3) өз өндірісінің және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін (акцизделетін өнімдерді қоспағанда) қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу; 

      4) қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мақсатында осындай кооператив мүшелері үшін жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету; 

      5) өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мақсатында осындай кооператив мүшелеріне тауарларды өткізу. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

      2. Осы Кодекстің ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін көзделген ережелері жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде қолданылады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы ара шаруашылығы өнімдерін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

16-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы. 

      Осы тармақтың ережесі: 

      1) осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілігі; 

      2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады. 

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады. 

      Салық төлеуші (салық агенті) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі. 

      Электрондық салық төлеуші салық органдарының веб-қосымшасы арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы. 

      Салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі құрылтай құжаттары және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі. 

      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкілінің болуы құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды. 

      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің (салық агентінің) атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады. 

      6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің осы жеке тұлғаның атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы