Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

       Ескерту. 162-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Сотталған адам заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаларды орындайтын мекеме немесе орган сотталған адамды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы мәселенi қарау үшiн сотқа өтiнiшхат беру құқығының басталғаны туралы бес күндік мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. 

      2. Кешiрiм жасау туралы өтінішхатты жазаны орындайтын мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен енгiзедi. 

      3. Сотталған адамның жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру және кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатына жазаны орындайтын мекеме немесе орган оның жеке басына, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін деректердi қоса бередi. 

      4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртiбiн рақымшылық жасау туралы актiнi шығарған орган айқындайды. 

      5. Психикасының бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. 

      6. Ауыр сырқатына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде сотқа медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. Ұсынуда сотталған адамның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына мінездеме беретін деректер болуға тиiс. 

      7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді. 

      8. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған әйелдiң жүктiлiгi анықталған жағдайда, жазаны орындайтын орган жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы сотқа ұсыну енгiзедi. 

      9. Мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы өтiнiшхатпен жүгінгеннен кейiн оны он күн iшiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген материалдарды және сотталған адамның жеке iсiн қоса бере отырып, сотқа жiберуге, сондай-ақ осы баптың оныншы бөлігінде көзделген ережелерді сақтай отырып, прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. 

      Сотқа материалдар мен прокурорға хабарлама электронды құжат түрінде жіберілуі мүмкін. 

      10. Жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтінішхатты қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайлар болса, сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға не оның жазасының өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыруға немесе одан бас тартуға құқылы. 

      Сот бас тартқан жағдайда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. Бұл ретте жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы соттың бас тартуы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты, сол сияқты соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы – жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішхатты алты ай мерзім өткенге дейін енгізуге кедергі бола алмайды. 

      Сот бас тартқан жағдайда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. 

      Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

    Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бост...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостанды...

Толық оқу »

Основные критерии при удовлетворении и отказа в удовлетворении ходатайств об УДО и ЗМН

Основные критерии при удовлетворении и отказа в удовлетворении ходатайств об УДО и ЗМН Согласно статистическим данным, из рассмотренных 10 073 ходатайств об УДО удовлетворено...

Толық оқу »

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуы

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуыОның қатысу тиімділігі (ҚІЖК 480-бабының 6-бөлігі). Жәбірленушінің немесе оның өкіл...

Толық оқу »

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтару

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтаруҚР ҚІЖК-нің 480-бабы...

Толық оқу »

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелеріҚПК 480-бабының...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

Условно-досрочное освобождение или замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания

Условно-досрочное освобождение или замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания Качество материалов, предоставляемых в суд учреждением или органами, исполняю...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруСоттардың ұстанымы бойынша ШМБ мен ЖЖА-ның басты шарттарының бірі залалдың орнын толтыру, өнді...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002...

Толық оқу »

Комментарий к статье 71. Замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 71. Замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Лицу, отбывающему лишение свободы за...

Толық оқу »

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания В соответствии с планом работ...

Толық оқу »

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Онша ауыр ем...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »