3-бап. Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар:
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан көп пайызы АХҚО органына тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлға.
Жанама иелену АХҚО органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы АХҚО органының иеленуін білдіреді;
2) банк ұйымы – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
3) бейрезидент-заңды тұлға – тиімді басқару орны (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында орналасқан ұйымды қоспағанда, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым.
Бейрезидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа корпоративтік құрылым да түсініледі, олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие не ие емес екендігіне қарамастан, дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады;
4) билік ету шектелген (кепілге салынған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялары бар ұйым – уәкілетті орган айқындаған, салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы заңды тұлға;
5) бұрын банк болған заңды тұлға – сот актісі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған, бұрын банк болып табылған заңды тұлға;
6) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
7) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік, қандас немесе азаматтығы жоқ адам;
8) жұмыскер:
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
мемлекеттік қызметші;
мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, директорлар кеңесінің немесе салық төлеушінің жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі;
қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) заңды тұлға – резидент-заңды тұлға, бейрезидент-заңды тұлға;
10) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік;
11) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және (немесе) қызметтерді көрсететін бейрезидент-заңды тұлға;
12) резидент-заңды тұлға – мыналардың:
Қазақстан Республикасының;
тиімді басқару орны (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым;
13) салық агенті – осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті деп танылатын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы;
14) салық төлеуші – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
15) салықтық мониторингте тұрған салық төлеуші – деңгейлес мониторингке қатысушы, ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы;
16) тұлға – жеке тұлға, заңды тұлға;
17) тіркеуші орган – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін және (немесе) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды;
жылжымалы мүлік кепілі мен кеме ипотекасын;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды;
ғарыш объектілері мен оларға құқықтарды;
көлік құралдарын;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды;
сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
18) уәкілетті мемлекеттік органдар – салық органдары мен жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты, оның ішінде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
19) уәкілетті орган – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
20) ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы – уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесіне енгізілген салық төлеуші.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және осы Кодексте салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеушілер ретінде, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді алу және әкімшілендіру жөніндегі тиісті салықтық және өзге де рәсімдерге қатысушылар ретінде айқындалған барлық жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Жаңа салықты және (немесе) бюджетке төленетін төлемді белгілеу, мөлшерлемені арттыру, салық салу объектісін және (немесе) салық базасын өзгерту, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайту, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша шегерімнің немесе жеңілдіктің күшін жою немесе оларды азайту бөлігінде осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдары ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.
3. Осы Кодекске салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы мүмкін.
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде мұндай заң жобасын салық саясаты саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
5. Қазақстан Республикасы заңдарының салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жаңа түрін белгілейтін, мөлшерлемені арттыратын, жаңа міндеттер белгілейтін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын нашарлататын ережелерінің кері күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы