372-бап. Жәбiрленушiнің және куәнiң айғақтарын жария ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот талқылауында жәбiрленушiнің және куәнiң iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу немесе осыдан алдыңғы сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін осы Кодекстің 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге:
1) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулi қайшылықтар болған кезде;
2) жәбiрленушi немесе куә олардың сот талқылауына келу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын себептер бойынша сот отырысына қатыспаған кезде;
3) тергеу судьясы айғақтарды сақтауға қойған кезде жол берiледi.
2. Жәбiрленушi және куә берген айғақтардың дыбыс жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін тыңдатып-көрсету осы Кодекстiң 368-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген қағидалар бойынша орын алуы мүмкiн.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы