⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Активтерді қайтарудың негізгі қағидаттары Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Заңы

4-бап. Активтерді қайтарудың негізгі қағидаттары Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Активтерді қайтарудың негізгі қағидаттары Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Заңы 

      1. Активтерді қайтару мынадай: 

       1) заңдылық;  

      2) активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандырудың басымдығы; 

      3) жариялылық, ашықтық және есеп берушілік; 

      4) процеске қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғаудың басымдығы; 

      5) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; 

      6) азаматтық айналымды, адал иемденушілер мен адал кредиторлардың құқықтарын қорғау; 

      7) активтерді қайтару жөніндегі шаралар мен тетіктердің пропорционалдылығы (шамалас болуы) қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Активтерді заңсыз иемдену және шығару фактілері туралы хабарлаған немесе активтерді қайтаруға өзгеше түрде жәрдемдесетін адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қорғауында болады. 

 

      Осы Заң қазақстандықтардың қазіргі және келешек ұрпағының мүддесі үшін, Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, құқық үстемдігін, әлеуметтік әділеттілікті, Қазақстан халқының игілігі үшін оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында, заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару (бұдан әрі – активтерді қайтару) жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы