Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Кассациялық сот алқасы жәбірленушіні тонау эпизодына қатысты сотталғанның аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, жаза тағайындау барысында ҚК-нің 55-бабы екінші бөлігінің талаптары бұзылуына байланысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертті Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімімен К. бұрын: 1) 2015 жылы 27 қаңтарда ҚК-нің 178-бабы екінші бөлігінің «а» тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза шартты деп есептеліп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген; 2) 2015 жылғы 6 сәуірде ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігінің «а» тармағымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған, - ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3), 4) тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 64-бабына сәйкес 2015 жылғы 27 қаңтардағы үкіммен тағайындалған шартты түрде соттаудың күші жойылған. ҚК-нің 60-бабына сәйкес үкімдердің өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, тағайындалған жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Осы үкіммен К., С., Қ. және Т.-да сотталған, оларға қатысты өтінішхат келтірілмеген.

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Сот үкімімен сотталған А. жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен үкім өзгертіліп, үкімнің қарар бөлігінен А.-ға қатысты «белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылсын» деген сөздер алып тасталған. Прокурордың сот актілерін өзгертіп, сотталғанның өтінішхатын қанағаттандыру қажеттігі туралы қорытындысын тыңдап, сотталғанның өтінішхатында келтірілген уәждерді және қылмыстық іс материалдарын зерттеп, сот алқасы сотталған А.-ға қатысты сот актілері төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертілуге жатады деп есептейді. Сотталған А. үкімде көрсетілген жағдайда жәбірленушілер Ә., А. ,М., Б.-ларға қатысты қарақшылық шабуыл жасағаны басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген және объективті бағаланған дәлелдемелермен, атап айтқанда сотталғанның басты сот талқылауында кінәсін толық мойындаған жауабымен, жәбірленушілер Ә., Б., М., куә С., сотталғандар К., У., Қ., Т.-ның жауаптарымен және іс бойынша жинақталған жазбаша құжаттардың жиынтығымен: қылмыс болған жерді қарау, айғақ затты алу, беттестіру хаттамаларымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Сот барлық дәлелдемелерді заң талаптарына сәйкес жинақталғанына және олардың рұқсат етілген жолмен алынғандығы мен дұрыстығына ҚПК-нің 125-бабының негізінде тиісті бағасын берген.

Алайда сотталған А.-ның жәбірленуші П.-ға қатысты қылмысты жасамағаны туралы уәждері негізді болып табылады. ҚПК-нің 19-бабына сәйкес сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән оның пайдасына түсiндiрiледi. ҚПК-нің 393-бабы 3-бөлігінің талабына сай айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады. Сол сияқты, «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 12-тармағында істі ҚПК-нің 382-бабында көзделген қысқартылған тәртіпте қарау жағдайларын қоспағанда, егер соттың үкімі сотталушы мен жәбірленушінің талданбаған, ақиқаты салыстырылмаған және басқа дәлелдемелермен: куәлардың айғақтарымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен расталмаған айғақтардың негізінде ғана шығарылса, оны заңды деп тануға болмайды делінген. Алайда бірінші сатыдағы сот тарапынан жоғарыдағы талаптар қажетті деңгейде сақталмаған. Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, сотталған А. жәбірленуші П.-ға қатысты қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот тергеуінде де мойындамай, өзінің бұл қылмысқа қатысы жоқтығын, ол қылмыс жасалған күні жұмыста болғанын және өзінің уәждерін айғақтайтын куәлары барын көрсеткен. Куә Л. сот отырысында өзінің «В» ЖШС-да директор болып жұмыс істейтінін, 2016 жылғы 10 мамырда аталған ЖШС-ға А. жүк тасушы ретінде бір күнге жұмысқа шыққанын, оның қасында экспедитор мен жүргізуші болғанын, жұмысқа шыққан күні оған 8 сағатқа табель толтырылғанын көрсеткен. Куә Р. сот отырысында «В» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс жасайтынын, А.-ның өз араларында «Коля» деп атайтынын, 2016 жылдың 10 мамырында сағат 08:00-де жұмысқа келіп, Колямен бірге автокөлікке жүк тиегендерін, көлікте өзі, А. және экспедитор болғанын, шамамен сағат 11:00-ге жақын бірінші «О» супермаркетіне барып тауарларын тапсырғандарын, одан кейін басқа азық-түлік дүкендеріне тауар таратқандарын, А. сол күні қасында болғанын, ешқайда кетпегенін көрсеткен. Куәлар Ж., Р., Ф., Ю., О., Р. және Ғ.-лардың өздерінің әр түрлі дүкендерде администратор болып жұмыс атқаратындарын, 2016 жылғы 10 мамырда «В» ЖШС-нің оларға алып келген тауарларын дүкен қызметкерлері қабылдап алғандарын, бірақ олардың тауарды нақты кімнен қабылдап алғандарын білмейтіндерін, себебі қазіргі уақытта ол қызметкерлердің жұмыстан шығып кеткендерін, дүкендерде орналасқан дыбыс-бейне жазбаларының сақталмағанын көрсеткен.

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Сонымен қатар, сотталған А.-ның 2016 жылғы 10 мамырда «В» ЖШС-да жұмыста болғаны аталған жұмыс орнының берген ресми құжаттарымен (ведомость, жүкқұжаттармен) расталады. Жәбірленуші П. болса өзінің алғашқы жәбірленуші ретінде берген айғағында оны тонаған адамды көрсе тани алатынын, оның жасы 30-35 шамасында, ұзын бойлы, денесі тығыршықтай екендігін, көзінде күннен қорғайтын қара көзілдірік болғанын көрсеткен. Алайда тану үшін көрсету барысында жәбірленуші П. сотталған А.-ны орта денесінен және көзінен танығанын көрсеткен. Іс құжаттарынан анықталғандай, қылмыс жасалған уақытта сотталған А. 27 жаста болған, жәбірленуші П. болса өзінің айғағында қылмыскердің жасы жобамен 30-35 шамасында деп көрсеткен. Мұндай жағдайда жәбірленуші П.-ның тану кезінде сотталғанды жазбай таныдым деуі күмән тудырады. Ал апелляциялық сатыдағы соттың өз қаулысында сотталған А.-ның сол күні, яғни П.-ның тоналған күні жұмыста болмағаны куә Л.-ның айғағымен расталған деген қорытындысы іс материалдарымен бекімейді, керісінше жоққа шығарылады, себебі үкімге сәйкес аталған куә басты сот талқылауында сотталғанның сол күні жұмыста болғанын көрсеткен. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес егер сот қылмыстың орын алғанын, оны сотталушының жасағандығын, оның қылмыс жасаудағы кінәсін, кінәсі заң талаптарын сақтай отырып жиналған дәлелдемелермен расталғандығын даусыз анықтаса, сонымен қатар сот кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, дәлелдерді тікелей зерттеп, барлық сейілмеген күдіктерді тиісті құқықтық процедура шеңберінде сотталушының пайдасына түсіндіре отырып, ҚПК-нің 390-бабында көрсетілген барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда ғана адамның қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденген деп танылады.

Сондықтан сотталған А.-ның жәбірленуші П.-ға қатысты тонау жасады деген соттың тұжырымы негізсіз және жоғарыда көрсетілген дәлелдемелермен жоққа шығарылады. Сонымен қатар, сот сотталған А.-ға жаза тағайындау кезінде қылмыстық заң талаптарына жете мән бермей, нәтижесінде жазаны дұрыс тағайындамаған. Үкімге сәйкес бірінші сатыдағы сот А.-ға жаза тағайындағанда сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жастығын, отбасы жағдайын, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп таныған. ҚК-нің 55-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр қылмыс жасаған кезде үштен екісінен асыруға болмайды делінген. Сотталған А.-ның қылмыстық әрекеті сараланған ҚК-нің 192-бабы екінші бөлігінің санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Сондықтан сотталған А.-ға ҚК-нің 192-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) тармақтарымен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мөлшері 6 жыл 8 айдан аспауы тиіс. Жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған А.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, ҚК-нің 191-бабы екінші бөлігінің 1), 4) тармақтарымен сотталған А.-ның аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы жәбірленуші П.-ны тонау эпизодына қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылды. А.-ға ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3), 4) тармақтарымен тағайындалған жаза 6 жыл 8 айға дейін төмендетіліп, ҚК-нің 58-бабының ережелерін қолдану алып тасталды. Сот актілерінің жазаны ҚК-нің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындау бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, алдыңғы үкімдер бойынша жазаның өтелмеген бөліктерін ішінара қосу арқылы түпкілікті А.-ның мүлкін тәркілеп, 7 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, сотталған А.-ның өтінішхаты қанағаттандырылды.

Скачать документ