⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

               2015 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы мәслихатына сайлауға қатысты сайлауалды үгіт-насихат өткізу кезінде соттарда, негізінен, депутаттықа кандидаттар мен олардық сенімді өкілдерінің сайлау комиссияларының әрекетіне шағым түсіру туралы даулар қаралған.

              ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 272-бабына сәйкес, Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен жүгінуге құқылы.

              Мысалы, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен А.С. Фабрыйдың Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы арызы қаралды. Арыз мәтінінде оның ҚР АІЖК-нің 25-тарауының тәртібінде 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы жазылған.

ҚР АК-нің 9-бабының 1-тармағына сай, азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

ҚР АІЖК-нің 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

ҚР АІЖК-нің 272-бабына, 273-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен жүгінуге құқылы.

Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 49-бабына сәйкес, соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

Азаматтардың сайлау және сайлану, сайлауға қатысу құқықтарын сотта қорғауға жүгіну мерзімдері тиісінше құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін заңмен нақты белгілен, сондықтан жоғарыда аталған арыз Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауынан бір ай өткеннен соң берілгендіктен, арызданушының талабы сотпен қаралуы мүмкін емес, яғни, 2015 жылдғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы арызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.

ҚР АІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, сот Антон Семенович Фабрыйдың Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы талап-арызын қабылдаудан бас тартты, себебі, арыз азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

ҚР АІЖК-нің 153-бабының 4-бөлігіне сәйкес, арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотына Е.Е. Нарымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №1018 Жарғысын заңсыз деп тану туралы талапарызбен жүгінген.

ҚР АІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Е.Е. Нарымбетов аталмыш талап-арызбен сотқа ҚР АІЖК-нің 27- Тарауын басшылыққа ала отырып жүгінген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес, Жарлық Қазақстан Республикасы Президентi шығаратын актілердің бір түрі және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президеньінің шешімдері мен әрекетіне (әрекетсіздігіне) ҚР АІЖК-нің 27-Тарауымен қарастырылған сот тәртібімен шағым келтіру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Конститциялық Кеңесінің 1999 жылғы 29 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 2- тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 13-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» №7/2 Қаулысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 47- бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті соттарда қаралмайды.

Мұндай мән-жайларда талап-арыз ҚР АІЖК-нің 27-Тарауымен көзделген азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ.

Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның осы нормасының негізінде Е.Е. Нарымбетовтың істі ҚР Конституциялық Кеңесіне жіберу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды, өйткені талап-арызды қабылдаудан бас тартылған болатын.

Осыған ұқсас тағы бір мысал келтіруге болады: Жамбыл облысының Жуалы аудандық сотына А.А. Нұрлыбаев сайлауды заңсыз деп тану және Е. Тлеубековты аудандық мәслихатқа тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімін бұзу туралы талап-арызбен жүгінген.

Азамат А.А. Нұрлыбаев өзінің талап-арызында сайлауды заңсыз деп тану және Е. Тлеубековты аудандық мәслихатқа тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімін бұзу туралы мәселелер қозғаған. Сот аталмыш талап-арыз бен қосы тіркелген материалдарды зерделей келе, оларға тиісінше баға берді.

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы өтініштер бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-Тарауымен сәйкес қаралады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабының 9-тармағына сәйкес, егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды. 2015 жылғы 01 сәуірде орталық сайлау комиссиясының шешімімен Тлеубеков Ерғали депутат болып сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 112-бабына сәйкес, А. Нұрлыбаевтың орталық сайлау комиссиясының әрекетіне 10 күннің ішінде шағым түсіруге құқығы болды. А. Нұрлыбаев шағым түсіру уақытын өткізіп алғандықтан, жоғарыда аталып өткен заңға сәйкес, оның өтініші азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

Сондықтан, ҚР АІЖК-нің 153- бабының 1-тармағына сай, сот өтінішіті қабылдаудан дұрыс бас тартқан. 2015 жылы осы жылдың 31 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Мәслихатына депутаттарды сайлауды заңсыз, жарамсыз деп тану туралы талап-арыздардың түсуі фактілері орын алған.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік («ЖСДП» РҚБ) Алматы қаласы мәслихатының хатшысының 23.02.2015 жылғы №5 өкімінің «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген тармағын және Алматы қаласы мәслихатының 31.03.2015 жылғы дауыс беруге арналған сайлау бюллетендеріне өзге қоғамдық бірлестіктердің (саяси партиялардан басқа) өкілдерін қосқан әрекетін заңсыз деп тану, сонымен қатар, 31.03.2015 жылғы Алматы қаласы мәслихатымен № 482, № 483, № 484, № 485, № 487, № 488, № 501, № 502, № 503, № 504, № 506, № 507, № 508, № 510, № 511, № 512, № 513, № 514, № 515, № 516, № 517, № 518, № 519 сайлау комиссияларымен өткізілген сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Арызда «ЖСДП» РҚБ-нің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10- бабында көзделген тәртіппен Алматы қаласы сайлау комиссиясының құрамына кіру құқығы бұзылғандығы, олардың орнына сайлау комиссиясы мүшелерімен заңсыз түрде «Центр гражданской инициативы» қоғамдық бірлестігі таңдалғаны көрсетілген.

Бұл жайт өз кезегінде есеп комиссиясының 31.03.2015 жылғы хаттамасымен расталады. Көрсетілген мерзім ішінде қала мәслихатына өзінің үміткерлерінің тізімін сайлау комиссияларына ұсынған.

 Алайда, аталмыш сайлау комиссияларына өз үміткерлерін жеті саяси партия ұсынғанына және осы үміткерлердің санының жеткілікті болғанына қарамастан, бюллетендерге «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ-нің үміткерлері заңсыз енгізілген.

Осылайша «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының нормалары бұзылған. Сот отырысында талапкердің өкілдері Т.Д. Сәмбетбай мен С.Г. Уткин талап-арыздарын толық қолдап, қанағандырылуын өтінген.

Сот отырысында Алматы қаласы мәслихатының өкілі В.А. Голофаст талап-арызды мойындамады және келесідей түсінік берді: 28.02.2015 жылы Алматы қаласы мәслихатымен «Вечерний Алматы» басылымының №25 санында сәйкесінше хабарландыру жариялау арқылы, құрамында 301 мүшесі болатын 43 сайлау комиссиясы бойынша сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау өткізілетіні хабарланған. 27.03.2015 жылы мәслихатқа арызданушының учаскелік сайлау комиссияының сайлау бюллетендеріне 28 үміткерді енгізу туралы ұсынысы түсті.

Ұсынылған кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін тексеру шаралары барысында 5 кандидаттың Заңның 19-бабының 10-тармағының талаптарына сай келмейтіндігі анықталды, себебі, олар сәйкес сайлау комиссиялары орналасқан Алматы қаласының территориясында тұрмайтын болып шықты.

Осы себептермен, Алматы қаласының V шақырылым мәслихатының сайлау комиссияларын құрау және дайындау бойынша уақытша комиссиясының 30.03.2015 жылғы хаттамасымен аталмыш кандидаттарға (Бисембаев Ж.К., Көптілеуов Ж.Б., Сиқымбаева А.Т., Әлімбекова Р.К., Көплеуов Е.Ж.) дауыс беру бюллетеніне қосудан бас тартылды.

Нәтижесінде «ЖСДП» РҚБ тарапынан дауыс беру бюллетеніне учаскелік сайлау комиссиясына 23 кандидат тіркелді. 28.02.2015 жылдың сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша саяси партиялардан қажетті 301 кандидаттың орнына тек 281 кандидат қана ұсынылған.

Осылайша, Уақытша комиссия хаттамасымен партиядан басқа кандидаттардың ұсынылмағаны анықталды және сайлау бюллетендеріне «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттарын енгізуге шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Мәслихаттың бұл әрекеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 1-тармағы талаптарына сай жасалған. Осылайша, мәслихат сайлау комиссиясына кандидаттарды сайлау кезінде арызданушының қандай да бір құқықтары бұзылды деп есептемейді.

Соттан арызданушының талабын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Сот отырысында жауапкер Алматы қаласы мәслихатының өкілдері В.Е. Булекбаев, Б.Н. Манзоров, С.К. Жұмабай осындай түсініктер беріп, арызданушының талабын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

ҚР АІЖК-нің 65-бабына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. 2015 жылғы 28 ақпандағы №25 «Вечерний Алматы» басылымында Алматы қаласы мәслихатының сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру туралы хабарламасы жарияланғаны сотта анықталғанды, соттың ҚР АІЖКнің 65-, 272-баптарына сілтеме жасағаны орынды.

Аталған хабарламада мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының талаптарына сәйкес, Алматы облысы аумағының Алматы қаласына қосылуына байланысты Алматы қаласында жаңа Наурызбай ауданы құрылғанын, сонымен қатар, Алматы қаласының Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының шекарасы кеңейтілгенін хабарлаған. Осыған байланысты мәслихат сайлау комиссияларының мүшелерін таңдау туралы ақпарат орналастырған.

Хабарламада саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2015 жылдың 28 ақпаны мен 28 наурызы аралығында мәслихатқа бекітілген тәртіппен ұсынуы қажеттігі көрсетілген. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссиясының құрамына тек бір ғана кандидатура ұсынуға құқылы.

Одан басқа, мәслихаттың ресми хабарламасында саяси партиялардың ұсыныстары түспеген жағдайда мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысымен сайлайды. Алматы қаласы бойынша құрамында 301 сайлау комиссиясының мүшесі бар 43 сайлау комиссиясы құрылуы тиіс болатын.

2015 жылғы 27 наурызда мәслихаттың мекен-жайына «ЖСДП» РҚБ-нен учаскелік сайлау комиссиясының сайлау бюллетендеріне 28 кандидатты қосу туралы ұсынысы түсті. Ұсынылған кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін тексеру шаралары барысында 5 кандидаттың Заңның 19-бабының 10-тармағының талаптарына сай келмейтіндігі анықталды, себебі, олар сәйкес сайлау комиссиялары орналасқан Алматы қаласының территориясында тұрмайтын болып шықты.

Осы себептермен, Алматы қаласының V шақырылым мәслихатының сайлау комиссияларын құрау және дайындау бойынша уақытша комиссиясының 30.03.2015 жылғы хаттамасымен аталмыш кандидаттарға (Бисембаев Ж.К., Көптілеуов Ж.Б., Сиқымбаева А.Т., Әлімбекова Р.К., Көплеуов Е.Ж.) дауыс беру бюллетеніне қосудан бас тартылды.

Нәтижесінде «ЖСДП» РҚБ тарапынан дауыс беру бюллетеніне учаскелік сайлау комиссиясына 23 кандидат тіркелді. 28.02.2015 жылдың сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша саяси партиялардан қажетті 301 кандидаттың орнына тек 281 кандидат қана ұсынылған.

Уақытша комиссия хаттамасымен партиядан басқа кандидаттардың ұсынылмау фактісі тіркелген және сайлау бюллетендеріне «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттарын енгізуге шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

ҚР Конституциясының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондайақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

1966 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның (Қазақстан Республикасы 15.11.2003 жылы қосылған) Бас Ассамблеясымен қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 25-бабы дауыс беру және сайлану құқығын негізсіз бұзуға тыйым салады.

Азаматтық және саяси құқықтарды, оның ішінде сайлау құқығын негізді шектеу аталған Пакт бойынша орын алуы мүмкін, егер мұндай шаралар мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша өзге де міндеттерімен сәйкес болмайтын болып табылмаса және нәсіл, тері түсі, жынысы, тілі, діні немесе әлеуметтік шығу тегі белгілері негізінде кемсітушілікке әкеп соқпаған жағдайда (Пактінің 4 және 5 баптары).

Өтініш беруші Алматы қаласы мәслихатының 23.02.2015 жылғы №5 өкіміне «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген сөздерді енгізу арқылы оның құқықтары бұзылды деп есептеді және қандай құқықтарының бұзылғандығын нақты көрсетпеген. Мәсихат өкімінің 5-тармағында Уақытша комиссияның сайлау комиссиясы мүшелерінің құрамына қажетті кандидаттардың болмаған немесе жетіспеген жағдайда басқа да кандидатураларды, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерден қабылдау құқығы белгіленген.

Аталмыш фраза «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының талаптарына қайшы келмейді, сондай-ақ, өтініш берушінің Конституциялық құқықтары мен Заңмен қорғалатын бостандықтарына нұқсан келтірмейді.

Саяси партиялардың ұсыныстарымен бірге, оның ішінде «ЖСДП» РҚБ-нің 23 кандидаттарымен қоса, «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттары да дауыс беру бюллетендеріне енгізілді.

Осылайша мәслихат Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. 2015 жылғы 31 наурызда өткен комиссия мүшелерін сайлаудың рейтингтік дауыс беру қортындысы бойынша 301 адам сайланған, оның ішінде: Қазақстан Коммунистік халық партиясынан – 43 адам, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан – 43 адам, Қазақстан патриоттары Партиясынан – 43 адам, «Нұр Отан» Партиясынан – 43 адам, «Бірлік» Саяси париясынан – 43 адам, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық париясынан – 43 адам, ЖСДП-нан – 0, «Центр гражданской инициативы» ҚБ-нен – 43 адам, «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ-нен – 0. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар мәслихаттың Конституция принциптеріне, сондай-ақ халықаралық шарттардың тең сайлау құқықтарын ұсыну туралы талаптарын бұлжытпай орындағанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдік бере отырып (12-бап, 1-тармақ), азаматтардың құқықтарын негізді түрде шектеуге жол береді.

Ол тек адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» Нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес, талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.

Өтініш беруші оның құқықтыра мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы дәлел келтіре алмады.

 ҚР АІЖК-нің 218-бабының 2- бөлігіне сәйкес, сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

ҚР АІЖК-нің 15-бабының 2-бөліміне сай, тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды.

Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.

ҚР АІЖК-нің 65-, 77-баптарына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мәнжайларды дәлелдеуі тиіс. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

ҚР АІЖК-нің 66-бабына сәйкес, тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынады және олар сот талқылауында зерттеледі.

Тарапта бар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды.

АІЖК-нің 110- бабының талаптарына сай арызданушының сот шығындары өндіруге жатпайды.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік («ЖСДП» РҚБ) Алматы қаласы мәслихатының хатшысының 23.02.2015 жылғы №5 өкімінің «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген тармағын және Алматы қаласы мәслихатының 31.03.2015 жылғы дауыс беруге арналған сайлау бюллетендеріне өзге қоғамдық бірлестіктердің (саяси партиялардан басқа) өкілдерін қосқан әрекетін заңсыз деп тану, сонымен қатар, 31.03.2015 жылғы Алматы қаласы мәслихатымен № 482, № 483, № 484, № 485, № 487, № 488, № 501, № 502, № 503, № 504, № 506, № 507, № 508, № 510, № 511, № 512, № 513, № 514, № 515, № 516, № 517, № 518, № 519 сайлау комиссияларымен өткізілген сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырудан толық бас тартылды.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер            

Сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғауға байланысты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Коснтитуциясы, өзгерсітер енгізілген 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚР Конституциялық заңы жатады.

              Аталмыш санаттағы істер ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 25- тарауындағы (272-274 баптар) тәртіппен, «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Респуликасының Заңының, 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының тәртіптерімен қаралады.           

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы