Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша

               2015 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы мәслихатына сайлауға қатысты сайлауалды үгіт-насихат өткізу кезінде соттарда, негізінен, депутаттықа кандидаттар мен олардық сенімді өкілдерінің сайлау комиссияларының әрекетіне шағым түсіру туралы даулар қаралған.

              ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 272-бабына сәйкес, Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен жүгінуге құқылы.

              Мысалы, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен А.С. Фабрыйдың Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы арызы қаралды. Арыз мәтінінде оның ҚР АІЖК-нің 25-тарауының тәртібінде 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы жазылған.

ҚР АК-нің 9-бабының 1-тармағына сай, азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

ҚР АІЖК-нің 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

ҚР АІЖК-нің 272-бабына, 273-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен жүгінуге құқылы.

Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 49-бабына сәйкес, соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

Азаматтардың сайлау және сайлану, сайлауға қатысу құқықтарын сотта қорғауға жүгіну мерзімдері тиісінше құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін заңмен нақты белгілен, сондықтан жоғарыда аталған арыз Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауынан бір ай өткеннен соң берілгендіктен, арызданушының талабы сотпен қаралуы мүмкін емес, яғни, 2015 жылдғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы арызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.

ҚР АІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, сот Антон Семенович Фабрыйдың Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президетін кезектен тыс сайлауында сайлау және сайлану құқығының бұзылғандығы туралы талап-арызын қабылдаудан бас тартты, себебі, арыз азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

ҚР АІЖК-нің 153-бабының 4-бөлігіне сәйкес, арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотына Е.Е. Нарымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №1018 Жарғысын заңсыз деп тану туралы талапарызбен жүгінген.

ҚР АІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Е.Е. Нарымбетов аталмыш талап-арызбен сотқа ҚР АІЖК-нің 27- Тарауын басшылыққа ала отырып жүгінген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес, Жарлық Қазақстан Республикасы Президентi шығаратын актілердің бір түрі және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президеньінің шешімдері мен әрекетіне (әрекетсіздігіне) ҚР АІЖК-нің 27-Тарауымен қарастырылған сот тәртібімен шағым келтіру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Конститциялық Кеңесінің 1999 жылғы 29 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 2- тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 13-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» №7/2 Қаулысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 47- бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті соттарда қаралмайды.

Мұндай мән-жайларда талап-арыз ҚР АІЖК-нің 27-Тарауымен көзделген азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ.

Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның осы нормасының негізінде Е.Е. Нарымбетовтың істі ҚР Конституциялық Кеңесіне жіберу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды, өйткені талап-арызды қабылдаудан бас тартылған болатын.

Осыған ұқсас тағы бір мысал келтіруге болады: Жамбыл облысының Жуалы аудандық сотына А.А. Нұрлыбаев сайлауды заңсыз деп тану және Е. Тлеубековты аудандық мәслихатқа тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімін бұзу туралы талап-арызбен жүгінген.

Азамат А.А. Нұрлыбаев өзінің талап-арызында сайлауды заңсыз деп тану және Е. Тлеубековты аудандық мәслихатқа тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімін бұзу туралы мәселелер қозғаған. Сот аталмыш талап-арыз бен қосы тіркелген материалдарды зерделей келе, оларға тиісінше баға берді.

Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы өтініштер бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-Тарауымен сәйкес қаралады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабының 9-тармағына сәйкес, егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды. 2015 жылғы 01 сәуірде орталық сайлау комиссиясының шешімімен Тлеубеков Ерғали депутат болып сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 112-бабына сәйкес, А. Нұрлыбаевтың орталық сайлау комиссиясының әрекетіне 10 күннің ішінде шағым түсіруге құқығы болды. А. Нұрлыбаев шағым түсіру уақытын өткізіп алғандықтан, жоғарыда аталып өткен заңға сәйкес, оның өтініші азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

Сондықтан, ҚР АІЖК-нің 153- бабының 1-тармағына сай, сот өтінішіті қабылдаудан дұрыс бас тартқан. 2015 жылы осы жылдың 31 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Мәслихатына депутаттарды сайлауды заңсыз, жарамсыз деп тану туралы талап-арыздардың түсуі фактілері орын алған.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік («ЖСДП» РҚБ) Алматы қаласы мәслихатының хатшысының 23.02.2015 жылғы №5 өкімінің «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген тармағын және Алматы қаласы мәслихатының 31.03.2015 жылғы дауыс беруге арналған сайлау бюллетендеріне өзге қоғамдық бірлестіктердің (саяси партиялардан басқа) өкілдерін қосқан әрекетін заңсыз деп тану, сонымен қатар, 31.03.2015 жылғы Алматы қаласы мәслихатымен № 482, № 483, № 484, № 485, № 487, № 488, № 501, № 502, № 503, № 504, № 506, № 507, № 508, № 510, № 511, № 512, № 513, № 514, № 515, № 516, № 517, № 518, № 519 сайлау комиссияларымен өткізілген сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Арызда «ЖСДП» РҚБ-нің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10- бабында көзделген тәртіппен Алматы қаласы сайлау комиссиясының құрамына кіру құқығы бұзылғандығы, олардың орнына сайлау комиссиясы мүшелерімен заңсыз түрде «Центр гражданской инициативы» қоғамдық бірлестігі таңдалғаны көрсетілген.

Бұл жайт өз кезегінде есеп комиссиясының 31.03.2015 жылғы хаттамасымен расталады. Көрсетілген мерзім ішінде қала мәслихатына өзінің үміткерлерінің тізімін сайлау комиссияларына ұсынған.

 Алайда, аталмыш сайлау комиссияларына өз үміткерлерін жеті саяси партия ұсынғанына және осы үміткерлердің санының жеткілікті болғанына қарамастан, бюллетендерге «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ-нің үміткерлері заңсыз енгізілген.

Осылайша «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының нормалары бұзылған. Сот отырысында талапкердің өкілдері Т.Д. Сәмбетбай мен С.Г. Уткин талап-арыздарын толық қолдап, қанағандырылуын өтінген.

Сот отырысында Алматы қаласы мәслихатының өкілі В.А. Голофаст талап-арызды мойындамады және келесідей түсінік берді: 28.02.2015 жылы Алматы қаласы мәслихатымен «Вечерний Алматы» басылымының №25 санында сәйкесінше хабарландыру жариялау арқылы, құрамында 301 мүшесі болатын 43 сайлау комиссиясы бойынша сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау өткізілетіні хабарланған. 27.03.2015 жылы мәслихатқа арызданушының учаскелік сайлау комиссияының сайлау бюллетендеріне 28 үміткерді енгізу туралы ұсынысы түсті.

Ұсынылған кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін тексеру шаралары барысында 5 кандидаттың Заңның 19-бабының 10-тармағының талаптарына сай келмейтіндігі анықталды, себебі, олар сәйкес сайлау комиссиялары орналасқан Алматы қаласының территориясында тұрмайтын болып шықты.

Осы себептермен, Алматы қаласының V шақырылым мәслихатының сайлау комиссияларын құрау және дайындау бойынша уақытша комиссиясының 30.03.2015 жылғы хаттамасымен аталмыш кандидаттарға (Бисембаев Ж.К., Көптілеуов Ж.Б., Сиқымбаева А.Т., Әлімбекова Р.К., Көплеуов Е.Ж.) дауыс беру бюллетеніне қосудан бас тартылды.

Нәтижесінде «ЖСДП» РҚБ тарапынан дауыс беру бюллетеніне учаскелік сайлау комиссиясына 23 кандидат тіркелді. 28.02.2015 жылдың сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша саяси партиялардан қажетті 301 кандидаттың орнына тек 281 кандидат қана ұсынылған.

Осылайша, Уақытша комиссия хаттамасымен партиядан басқа кандидаттардың ұсынылмағаны анықталды және сайлау бюллетендеріне «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттарын енгізуге шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Мәслихаттың бұл әрекеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 1-тармағы талаптарына сай жасалған. Осылайша, мәслихат сайлау комиссиясына кандидаттарды сайлау кезінде арызданушының қандай да бір құқықтары бұзылды деп есептемейді.

Соттан арызданушының талабын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Сот отырысында жауапкер Алматы қаласы мәслихатының өкілдері В.Е. Булекбаев, Б.Н. Манзоров, С.К. Жұмабай осындай түсініктер беріп, арызданушының талабын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

ҚР АІЖК-нің 65-бабына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. 2015 жылғы 28 ақпандағы №25 «Вечерний Алматы» басылымында Алматы қаласы мәслихатының сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру туралы хабарламасы жарияланғаны сотта анықталғанды, соттың ҚР АІЖКнің 65-, 272-баптарына сілтеме жасағаны орынды.

Аталған хабарламада мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының талаптарына сәйкес, Алматы облысы аумағының Алматы қаласына қосылуына байланысты Алматы қаласында жаңа Наурызбай ауданы құрылғанын, сонымен қатар, Алматы қаласының Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының шекарасы кеңейтілгенін хабарлаған. Осыған байланысты мәслихат сайлау комиссияларының мүшелерін таңдау туралы ақпарат орналастырған.

Хабарламада саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2015 жылдың 28 ақпаны мен 28 наурызы аралығында мәслихатқа бекітілген тәртіппен ұсынуы қажеттігі көрсетілген. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссиясының құрамына тек бір ғана кандидатура ұсынуға құқылы.

Одан басқа, мәслихаттың ресми хабарламасында саяси партиялардың ұсыныстары түспеген жағдайда мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысымен сайлайды. Алматы қаласы бойынша құрамында 301 сайлау комиссиясының мүшесі бар 43 сайлау комиссиясы құрылуы тиіс болатын.

2015 жылғы 27 наурызда мәслихаттың мекен-жайына «ЖСДП» РҚБ-нен учаскелік сайлау комиссиясының сайлау бюллетендеріне 28 кандидатты қосу туралы ұсынысы түсті. Ұсынылған кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін тексеру шаралары барысында 5 кандидаттың Заңның 19-бабының 10-тармағының талаптарына сай келмейтіндігі анықталды, себебі, олар сәйкес сайлау комиссиялары орналасқан Алматы қаласының территориясында тұрмайтын болып шықты.

Осы себептермен, Алматы қаласының V шақырылым мәслихатының сайлау комиссияларын құрау және дайындау бойынша уақытша комиссиясының 30.03.2015 жылғы хаттамасымен аталмыш кандидаттарға (Бисембаев Ж.К., Көптілеуов Ж.Б., Сиқымбаева А.Т., Әлімбекова Р.К., Көплеуов Е.Ж.) дауыс беру бюллетеніне қосудан бас тартылды.

Нәтижесінде «ЖСДП» РҚБ тарапынан дауыс беру бюллетеніне учаскелік сайлау комиссиясына 23 кандидат тіркелді. 28.02.2015 жылдың сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша саяси партиялардан қажетті 301 кандидаттың орнына тек 281 кандидат қана ұсынылған.

Уақытша комиссия хаттамасымен партиядан басқа кандидаттардың ұсынылмау фактісі тіркелген және сайлау бюллетендеріне «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттарын енгізуге шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

ҚР Конституциясының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондайақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

1966 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның (Қазақстан Республикасы 15.11.2003 жылы қосылған) Бас Ассамблеясымен қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 25-бабы дауыс беру және сайлану құқығын негізсіз бұзуға тыйым салады.

Азаматтық және саяси құқықтарды, оның ішінде сайлау құқығын негізді шектеу аталған Пакт бойынша орын алуы мүмкін, егер мұндай шаралар мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша өзге де міндеттерімен сәйкес болмайтын болып табылмаса және нәсіл, тері түсі, жынысы, тілі, діні немесе әлеуметтік шығу тегі белгілері негізінде кемсітушілікке әкеп соқпаған жағдайда (Пактінің 4 және 5 баптары).

Өтініш беруші Алматы қаласы мәслихатының 23.02.2015 жылғы №5 өкіміне «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген сөздерді енгізу арқылы оның құқықтары бұзылды деп есептеді және қандай құқықтарының бұзылғандығын нақты көрсетпеген. Мәсихат өкімінің 5-тармағында Уақытша комиссияның сайлау комиссиясы мүшелерінің құрамына қажетті кандидаттардың болмаған немесе жетіспеген жағдайда басқа да кандидатураларды, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерден қабылдау құқығы белгіленген.

Аталмыш фраза «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының талаптарына қайшы келмейді, сондай-ақ, өтініш берушінің Конституциялық құқықтары мен Заңмен қорғалатын бостандықтарына нұқсан келтірмейді.

Саяси партиялардың ұсыныстарымен бірге, оның ішінде «ЖСДП» РҚБ-нің 23 кандидаттарымен қоса, «Центр гражданской инициативы» ҚБ мен «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ қоғамдық бірлестіктерінің кандидаттары да дауыс беру бюллетендеріне енгізілді.

Осылайша мәслихат Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. 2015 жылғы 31 наурызда өткен комиссия мүшелерін сайлаудың рейтингтік дауыс беру қортындысы бойынша 301 адам сайланған, оның ішінде: Қазақстан Коммунистік халық партиясынан – 43 адам, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан – 43 адам, Қазақстан патриоттары Партиясынан – 43 адам, «Нұр Отан» Партиясынан – 43 адам, «Бірлік» Саяси париясынан – 43 адам, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық париясынан – 43 адам, ЖСДП-нан – 0, «Центр гражданской инициативы» ҚБ-нен – 43 адам, «Ардагер» Ауған соғысының адрагерлері мен мүгедектері» ҚБ-нен – 0. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар мәслихаттың Конституция принциптеріне, сондай-ақ халықаралық шарттардың тең сайлау құқықтарын ұсыну туралы талаптарын бұлжытпай орындағанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдік бере отырып (12-бап, 1-тармақ), азаматтардың құқықтарын негізді түрде шектеуге жол береді.

Ол тек адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» Нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес, талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.

Өтініш беруші оның құқықтыра мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы дәлел келтіре алмады.

 ҚР АІЖК-нің 218-бабының 2- бөлігіне сәйкес, сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

ҚР АІЖК-нің 15-бабының 2-бөліміне сай, тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды.

Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.

ҚР АІЖК-нің 65-, 77-баптарына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мәнжайларды дәлелдеуі тиіс. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

ҚР АІЖК-нің 66-бабына сәйкес, тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынады және олар сот талқылауында зерттеледі.

Тарапта бар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды.

АІЖК-нің 110- бабының талаптарына сай арызданушының сот шығындары өндіруге жатпайды.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік («ЖСДП» РҚБ) Алматы қаласы мәслихатының хатшысының 23.02.2015 жылғы №5 өкімінің «немесе бәсекеге қабілеттіліктің болмауы» деген тармағын және Алматы қаласы мәслихатының 31.03.2015 жылғы дауыс беруге арналған сайлау бюллетендеріне өзге қоғамдық бірлестіктердің (саяси партиялардан басқа) өкілдерін қосқан әрекетін заңсыз деп тану, сонымен қатар, 31.03.2015 жылғы Алматы қаласы мәслихатымен № 482, № 483, № 484, № 485, № 487, № 488, № 501, № 502, № 503, № 504, № 506, № 507, № 508, № 510, № 511, № 512, № 513, № 514, № 515, № 516, № 517, № 518, № 519 сайлау комиссияларымен өткізілген сайлау комиссиясы мүшелерін таңдау нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырудан толық бас тартылды.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер            

Сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғауға байланысты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Коснтитуциясы, өзгерсітер енгізілген 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚР Конституциялық заңы жатады.

              Аталмыш санаттағы істер ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 25- тарауындағы (272-274 баптар) тәртіппен, «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Респуликасының Заңының, 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының тәртіптерімен қаралады.           

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық (іс) бойынша уақытша тұрғылықты жері бойынша уақтылы тіркеуден өтпеу бойынша қорғау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық (іс) бойынша уақытша тұрғылықты жері бойынша уақ...

Толық оқу »

141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған жеке тұлғаның, осы Кодекстiң 9-бабында...

Толық оқу »

Азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша

Азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 ж...

Толық оқу »

32-бап. Апелляциялық кеңес 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Патент Заңы

32-бап. Апелляциялық кеңес7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Патент Заңы      1. Апелляциялық кең...

Толық оқу »

27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары  5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету Байланыс туралы Заңы

27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары 5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбитал...

Толық оқу »

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тау...

Толық оқу »

23-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы

23-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғауДербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы      Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау ерекшелі...

Толық оқу »

141-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау

141-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау МК-ға алғаш рет мүліктік емес жеке мүліктік емес құқықтарды реттеуге ар...

Толық оқу »

266-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Заңында көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерін қорғау

266-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Заңында көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерін қорғау Бап АК-...

Толық оқу »

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:      1) құқықтарды т...

Толық оқу »

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау Жарнама туралы Заңы

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғауЖарнама туралы Заңы       Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды о...

Толық оқу »

9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғауҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағ...

Толық оқу »

18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау Кәсiптiк одақтар туралы Заңы

18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғауКәсiптiк одақтар туралы Заңы      1. Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып та...

Толық оқу »

Қылмыстық процестегі құқықтарды азаптауды қолдану туралы жалған донорлықтан қорғау

Қылмыстық процестегі құқықтарды азаптауды қолдану туралы жалған донорлықтан қорғауҚазіргі уақытта Жоғарғы Сот БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына, 21-баптың "d" тармағына жә...

Толық оқу »

164-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

164-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау...

Толық оқу »

9-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық құқықтарын қорғау

9-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық құқықтарын қорғау Азаматтық құқықтарды қорғау-бұл құқықтың қол сұғылмауын, оның орындылығын, бұзушыл...

Толық оқу »

251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу ісін жү...

Толық оқу »

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы қабылдауда азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселесі, отбасы құқығы, еңбек даулары, қылмыстық және әкімшілік заңнама және басқа да сұрақтар қойылды.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы қабылдауда азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселесі, отбасы құқығы, еңбек даулары, қылмыстық және әкімшілік заңнама және...

Толық оқу »

6-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

6-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны қорғау шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

264-бапқа түсініктеме. Меншік иесінің құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін иеленуден айырумен байланысты емес бұзушылықтардан қорғау

264-бапқа түсініктеме. Меншік иесінің құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін иеленуден айырумен байланысты емес бұзушылықтардан қорғау Меншік құқығын бұзу тек...

Толық оқу »

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беде...

Толық оқу »

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кәсіпкерлері мен тұтынушыларының құқықтарын қорғау

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кәсіпкерлері мен тұтынушыларының құқықтарын қорғау Кәсіпкерлікті дамыту тұрақты, белсенді және тиімді нарықты...

Толық оқу »

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптарБіріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы № 21...

Толық оқу »

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы  5-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұз...

Толық оқу »

23-бап. Тiркеу куәліктерiнiң иелерi, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi туралы мәлiметтердi қорғау  Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңы

23-бап. Тiркеу куәліктерiнiң иелерi, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi туралы мәлiметтердi қорғауЭлектрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба тур...

Толық оқу »

7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау  Қаржы лизингі туралы Заңы

7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау Қаржы лизингі туралы Заңы      Лизинг алушыға оның лизинг нысанасына құқығын қорғау меншiк құқығын қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз е...

Толық оқу »

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі азаматтық сотта құқықтарды қорғау

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі азаматтық сотта құқықтарды қорғау"Б" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсек...

Толық оқу »

7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отб...

Толық оқу »

39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық...

Толық оқу »

266-бап. Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерiн қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

266-бап. Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерiн қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғауСыбайлас ж...

Толық оқу »

251-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің шешімін орындау кезінде басқа адамдардың құқықтарын қорғау

251-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің шешімін орындау кезінде басқа адамдардың құқықтарын қорғау1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым...

Толық оқу »

306-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

306-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Кәсіпкерлік субъектілері партисипативтік рәсім тәртібімен дау...

Толық оқу »

264-бап. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

264-бап. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыр...

Толық оқу »

60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғауМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет...

Толық оқу »

56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау Киберқауіпсіздік туралы Заңы

56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауКиберқауіпсіздік туралы Заңы      Дербес деректерді қамтитын ақпараттық жүйелердің меншік иелері жә...

Толық оқу »

9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген...

Толық оқу »

441-бап. Ақпаратты және ақпараттық процестерге және цифрландыруға қатысатын тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

441-бап. Ақпаратты және ақпараттық процестерге және цифрландыруға қатысатын тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Ақ...

Толық оқу »

16-бап. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балаларды және босқын балаларды қорғау Босқындар туралы Заңы

16-бап. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балаларды және босқын балаларды қорғауБосқындар туралы Заңы      1. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балалар және босқын...

Толық оқу »

Аудиовизуалды туындылардың контрафактілік даналарын заңсыз сатып алу және оларды нарық аумағында сату Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

Аудиовизуалды туындылардың контрафактілік даналарын заңсыз сатып алу және оларды нарық аумағында сату Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауБірінші және кассациялық сатылард...

Толық оқу »

100-бап. Кәсіптік ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

100-бап. Кәсіптік ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Кәсіптік ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен м...

Толық оқу »

Әкімшілік сотта адвокатты қорғау

Әкімшілік сотта адвокатты қорғауӘҚБтК-нің 159-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілік, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, нарық субъектілер...

Толық оқу »

9-бап. Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

9-бап. Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын,...

Толық оқу »

67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау  Орман кодексі Қазақстан Республикасының

67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау Орман кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен аурулары...

Толық оқу »

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғауҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасында пайдал...

Толық оқу »

21-бап. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандарының құқықтарын қорғау Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

21-бап. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандарының құқықтарын қорғауАдам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандарының құ...

Толық оқу »

265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты...

Толық оқу »

56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде домендiк аттарды қорғау Киберқауіпсіздік туралы Заңы

56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде домендiк аттарды қорғауКиберқауіпсіздік туралы Заңы      1. .KZ және (немесе) .ҚАЗ домендік аттармен тіркелген инте...

Толық оқу »

316-бап. Кепiл ұстаушының кепiлге салынған нәрсе жөнiндегi құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

316-бап. Кепiл ұстаушының кепiлге салынған нәрсе жөнiндегi құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiлге салынған мүлiк болған немесе болуға тиiс ке...

Толық оқу »

563-бап. Жалға алушының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

563-бап. Жалға алушының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Жалға алушыға оның жалға алған мүлiкке құқықтары меншiк құқығын қорғаумен тең қамтамасыз...

Толық оқу »

Сауда, қызмет көрсету шеңберіндегі шарттардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

Сауда, қызмет көрсету шеңберіндегі шарттардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Осы санаттағы істерді реттеудің құқықтық негіздерін құрайды:- Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұтынушыларға берілген түбіртектердегі газ есептегіштерінің көрсеткіштерін жоғарылату тұтынушыларды кемсітудің көрінісі емес

Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұтынушыларға берілген түбіртектердегі газ есептегіштерінің көрсеткіштерін жоғарылату тұтынушыларды кемсітудің көрінісі ем...

Толық оқу »

1103-бап. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1103-бап. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Жеке мүлiктiк емес құқықтарға мұндай құқықтарды қорғау туралы талап ету үшін негіз б...

Толық оқу »

18-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн берiлетiн ақпаратты қорғау Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы

18-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн берiлетiн ақпаратты қорғау Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы      1. Кешендi лицензиар кешендi...

Толық оқу »

1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушінің таңдауы бойынша мүлік тұр...

Толық оқу »

18-бап Шетелдіктердің құқықтарын қорғау Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Заңы

18-бап Шетелдіктердің құқықтарын қорғау Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Заңы      Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің өздеріне тиесілі мүліктік және жеке мүлікті...

Толық оқу »

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау 7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау7-тарау. Мемлекеттік құпиялард...

Толық оқу »

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау Ар-намыс-бұл азаматты Қоғамдық бағалау, оның негізі...

Толық оқу »

18-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы адамдарды қорғау Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң

18-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы адамдарды қорғау Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен....

Толық оқу »

28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету  Байланыс туралы Заңы

28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзетуБайланыс туралы За...

Толық оқу »

10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау Масс-медиа туралы Заңы

10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғауМасс-медиа туралы Заңы      Балалар және білім беру теле-, радиобағдарламаларын тарату, оның ішінде жас сана...

Толық оқу »

265-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесі болып табылмайтын адамның заттық құқықтарын қорғау

265-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесі болып табылмайтын адамның заттық құқықтарын қорғау АК-нің 259-бабы негізінде мүлікті иелену құқы...

Толық оқу »

115-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

115-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

316-бапқа түсініктеме. Кепіл ұстаушының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепіл нысанасына өз құқықтарын қорғауы

316-бапқа түсініктеме. Кепіл ұстаушының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепіл нысанасына өз құқықтарын қорғауы Кепіл ұстаушының затты "талап ету" құқығында - кепіл...

Толық оқу »

14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы      1. Топологияға құқықтарды қорғауды сот:      1) құқықтарды тану...

Толық оқу »

19-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн ақпаратты қорғау Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы

19-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн ақпаратты қорғау Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты...

Толық оқу »

60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғау Халықтың көші-қоны туралы Заңы

60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғауХалықтың көші-қоны туралы З...

Толық оқу »

36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы...

Толық оқу »

38-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау Пошта туралы Заңы

38-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғауПошта туралы Заңы      1. Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қылмыстар бойынша адвокатты қорғау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қылмыстар бойынша адвокатты қорғауҚарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының 2019 жылғы 3 шілдедегі үкіміме...

Толық оқу »

40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғау  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғауҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында кө...

Толық оқу »

12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау Масс-медиа туралы Заңы

12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауМасс-медиа туралы Заңы      1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама...

Толық оқу »