Тұлғалардың біреудің асырауында болуы заңдық фактілерді анықтау туралы
АПК-нің 308-бабы бойынша, арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Жоғарыда көрсетілген процесуалдық заңның нормаларына сәйкес, сот осы санаттағы істерді текқана заңға сай осы фактілер заңды салдарды (азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы) тудырған жағдайда, арыз берушінің тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған немесе жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған (АПК-тің 306-бабы), заңнамадағы жағдайларда қарайды.
Осылайша, бұрыңғы 1999 жылыдң 13-ші шілдесіндеші ҚР АПК-нің (30, 31 тарау ) 2015 жылдың 31-ші қазанындағы ҚР АПК-нің (31, 32 тарау) айрықша ерекшеліктер жоқ. Бұған дейінгі 2015 жылдың 09-шы қарашасындағы қорытындыда материалдық және процессуалдық құқық қазіргі уақытқа дейін өзекті.
АПК-нің 304 бабына сәйкес, ерекше іс жүргізу істері аталған кодекстің 31-49 тарауларына сәйкес талап өндірісі ережесі ерекшеліктерімен қаралады.
Ерекше іс жүргізу істерін сот өтініш беруші мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.
Өтініш беру немесе ерекше іс жүргізу ісін қарау кезінде тиесілілік жайнда дау туындайтын болса, сот өтінішті қараусыз қалдыру жайында ұйғарым шығарып,тараптарға өтінішті талап арыз ретінде беруге құқылы екендігін түсіндіреді.
Егер де қолданыстағы заңнамада олардың анықтаудың өзгеше тәртібі көзделсе, сот АПК-тің 153-бабының 1-бөлігінің 1) тармағына сәйкес арызды қабылдамайды.
Арызды қателікпен қабылдап істі қозғаған жағдайда ол АПКтің 247-бабының 1-бөлігі негізделе тоқтатылуға тиіс. Қолданыстағы ҚР АПК-нің 183 бабы 2 бөліміне сәйкес ерекше іс жүргізу азаматтық істері сотпен, істің сот талқылауына дайындығы аяқталғаннан кейін бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. ҚР АПК-нің 303 бабынаың күшіне сәйкес.
Арыз сот өндірісне қабылданғаннан кейін он жұмыс кені ішінде судья істі сот талқылауына дайындайды, уақытты созуға жол берілмейді. АПК-нің 305-бабының талаптарына сәйкес сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.
Сот мынадай фактілерді:
1) адамдардың туыстық қатынастарын;
2) адамның біреудің асырауында болуын;
3) тууды, бала асырап алуды, некеге тұруды, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеуді;
4) әке болуын тануын;
5) құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін;
6) жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуын, егер арыз берушіде мүліктің тиесілі екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттар болса, бірақ ол күшін жойып, аталған факт соттан тыс белгілеуге мүмкін болмаған жағдайда;
7) жазатайым жағдайды, егер ол басқа жолмен расталмаса;
8) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мәнжайларда қайтыс болуын;
9) мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орнын анықтау туралы істерді, мүрагерлікті растайтын құжаттар болмай немесе жеткідіксіз болып, мүрагерлікті нотариалдық әрекет бойынша берілмейтін жағдайларда;
Заңнамада басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды да сот анықтайды.
Соттылық
Аталған санаттағы істердің соттылығы жоғарыда көрсетілген ҚР АПКнің 307 бабы сонымен қоса 467 бабының 2 бөлімі шетелдік тұлғалар қатысатын Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыреті нормасымен жеткілікті анықталған.
Мысалы: 2016 жылдың 12-ші сәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай аудандық соты судьясының ұйғарымы бойынша, ҚР АПК-нің 152 бабы 2 бөлімінің талабына сәйкес іс осы соттың соттылығына жатпай Азамат С. Мүдделі тұлға – 55632 жауынгерлік бөлім аэропортына асырауында болу фактісін анықтау туралы өтініш, барлық қосымша құжаттарымен қайтарылып, іс Шымкент қаласы Аль-Фараби аудандық сотына соттылы екені түсіндірілді.
Өтінішті қайтаруға негіз болған жағдай, өтініш беруші С. Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы аумағында, яғни Шымкент қаласы, Сауле шағын ауданы, 41 үй, 29 пәтерде тұрады.
Бұған ұқсас жағдай бойынша, 2016 жылдың 04-ші сәуірінде Қостанай облысы Жетіқара аудандық сотымен азамат Т. асырауында болу фактісін анықтау туралы өтініш қайтарылды.
Себебі өтініш беруші Қостанай облысы Арқалық қаласы, Элеваторная көшесі 10 үй, 1 пәтерде тұрып, Жетіқара аудандық сотына өтініш жазған.
Арыздарды қайтару
Бірінші сатыдағы соттардың арызды қайтару туралы ұйғарымдары мен өтініштерінің зерттеуі негізінде барлық арыздар АПК-нің 152-бабына сай 5 дәлелденіп қайтарылғанын көрсетті.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Әл-Фараби аудандық сотының 2016 жылдың 06-шы тамызындағы судья ұйғарымымен азамат А. тұлғаның біреудің асырауында болуы фактісін анықтау туралы арызы қайтарылды.
Іс материалдары бойынша өтініш беруші мүдделі тұлға Д. тұлғаның біреудің асырауында болуы фактісін анықтау туралы арыз бергені белгілі.
Бірақ, өтініш беруші зейнет ақы алатынын дәлелдейтін, отбасы жағдайы бойынша қандай да құжаттар ұсынған жоқ. Өтініште өтініш берушіні мекен жайы ОҚО Шымкент қаласы, Қарасу көшесі, 18 үй, 28 пәтер деп көрсетілсе, ал мекен-жай анықтамасында Қостанай облысы, Федеров ауданы, Успеновка ауылында тіркелегн, яғни өтініш берушінің өтінішінде көрсеткен мекен-жайы мекен-жай анықтамасымен сәйкес келмейді.
ҚР АПК-нің 152 бабы 1 бөлімі 3 тармағына сәйкес, талап қою арызы осы Кодекстің 148 бабының 149 бабы 1 бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса сот талап арызды қайтарады.
ҚР АПК-нің 148 бабы 2 бөлімі 2 тармағына сәйкес талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс.
Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Осындай жағдайларда, аталған өтініш барлық қосымша құжаттармен өтініш берушіге қайтарылады.
Осымен қатар, көрсетілген сот ұйғарымында, ҚР АПК-нің 152 бабы 2 бөлімінің талаптары өтініш берушіге түсіндірілмеген жағдайда, іс аталған сотқа сай келмесе, судья азаматқа қандай сотқа бару керегі жайлы, немесе азаматтық іс қозғауға кедергі олған жағдайларды қалай түзетуге болатынын көрсете отырып ұйғарым шығарады.
Арыздарды қабылдаудан бас тарту
ҚР АПК-нің 151 бабына сәйкес аталмыш істер категориясы қабылдаудан бас тарту мына жағдайларды дұрыс қолданылады.
Мысалы: 2016 жылдың 26-шы сәуіріндегі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық соты судьясының ұйғарымы бойынша азамат Ж. тұлғаның біреудің асырауында болуы фактісін анықтау туралы арыз мына себептермен қабылдаудан бас тартылды:
Азамат Ж. сотқа мүдделі тұлға Аягөз АЭБ-не тұлғаның 2009 жылдың 16-шы сәуірінен қазірге кезге дейін біреудің асырауында болуы фактісін анықтау туралы арыз берген, 1993 жылдың 01-ші қаңтарынан зейнетақы 6 жасына жетуіне баланысты, және де қазіргі уақытқа дейін қызы С. асырауында, соымен қатар оныңң отбасысының бір мүшесі, оның қызметтік пәтерінде тұрады.
ҚР АПК-нің 151 бабы 1 бөлімінің 1 тармағына сәйкес арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса сот арызды қабылдаудан бас тартады. 2016 жылдың 9 ай ішінде тиесілі фактілерді айқындайтын құқықтық құжаттар туралы істерді қарастыратын соттық тәжірибе көбінесе бірқалыпты және Республикадағы соттарда өтініштерді қабылдаудан бас тарту нормалары заңға сай дұрыс қолданылуда. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 153- бабының 1-тармағына сәйкес «судья талап арызды қабылдаудан бас тартады, егер :
1) өтініш азаматтық сот ісін қарауға және шешуге жатпайтын болып табылса;
2) тараптардың арасындағы дауға байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы сот шешімі немесе сотқа сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол тараптар арасындағы дау бойынша көрсетілетін, күшіне енген медиация жолымен дауы шешілсе;
3) сол нысана туралы және сол тараптар арасындағы дау бойынша арбитраж немесе төрелік соттың шешімі қабылданған, және бұл сотқа белгілі болған жағдайда.
- Өтінішті қабылдамау туралы судья дәлелді шешім шығарады, онда егер іс азаматтық сот ісін қарауға және шешуге жатпаса, талапкерге қандай органға хабарласуы тиіс екендігі көрсетеді.
- Өтініш қабылданбағаны туралы ұйғарым сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде жасалу және жеткізілу немесе барлық қосымша құжаттармен өтініш берушіге жіберілу керек.
- Өтінішті қабылдаудан бас тарту сол нысана туралы және сол негіздер бойынша, сол жауапкерге құқықтық қолданысқа өтініш берушінің қайта үндеуін болдырмайды.
- Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық берілуі мүмкін. Осылайша, 2015 жылғы 26.02 Сарыарқа аудандық сотының Астана қаласының судьясының ұйғарымы бойынша Имишев Саят Сағандықұлының асырауда болу фактісін белгілеу өтініші қабылданбады.
Себебі мынадай болды, өтініш беруші жоғарыда айтылып кеткен өтініште өз талаптарының себебін осылай дәлелдеді, анасын Ділдебаева Ш.А. өзіне тәуелді болуын белгіленуі әскери-медициналық бөлімшелерінде тегін медициналық көмектің анасы үшін, атап айтқанда, арнайы мемлекеттік органның мүшесі ретінде толық барлық құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Егер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілуі және өтініштің қаралуы мүмкін емес болса, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 153-бабына 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес судья талап арызды қабылдаудан бас тартады.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 21-бабына сәйкес үнемі бірге тұратын жұбайлар мен олардың балалары үй иесінің отбасы мүшелері болып танылады. Ерлі-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ олардың өз отбасын құрған және үнемі үй иесімен тұратын балалары, тек өзара келісім бойынша иесінің отбасы мүшелері деп танылуы мүмкін.
Ерекше жағдайларда иесімен үнемі тұратын және онымен бірге кем дегенде бес жыл бойы ортақ үй шаруасын атқаратын басқа тұлғалар да үй иесінің отбасы мүшелері деп танылуы мүмкін.Егер иесінің асырауындағы мүгедектеронымен тұрақты тұратын болса, отбасы мүшелері болып табылады.
Келтірілген құқықтың нормасы құқығы туралы дау болмаса, мынадай АХАЖ берген құжаттарымен белгіленетін заңды фактілер, коммуналдық органдар және әділет басқармасымен берілген тіркелу туралы анықтамалар түрінде берілген талаптар келіспеушілік нысанасы бола алмайды дегенді білдіреді.
Сол негізінде, өтініш берушінің анасын оның отбасы мүшесі ретінде тану үшін көрсетілген талабы сот қарауына қабылданбайды, өйткені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу мүмкін емес.
Бұл орайда, сотқа берілген талапты тәуелсіз талап ретінде азаматтық сот ісін жүргізу арқылы шешу мүмкін емес.
Өтінішті қараусыз қалдыру. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 249-бабы 1- тармағы бойынша «сот өтінішті қараусыз қалдырады, егер:
1) талапкер заң бойынша белгіленген сотқа дейінгі дауды шешуге арналған міндетті тәртіпті бұзса және осы іс-рәсімді пайдалану мүмкіндігі жоғалған болып табылмаса;
2) өтінішті әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3) өтініш, өкілетті емес немесе оған қол қоюға өкілеті жоқ тұлғамен қол қойылып берілген болса;
4) осы немесе басқа да сот және арбитраждық немесе төрелік соттың өндірісінде бұрын сол нысана туралы және сол негіздер бойынша, сол тараптар арасындағы дау бойынша іс қозғалса;
5) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмей, заңнамаға сәйкес тараптар арасындағы дауды шешу үшін арбитраждық немесе төрелік сотқа жүгіну туралы келісімге қол қойылса;
6) тараптар олардың болмаған кезде сот ісін қарамауын сұрамаса, сотқа қайталама-вторичный шақыру бойынша келмесе;
7 ) өтініш беруші ол болмаған кезде сот ісін қарамауын сұрамаса, сотқа қайталама шақыру бойынша келмесе;
8) тұлғаның мүдделерін қудалап қозғалған іс бойынша талап арызға қолдау жасалмаса;
9) шағым қайтару үшін өтініш берілген болса;
10) жарияланған күннен бастап үш ай өткенге дейін жоғалған бағалы қағаздар мен иелік бағалы қағаздар бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы өтініш берілсе.
Өтініштерді қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарды зерттеу қалыптасқан соттық тәжірибе көбінесе бірқалыпты және Республикадағы соттарда жұмыс істейтін нормалар заңнамаға сай дұрыс қолданылуын көрсетті.
Негізінен, өтініштер қараусыз қалдырылған себебі - өтініш берушінің өтінішті кері қайтару және қараусыз қалдыру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 249-бабы 9-тармағына негізделген өтініші (№ 2-93/15, 2-70/15 істері Ақмола облысының Сандықтау аудандық соты; 2-2340/15, 2 -3341/15 Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты т.б.).
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 247-бабына сәйкес «Сот іс жүргізуді тоқтатады, егер:
1) істің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы тиіс болмаса;
2) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздерге байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы күшіне енген сот шешімі болса немесе арыз беруші арызынан бас тартса, сот анықтауы бойынша іс жүргізілуі тоқтатыладынемесе тараптар есеп айырысу шартты бекітіп, тараптардың келісім беруі бойынша даулары (дау-шарлары) медиация жолымен шешілсе;
2-1) сол тараптар арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негізінде арбитраждық немесе төрелік соттың қабылданған шешімі болса;
3) арыз беруші арызынан бас тартып, сот оны қабылдаса;
3) тараптар есеп айырысу келісімге келсе және ол сотпен бекітілсе;
4-1) тараптар медиация жолымен дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімгекелсе және ол сотпен бекітілсе;
5) іс бойынша тарап болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін, дауластық құқыққатынастар сабақтастығына мүмкіндік бермейді;
6) тарап болып табылатын ұйым өз қызметін тоқтатуына байланысты жойылған және мирасқорлары болмаған жағдайда».
Іс жүргізуді тоқтату ұйғарымдарының зерттеуі соттық тәжірибе көбінесе бірқалыпты және Республика соттарымен қолданыстағы заңнаманың нормалары дұрыс қолданылуда екенін көрсетті.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының № 2 сотының ұйғарымына сәйкес Егорова Анастасия Дмитриевнаның Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 247-бабы 1- тармақшасына сәйкес тәуелді болып табылу фактісін және мұра қабылдау фактісін анықтау үшін берілген өтініші бойынша іс жүргізуі тоқтатылды.
«Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 Нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес сот өтінішті қабылдағанда өтініш берушінің фактіні орнатудағы заңды мүддесін анықтауы қажет.
Өтінішті қате қабылдау және іс қозғалған жағдайда, ол ҚР Азаматтық процестік кодексінің 247-бабы 1-тармағының негізінде тоқтатылады.
Өз өтінішінде, сондай-ақ сотта өтініш беруші Егорова А.Д., және оның өкілі тәуелді болып табылу құқықтық фактісі анықталуы мұралық қабылдау фактісін анықтауы үтттін, яғни 2010 жылы қайтыс болған Шкода И.П. кейін ашылған мүлікті мұра ету үшін қажет деп көрсеткен.
Алайда,сотқа дайындық барысында Шкода И.П. 2010 жылдың 10.12 өсиеті негізінде барлық мүлкін мұраға Расторгуева О.И. бергені белгіленген, сондай-ақ заң бойынша міндетті үлеске тиесілі ұлы Шкода А.И. мұрагері болып табылады.
ҚР Азаматтық кодексінің 1069, 1068-бабына сәйкес мұрагердің асырауындағы мүгедектер мирасқорлық құқығы бойынша ғана мұра алуға құқықты.
Бұл жағдайда мұра қалдырушы Шкода И.П. өсиет жазылған және мүлікеншілеу өсиет бойынша жүзеге асырылған, осыған байланысты тәуелді болып табылу туралы құқықтық фактісінің анықталуы Егорова А.Д. үшін ешқандай заңды салдарын, соның ішінде мұрагерлік құқты туғызбайды.
Өтініш азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралмаса, ол ҚР Азаматтық процестік кодексінің 153-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сотқа қабылданбайды, мұндай өтініш бойынша азаматтық іс қозғауы мүмкін емес болып табылады.
Егер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмайтын өтініш бойынша азаматтық іс қозғалса, осындай іс ҚР Азаматтық процестік кодексінің 247-бабы 1-тармағының негізінде тоқтатылады.
Көрсетілген санаттағы істерді қарау барысында соттар тұлғаның біреудің асырауында болу фактісін анықтаудың (АПК-тің 291-бабының 2- тармағы 2-тармақшасы) мұра алу үшін (АК-тің 1068-бабы) немесе асыраушыны жоғалту жағдайына байланысты жәрдемақы алу үшін (АК-тің 940-бабы), сондай-ақ заңмен көзделген басқа да жағдайлардазаңдық маңызы бар болуының білгені қажет.
Сонымен қатар, егер арыз берушінің табысы болған, зейнетақы, шәкіртақы т.б. алған жағдайда,асырау көрсеткен тұлға жағынан көмек тіршілікке тұрақты және негізгі қаражат көзі болғанын анықтаудың қажеттілігін есепке алу керек.
Асыраушыны жоғалту жағдайына байланысты жәрдемақыны тек ғана қайтыс болғанның асырауында болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелер алуға құқылы.
Заң бойынша мұраға құқығын рәсімдеу мақсатымен асырауда болу фактісін анықтау үшін арыз беруші мұра қалдырушымен бірге тұрып және оның қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болғаны, мұраның ашылу күніне дейін енбекке жарамсыз болғаны қажет (1068- бабының 1-тармағы).
Тұлғалардың мұра қалдырушының асырауында болған заңдық фактісін анықтау туралы істерді қарау барысында соттарға келесі белгені керек. Заң бойынша мұрагерлерге сондай-ақ АК-тің 1061-1068-баптарында көрсетілген мұрагерлер шеңберіне кірмейтін, бірақ мұра қалдырушымен бірге тұрып және оның қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған, мұраның ашылу күніне дейін енбекке жарамсыз болған азаматтар да жатады.
Басқа мұрагерлер бар болуымен, олар сол кезегіндегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
Мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асыраудағы жандар, егер олар мұраның ашылу күніне дейін енбекке жарамсыз, мұра қалдырушының қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған жағдайда ашылған мұрадан бөлік алуға құқылы.
АК-тің 1062-1064 -баптарында көрсетілген заң бойынша мұрагерлерге жататын еңбекке жарасыз тұлғалар, мұра қалдырушымен бірге тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан, мұрагерлікке шақырылатын мұрагерлер кезегімен бірге және тең мұра алады.
АК-тің 1062-1064-баптарында көрсетілген заң бойынша мұрагерлерге жатпайтын еңбекке жарасыз тұлғалар, егер мұра қалдырушымен бірге тұрған болса, мұрагерлікке шақырылатын мұрагерлер кезегімен бірге және тең мұра алады.
Сонымен, мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлермен тең мұра алатын, еңбекке жарамсыз асыраудағы жандарды екі дәрежеге бөлуге болады:
- Мұра қалдырушымен бірге тұрғанына қарамастан, заңмен анықталған мұрагерлер кезегіне кіретін еңбекке жарамсыз асыраудағы жандар; 6. Мұра қалдырушымен бірге тұрған жағдайда, заңмен анықталған мұрагерлер кезегіне кірмейтін еңбекке жарамсыз асыраудағы жандар.
Заң бойынша басқа мұрагерлердің жоқ болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлер тізіміне кірмейтін, бірақ мұра қалдырушымен бірге тұрған еңбекке жарамсыз асыраудағы жандар өздік сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра алады. 2009 жылдың 29 маусымынан № 5 «Мұрагерлік туралы заңнаманы соттармен қолдану кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 15-тармағы бойынша «Қазақстан Республикасында мүгедектік бойынша, асыраушыны жоғалту жағдайы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асыраудағы жандарға:
кәмелетке толмаған тұлғалар;
елу сегізден астам жастағы әйелдер мен алпыс үштен астам жастағы ерлер;
I, II және III топтағы мүгедектер; он сегізге толған, бірақ жиырма үш жастан астам емес, күндізгі түрде оқу бойынша оқу орнындарында оқуын бітіргеніне дейін оқитын тұлғалар жатады.
Мұра қалдырушы асырауында болған еңбекке жарамсыз тұлғалар ол мұра қалдырушының толық асырауында болған немесе мұра қалдырушының көмегі олардың тіршілігінде негізгі және тұрақты қаражат көзі болған тұлғаларды санау керек.
Мұрагерге мұра қалдырушымен материалдық көмек көрсеткен жеке жағдайлар асырауда болған фактісінің дәлелдемесі болып саналмайды. Қамқорлықтағы тұлғаға дәлел ретінде келесі құжаттар факті болып саналады:
- мұра берушінің қамқорлықта тұлғаның бар екенін растайтын тұрғынүй-эксплатациялық ұйымнан немесе жұмыс орнынан жергілікті басқару органының анықтамасы
- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлеу туралы әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінен анықтама Дегенмен көрсетілген құжаттың біреуі немесе бірнешеуі сөзсіз ол адамның қамқорлықта екенін дәлелдей алмайды, себебі, негізгі шарттардың бірі болып көмектің алынуы саналады және ол көмек қана болмай күн көру көзі болып есептелуі керек.
Сот осы категориядағы істерді қарастырған жағдайда өтініш берушінің дәлелдерін мұқият зерттеу қажет.
Көрсетілген санаттағы істерді соттық актілерді саралаған кезде сотқа көбіне қайтыс болғандардың туғандары төлемақы алу үшін, сақтандыру төлемақысын алу үшін, мұра алу үшін, әскери қызметкерлер тұрғын үй алу үшін жеңілдіктер жасау үшін немесе жалға алу құнын алу үшін өтініш жазатыны байқалды.
Соттардың сараптау актілері Қазақстан Республикасының соттары істерді дұрыс қарайтынын, істерге дұрыс бағалау жасайтынын және заңнамалардың нормаларын дұрыс қолданатынын куәләндырады.
Мысалы, 2015 жылдың 26.01.Қарағанды қ, Октябрь аудандық соты Мға К-ның қамқорлығында болғандығы жайлы фактіге негізделген түрде талабына қарсы шешім қабылдаған.
Өтініш беруші М. 1990 жылдан бастап К-мен азаматтық некеде болғанын айтып сотқа өтініш жазған, неке уақытында тіркелмеген, себебі ол 1992 жылы қайтыс болған бірінші күйеуімен некеде болған.
Азамат К-мен ол 2014 жылың 4 қазанына дейін қайтыс болғанға дейін бірге өмір сүрген.
Бірге тұрған уақыт ішінде олар Қарағанды қаласы 15 шағын ықшам ауданы, 26 үй, 50 пәтерді приватизациялаған, приватизация келісім-шарты №6061-2- 12323 1993 жыл 13 тамыз.
Жекешелендіру келісім-шарты оның атына жазылған келісім-шарттың 1 тармақшасында К көрсетілген.
Оның өлімінен кейін ол сол пәтерде тұрып жатыр және пәтерге қарауда. Қазіргі кезде азаматтық күйеуінің өлімінен кейін ол мұрагерлікке құқылы туралы куәләк ресімдеу керек. Куәгер Ч. сот отырысында М-мен көрші тұрғандығын, ол К атты күйеуімен бірге жақсы, тату-тәтті тұрғандығын, К-ның өткен жылы қайтыс болғанын айтты.
Қарағанды облысы, Октябрь ауданы №1 АХАЖ бөлімі берген №1793 қайтыс болу туралы анықтама бойынша сот К-ның 2014 жылдың 4 қазанында қайтыс болғанын анықтаған.
Азамат К М-ға қарағанда зейнетақыны азырақ алған, олар екеуі де зейнеткерлік жаста болған. 2009 жылдың 29 маусымынан болған «Мұрагерлік туралы заңнамалардың соттармен келісілген кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Нормативтік қаулысының келісілген 15- тармағы бойынша жұмысқа жарамсыз қамқорлықтағы тұлға ашылған мұрагерліктің бір бөлігіне, егер ол мұрагерлік ашылған уақытта жұмысқа жарамсыз болса, қайтыс болғанға дейін бір жыл оның қамқорлығында болса құқылы.
Айта келгенде іс бойынша дәлелдер зерттелген және жоғарыда айтылған заңдар нормасы өтініш берушінің қайтыс болған азаматтық күйеуінің қамқорлығында болған фактіні жоққа шығарып отыр, себебі өтініш берушінің кірісі бір-ақ кірістен тұрмайды.
Басқа істе, 2015 жылдың 12 мамырынан болған Алматы облысы, Кербұлақ аудандық сотының шешімі бойынша азамат А-ның өтініші заңды және негізделген түрде қанағаттандырылғын.
Осы істе өтініш беруші өзінің талабын төмендегілермен дәлелдеген. Ол қамқорлықта өзінің баласы 2014 жылдың 21 қыркүйегінде жол апатынан қаза болған Е-де болған.
Ол өзінің зейнеткер екенін, ауратындығын, зейнетақысы ұсақ-түйек шығындарға ғана жететінін баласының тірі күнінде баласы қамқорлық жасағанын айтты. 1993 жылы күйеуінен айрылғандығы жайлы, екеуінің ғана тұрғандығы жайлы, баласының ай сайын жалақысын алып тұратын жұмысы болғандығын, анасына азық-түлік, киім-кешек алып беріп тұрғандығын айтты.
Баласының қамқорлығында болғандығын бекіту фактісі оған сақтандыру компаниясынан төлемақы алып отыру үшін қажет, себебі баласы қаза болғаннан кейін тұрмыстық жағдайы нашарлап кеткен. Қамқорлықта болғандығы туралы факт еш жерде тіркелмеген, сондықтан осы фактіні тек сот тәртібімен бекітуге болады.
Іс материалдарынан, 2014 жылдың 10 қазанынан болған қайтыс болу туралы куәлігінде Е 2014 жылдың 22 қыркүйегі 27 жасында қайтыс болғандығы көрсетілген. 2014 жылдың 20 желтоқсанынан болған Көксу АІІБ қызметкерінің қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысында оның жол апатынан қаза болғандығы айтылған. Е-нің туу туралы куәлігі бойынша оның анасы А екендігі белгілі.
Сотта А Е мен бірге тұрғандығы, өтініш беруші А жасы бойынша зейнеткер екендігі 2012 жылдың 22 аұпаны оған базалық 10450 тенге көлемінде зейнетақы тағайындалғаны белгілі болды. Мекен-жай анықтамасының негізінде өтініш беруші А баласы Е мен Көксу ауданы, Балпык би селосы, Кобылис көшесі, 69 үй, 1 пәтерде тұрғандығы анықталды.
Осыған қоса, «Талдықорған қаласы Отенай селолық округі әкімдігінің аппараты» ММ 2015 жылдың 3 ақпанынан болған №1шығыс анықтамасынан Е «Талдықорған қаласы Отенай селолық округі әкімдігінің аппараты» ММнің ветеринария бөлімінің жетекшісі лауазымында айына жалақысы 74954 тенге көлемінде болып жұмыс істегені белгілі болды.
Осы уақытта мекен-жай анықтамасы бойынша А. Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылы, Амангелді көшесі 80 үйде - өз жиен үйінде тұрады.
Осы жоғарыдағы мән-жайлар, өтініш беруші А. толық үй күтіммен және анасын материалдық қамтамасыз етумен айналысқан ұлы Е.-ның асырауында болған екенін көрсетеді. Бұл факт сотта С., М. куәгерлердің көрсетуімен расталды.
Олар А. зейнеткер екенін көрсетті, ол ұлын жалғыз өсірген, пәтерін сатып, ұлының оқуын төлеген, тек екеуі ғана жалдамалы пәтерде өмір сүрген, А. басқа балалары жоқ екенін көрсетті.
Оқуын бітіргеннен кейін ұлы Е. Жұмысқа орналасып, анасын асыраған, толық үй күтіммен және анасын материалдық қамтамасыз етумен айналысқан, өйткені анасы А. артрит және жоғары қан қысымының салдарынан үнемі ем қабылдап жүрді. Жалғыз ұлының кенеттен қайтыс болғандығынан, денсаулығы әбден нашарлады.
Жалдамалы пәтерде жалғыз өмір сүре алмады, өйткені не материалдық, не физикалық қабілеті болмады, сондықтан уақытша туысқандарына көшті.
Мұндай жағдайда сот әділ шешімге келді: А. асырауда болған фактісін анықтауға байланысты өтініші қанағаттандыруға жатады, өйткені осы фактіні айқындау өтініш берушіге сақтандыру компаниясынан жәрдемақысын алуға қажет, өйткені оның ұлы жол-көлік апатында қайтыс болды.
Нормативтік құқықтық база.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік одексінің (бұдан әрі мәтін бойынша АПК) 30, 31 тарауларымен, «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысымен реттеледі.
Одан басқа, осы санаттағы істер бойынша мәселелерді реттейтін және анықталатын деректің түріне байланысты заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы өтініштерді қарастыру барысында қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) мен отбасы туралы» кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Жер асты және ашық тау жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайы немесе зиянды және ауыр еңбек жайғдайы жұмыстарында жұмыс істеген тұлғаларға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси жазалау шараларының құрбандарын оңалту туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкрот болу туралы» заңы және басқалар. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілер тізімі толық болып саналмайды, өйткенісот тәртібімен анықталатын деректің түріне байланысты заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша қолдануға жататын басқа да нормативтік құқықтық және заңға тәуелді актілер бар.
Заңдық маңызы бар деректерді анықтау ерекше іс жүргізу тәртібінде өз құқықтары мен мүдделерінің орындалуын осы тәртіпте қамтамасыз ететін азаматтарға да, мемлекетке де маңызы зор, өйткені заңдық маңызы бар фактілерді анықтау сот тәртібін белгілеу барысында мүліктік пайдалар мен жеңілдіктерді заңсыз алу мақсатымен қандай болса да құқықтармен теріс пайдалануға жол берілмейді.
АПК-нің 306-бабы бойынша, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.
Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша жазбаша немесе электрондық құжат түрінде сотқа беріледі(АПК-нің 307-бабы).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Установлении фактов имеющих юридическое значение по нахождению лица на иждивении
26 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 каз
26 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 рус
25 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
29 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
25 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
24 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
27 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
28 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
27 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
26 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
25 рет жүктеп алынды -
2518_РЕШЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
25 рет жүктеп алынды