Жекеше қаулы полиция қызметкерлерімен заң талабын сақтамауы қызметіне жауапкершілікпен қарамауына байланысты
іс №5160-23-00-3/689 12 желтоқсан 2023 жылғы
Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты: судья Ж.С.Аятовтың төрағалық етуімен, сот отырысының хатшысы Б.А.Оразбаеваның отыруымен, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам – Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы Д.Ә.Жасеновтің, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Т.Д.Х , қорғаушылар – адвокаттар Г.Т.Саржановтың, С.Д.Нигметовтің, жәбірленуші С.Б.С , қорғаушы – адвокат Г.Х.С қатысуымен, ашық сот отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК-нің) 610-бабының 1 бөлігімен ТДХ қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
ӘҚБтК-нің 737-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерiнің бірі әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу болып табылады.
ӘҚБтК-нің 766-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының белгілері, жеке тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
ӘҚБтК-нің 785, 793-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының бірі қарап тексеру болып табылады.
Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
ӘҚБтК-нің 803-бабының 2-бөлігінің 7) тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада iстi шешу үшiн қажеттi өзге де 2 мәлiметтер, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.
ӘҚБтК-нің 781-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылық негіздері мен кiнәсiнiң болуын дәлелдеу мiндетi әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүктелген.
Кодекстің бұл талаптары Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы Г.И.Науанов және Д.Ә.Жасеновпен бұзылған. 2023 жылы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында Атырау-Астрахан тас жолында, Тұшықұдық ауылы тұсында, реттелмейтін жол қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған.
Хабарлама бойынша жол-көлік оқиғасы орнына барып инспектор Г.И.Науанов оқиға болған жердің сызбасын сызған, алайда қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарамай, көрсетілуге тиісті барлық мәліметтерді сызбада толық, дұрыс көрсетпеген, істің мән-жайын растайтын фотосуреттер түсірмеген, сызбаға қоса тіркемеген, оқиға орнын қарап-тексеру жүргізбеген, тиісті хаттама жасамаған (жолдың көрінісін, жол белгілерін, т.б. көрсетпеген). Сызбаны толық жасамауының салдарынан іс бойынша тағайындалған сараптамаға сызбаны қайталап полиция инспекторы А.Камалиденов жасаған, бұл сызбаға жол-көлік оқиғасына қатысушылары қолдарын қоймаған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 санды бұйрығымен Жол жүрісі қағидалары бекітілген.
ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес көлiк құралдары немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда жауапкершілік көзделген. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар сотқа өздерінде болған бейнежазбаларды, фотосуреттерді табыс етті.
Алайда полиция инспекторы Д.Ә.Жасенов хаттамада Жол жүрісі қағидаларының атауын дұрыс көрсетпеген, кімге материалдық залал келтірілгенін көрсетпеген, іс құжаттарына көлік құралдарына қатысты құжаттарды және бейнежазбаларды, фотосуреттерді жинақтамаған.
Сот отырысында полиция инспекторы Д.Ә.Жасенов Қазақстан Республикасында жол қосғалысы қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетінін білмейтінін көрсетті.
Нәтижесінде қорғаушылар тарапынан полиция қызметкеріне негізді сын келтіруге жол берді.
Бұл жағдайдан, патрульдік полиция тобының инспекторы Г.И.Науановтың және Д.Ә.Жасеновтың заң талабын сақтамайтынын, қызметіне жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетті.
Сот, алдағы уақытта заң бұзушылығын және жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауды болдырмау, біліктілігін көтеру, полиция қызметіне негізді сын келтіруге жол бермеу үшін тиісті шараларды қолдану үшін Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің басшысының назарын аудару қажет деп тапты.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 829-19-бабын басшылыққа ала отырып, сот ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Судья Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы Г.И.Науановтың және Д.Ә.Жасеновтың заң бұзушылығын және жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауын болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану үшін Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің басшысының назары аударылсын. Жекеше қаулы бойынша қолданған шаралар туралы бір ай ішінде сотқа хабарлансын.
Жекеше қаулыға он тәулік ішінде Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Түлкібас аудандық соты арқылы шағым беруге және прокурормен өтінішхат келтіруге болады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жекеше қаулы полиция қызметкерлерімен заң талабын сақтамауы
39 рет жүктеп алынды -
Жеке қаулы заң бұзушылығық және жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауын болдырмау
33 рет жүктеп алынды