Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жекеше қаулы полиция қызметкерлерімен заң талабын сақтамауы қызметіне жауапкершілікпен қарамауына байланысты

Жекеше қаулы полиция қызметкерлерімен заң талабын сақтамауы қызметіне жауапкершілікпен қарамауына байланысты

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жекеше қаулы полиция қызметкерлерімен заң талабын сақтамауы қызметіне жауапкершілікпен қарамауына байланысты

іс №5160-23-00-3/689    12 желтоқсан 2023 жылғы

Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты: судья Ж.С.Аятовтың төрағалық етуімен, сот отырысының хатшысы Б.А.Оразбаеваның отыруымен, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам – Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы Д.Ә.Жасеновтің, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Т.Д.Х , қорғаушылар – адвокаттар Г.Т.Саржановтың, С.Д.Нигметовтің, жәбірленуші С.Б.С , қорғаушы – адвокат Г.Х.С  қатысуымен, ашық сот отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК-нің) 610-бабының 1 бөлігімен ТДХ қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

 ӘҚБтК-нің 737-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерiнің бірі әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу болып табылады.

ӘҚБтК-нің 766-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының белгілері, жеке тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.

 ӘҚБтК-нің 785, 793-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының бірі қарап тексеру болып табылады.

Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

ӘҚБтК-нің 803-бабының 2-бөлігінің 7) тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада iстi шешу үшiн қажеттi өзге де 2 мәлiметтер, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.

ӘҚБтК-нің 781-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылық негіздері мен кiнәсiнiң болуын дәлелдеу мiндетi әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүктелген.

Кодекстің бұл талаптары Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы Г.И.Науанов және Д.Ә.Жасеновпен бұзылған. 2023 жылы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында Атырау-Астрахан тас жолында, Тұшықұдық ауылы тұсында, реттелмейтін жол қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған.

Хабарлама бойынша жол-көлік оқиғасы орнына барып инспектор Г.И.Науанов оқиға болған жердің сызбасын сызған, алайда қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарамай, көрсетілуге тиісті барлық мәліметтерді сызбада толық, дұрыс көрсетпеген, істің мән-жайын растайтын фотосуреттер түсірмеген, сызбаға қоса тіркемеген, оқиға орнын қарап-тексеру жүргізбеген, тиісті хаттама жасамаған (жолдың көрінісін, жол белгілерін, т.б. көрсетпеген). Сызбаны толық жасамауының салдарынан іс бойынша тағайындалған сараптамаға сызбаны қайталап полиция инспекторы А.Камалиденов жасаған, бұл сызбаға жол-көлік оқиғасына қатысушылары қолдарын қоймаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 санды бұйрығымен Жол жүрісі қағидалары бекітілген.

 ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес көлiк құралдары немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда жауапкершілік көзделген. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар сотқа өздерінде болған бейнежазбаларды, фотосуреттерді табыс етті.

Алайда полиция инспекторы Д.Ә.Жасенов хаттамада Жол жүрісі қағидаларының атауын дұрыс көрсетпеген, кімге материалдық залал келтірілгенін көрсетпеген, іс құжаттарына көлік құралдарына қатысты құжаттарды және бейнежазбаларды, фотосуреттерді жинақтамаған.

Сот отырысында полиция инспекторы Д.Ә.Жасенов Қазақстан Республикасында жол қосғалысы қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетінін білмейтінін көрсетті.

Нәтижесінде қорғаушылар тарапынан полиция қызметкеріне негізді сын келтіруге жол берді.

Бұл жағдайдан, патрульдік полиция тобының инспекторы Г.И.Науановтың және Д.Ә.Жасеновтың заң талабын сақтамайтынын, қызметіне жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетті.

Сот, алдағы уақытта заң бұзушылығын және жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауды болдырмау, біліктілігін көтеру, полиция қызметіне негізді сын келтіруге жол бермеу үшін тиісті шараларды қолдану үшін Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің басшысының назарын аудару қажет деп тапты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 829-19-бабын басшылыққа ала отырып, сот ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Судья Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы Г.И.Науановтың және Д.Ә.Жасеновтың заң бұзушылығын және жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауын болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану үшін Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің басшысының назары аударылсын. Жекеше қаулы бойынша қолданған шаралар туралы бір ай ішінде сотқа хабарлансын.

Жекеше қаулыға он тәулік ішінде Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Түлкібас аудандық соты арқылы шағым беруге және прокурормен өтінішхат келтіруге болады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:      1) жүгінген адамдарға консультация беруге және е...

Толық оқу »

Азаматтық істер бойынша заңды тұлғаның шоттарын бұғаттау қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы соттың ұйғарымына жеке шағым

Азаматтық істер бойынша заңды тұлғаның шоттарын бұғаттау қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы соттың ұйғарымына жеке шағым2025 жылғы 23 қаңтарда ШҚО бойынша мамандандырылғ...

Толық оқу »

Бағалау туралы баламалы есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекетіне шағымды нақтылау

Бағалау туралы баламалы есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекетіне шағымды нақтылауАлматы қаласы Медеу аудандық сотынаСудьяға ......Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдаудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдаудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым Азаматтық істер жөніндегі сот алқасыШығыс Қазақстан облыстық сотының 0...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш

Жеке сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрда...

Толық оқу »

Соттың жеке ұйғарымдарын орындау

Соттың жеке ұйғарымдарын орындауАПК-нің 270-бабының нормасы жеке ұйғарымды орындалу міндетті дейді. Әкімшілік органдардың соттың жеке ұйғарымдарына тиісінше ден қою және алдағ...

Толық оқу »

Қаулыға жеке шағым материалдық және іс жүргізу заңнамасының нормаларын өрескел бұза отырып шығарылды

Қаулыға жеке шағым материалдық және іс жүргізу заңнамасының нормаларын өрескел бұза отырып шығарылдыАлматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасынасотталған қор...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы бас тарту бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым

Азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы бас тарту бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымАлматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасыАлматы қ., 050000, Қазы...

Толық оқу »

Қылмыстық сот ісін жүргізу сатысында олардың жол берген заңдылық нормаларын бұзуына байланысты жеке қаулылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына шығарылды

Қылмыстық сот ісін жүргізу сатысында олардың жол берген заңдылық нормаларын бұзуына байланысты жеке қаулылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына шығарылдыНегізінен...

Толық оқу »

829-19-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жеке қаулысы

829-19-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жеке қаулысы 1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ Әкімшілік құқық...

Толық оқу »

829-19-бап. Жекеше қаулы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

829-19-бап. Жекеше қаулы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықт...

Толық оқу »

Бағалау туралы балама есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдану бойынша сот практикасы

Бағалау туралы балама есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдану бойынша сот практикасыАлматы облысының Іле аудандық соты бағалау тура...

Толық оқу »

430-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің апелляциялық сатыдағы сотының жеке ұйғарымы

430-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің апелляциялық сатыдағы сотының жеке ұйғарымыАпелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 270-бабында...

Толық оқу »

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының ұйғарымына жеке шағым

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының ұйғарымына жеке шағымАстана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасынаборышкерден: с Г АЖСНАстана қал...

Толық оқу »

Берешек қалдығы туралы мәліметтерді сұрау | жеке сот орындаушысына өтініш

Берешек қалдығы туралы мәліметтерді сұрау | жеке сот орындаушысына өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына жеке шағым

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына жеке шағымАлматы қалалық сотынаКүдікті Л.К. С. қорғаушысы – С.Д. НигметовтенАлматы қаласының Мамандандыр...

Толық оқу »

Жеке қаулы шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады

Жеке қаулы шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдары...

Толық оқу »

826-бап. Жекеше ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

826-бап. Жекеше ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтард...

Толық оқу »

826-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жеке ұсыну

826-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жеке ұсыну 1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұз...

Толық оқу »

405-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Жеке қаулысы

405-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің Жеке қаулысыСот бұған негіздер болған кезде кеңесу бөлмесінде мемлекеттік органдардың немесе лауаз...

Толық оқу »

405-бап. Жекеше қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

405-бап. Жекеше қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онд...

Толық оқу »

270-бап. Соттың жеке ұйғарымы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

270-бап. Соттың жеке ұйғарымы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жібер...

Толық оқу »

430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің270-бабындакөзделген негізд...

Толық оқу »

270-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі сотының жеке ұйғарымы

270-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі сотының жеке ұйғарымы1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға...

Толық оқу »

Жеке ұйғарымдар

Жеке ұйғарымдарЖеке ұйғарымдар, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 270-бабының нормасына сәйкес, міндеттілік қасиетіне ие. Сонымен қатар, соттың жеке ұйғарымдарына әкімшілік ор...

Толық оқу »