Жер қойнауын пайдалануға қатысты шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты даулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Ережесінің талаптарына сай, Кең таралғандарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруді құзыретті орган жүзеге асырады.
Мыналар:
1) көмірсутек шикізатты, уранды және көмірді барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі құзыретті органдар болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2- бабының 2- тармағында көзделгендей, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар осы Заңның нормаларымен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Заңның 72-бабында құзыретті органның және жер қойнауын пайдаланушының бастамасы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың тоқтату тәртібі айқындалған.
Құзыретті органмен келісімшартты бұзу туралы талаппен сотқа жүгіну аталған заңмен қарастырылмаған.
Осыған орай, құзыретті органдардың келісімшартты бұзу туралы талаптары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды, өйткені, бұл мәселе сот құзыретіне жатпайды.
Сонымен қатар, Заңның 72-бабының 8-тармағына сәйкес, келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы жер қойнауын пайдаланушының талабы сот тәртібімен қаралуға жатады, немесе жер қойнауын пайдаланушы біржақты тәртіппен келісімшартта көзделген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Салыстырмалы түрде «Жер қойнауы туралы» Ресей Федерациясының Заңы (әрі қарай РФ Заңы) зерделенді. Осы заңның 20, 21 баптарында жер қойнауын пайдалану келісімшарттардың тоқтатудың негізі және тәртібі айқындалған. Көрсетілген нормалардан көзделгендей (20 бап 2 бөлігі 2,3 8 және 5 тармағы), құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешімі жер қойнауын пайдаланушымен бұзушылықтарға жол бергендігі туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткен соң қабылдануы мүмкін, егер, көрсетілген мерзімде пайдаланушы жол берген бұзушылықтарды жоймаса, жер қойнауын пайдаланушымен бекітілген жер қойнауын пайдалану ережесінің қайталап бұзғанда, көзделген мөлшерде жер қойнауын пайдалануға кіріспегенде және лицензия шарттарын елеулі түрде бұзғанда келісімшарт тоқтатылады.
Жер қойнауын пайдалануын тек құзыретті органмен шешім қабылданғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жолданған соң тоқтатылады.
Жоғарыда көрсетілген Заңның 50-бабында, жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы құзыретті органның шешіміне сот тәртібімен шағымдану жер қойнауын пайдаланушының құқылы екендігі көзделген.
Мұндай жағдайда, Ресей заңнамасында да құзыретті органның бастамасы бойынша сот тәртібімен келісімшартты бұзу нормасы көзделмеген.
Заңның 72-бабының 9-тармағына сәйкес, келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Заңның 76-бабының 1-тармағының 25-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге міндетті.
Заңның 80-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
Заңнамалық қоры (база)
Жер қойнауын пайдалануы жөнінде келісімшартты жасасу, өзгерту, бұзу мәселесі бойынша дауларды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2010 жыл 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы,
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі,
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі,
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» және т.б.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акті болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Заключение изменение расторжение договора и исполнением договорных обязательств с недропользованием
44 рет жүктеп алынды -
201625~1
38 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах применения судами экологического законодательства Республики Казахстан по гражданским делам от 25 ноября №8
40 рет жүктеп алынды -
201676~1
41 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
40 рет жүктеп алынды -
Решение суда Заключение изменение расторжение договора и исполнением договорных обязательств с недропользованием (1)
42 рет жүктеп алынды -
Решение суда Заключение изменение расторжение договора и исполнением договорных обязательств с недропользованием (2)
40 рет жүктеп алынды -
Решение суда Заключение изменение расторжение договора и исполнением договорных обязательств с недропользованием (1)
42 рет жүктеп алынды