Өзгенің заңсыз иеленіп отырған тұрғын үйінен шығару жайлы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотына талапкер Ж.К. жауапкер Л.М.М. өзгенің заңсыз иеленіп отырған тұрғын үйінен шығаруды сұрап талап арыз берген.
Сотта анықталғандай, 2007 жылы талапкер С.С.Б. сатқан, С.С.Б. аталған үйді тіркеуге қоюға үлгермей қайтыс болып кеткенін, қайтыс болған С.С.Б. мұрагері - А.В.Х. бар екені, алайда, мұрагерлікті қабылдай алмайтынын, себебі, туысқандығын дәлелдейтін анасының туу туарлы куәлігі жоқтығын көрсеткен.
Сондай-ақ, аталған үйді заңдастыру үшін Ж.К. қайта сатып алуға мәмілеге келгенін, А.В.Х. атасы С.С.Б. қайтыс болған соң, оның жерлеуін өзі жүргізгенін көрсеткен. Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы анықтамаға сәйкес Риддер қаласы, Журавлихинская көшесі №10 үй Ж.К. атына тіркелгені анықталған. 24.01.2007 жылғы сатып алу –сату келісім шарты негізінде Ж.К. С.С.Б. 577 800 теңгеге аталған үйді сатып алған, сатып алу-сату келісім шарты тіркеуден өтпеген.
Мемлекеттік жеке тұлғалар базасында С.С.Б. қайтыс болғандар қатарында екені көрсетілген. Қазақстан Республикасының АК-нің 15-бабының-2 бөлігінде тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады.
Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда, тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
Жауапкерлер аталған үйдің меншік иесі жөніндегі құжаттарын сотқа ұсына алмаған, ал Қазақстан Республикасы АК-нің 118- бабының 2- бөлігіне сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтар мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды.
Осы кодекстің 155-бабына сәйкес, мәмілелерді тіркеу егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мiндеттi мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
ҚР АК-нің 264-бабының талаптарына сәйкес, меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының 17.04.2015 жылғы шешіммен талап арыз қанағаттандырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ҚР ЖС НҚ Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару және өзін тұрғын үйге кіргізу туралы
58 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі сату шартын, мәмілені заңсыз деп танып, күшін жоюды, тараптарды бастапқы қалпына келтіру жайлы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі тұрғын үйді жалға беру туралы келісімшартты бұзылды деп тану туралы
71 рет жүктеп алынды