⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы  

       1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің салымшылары және республикалық бюджеттен мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз ететiн мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнің субъектiлерi болып табылады.  

      2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiне ғана салынып, жинақталады.  

      3. Екінші деңгейдегі кез келген банкте бір ғана жинақ шотын ашатын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтарының салымшыларын қоспағанда, салымшы әрбір тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша бірнеше шотқа ие болуға құқылы. Бұл ретте, мемлекет сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша бір тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі бiр шотына ғана есепке жазылады. 

 

       3-1. Шарттық соманың ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.  

      4. Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болмауға тиiс.  

      5. Салым бойынша сыйақы ставкасы мен заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасу кезiнде белгіленедi және шарт қолданылатын бүкiл мерзiмде тұрақты болып қалады.  

      Салымшы өз бастамасымен бір тарифтiк бағдарламадан басқа тарифтiк бағдарламаға өткен кезде салым бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт қолданылатын бүкiл мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі анықтаған талаптармен өзгертiлуi мүмкін.  

       Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен аспауға тиіс.  

      6. Мемлекеттiң сыйлықақылары және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақылары осы Заңға сәйкес салымның негiзгі сомасын ұлғайтуға бағытталады.  

      7. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің шотына түскен мемлекеттiң сыйлықақылары салымшылардың - Қазақстан Республикасы азаматтары шоттарының есебiне жатқызылады.  

      8. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздары Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін, бұл іс-шаралар деп: 

      1) тұрғынжай салу (жер учаскесiн сатып алуды қоса алғанда), сатып алу, оның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен алу; 

       2) тұрғынжайды жөндеу және жаңғырту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);  

      3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларға байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу; 

       4) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу;  

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу түсініледі. 

      Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін немесе нысаналы жинақ төлемдерін пайдалана отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту деп тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында не нысаналы жинақтарды пайдалануды регламенттейтін қағидаларда айқындалған мақсаттар түсініледі. 

      Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздары осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда салымшыларға беріледі. 

       Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтарының салымшыларына осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мақсатқа тұрғын үй қарыздары ғана беріледі.  

      9. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға және салымды, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi оның есебіне жазған сыйақыны алуға құқығы бар. Бұл ретте салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгiленген талаптарда салымды үш жылдан астам жинақтаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқығы бар. 

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.04.14. № 43, өзгерістер енгізілді - 2007.07.02. № 272, 2012.07.05. № 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы