⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы 

      1. Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен жеке сәйкестендiру нөмiрi: 

      1) жеке тұлға қайтыс болғанда алып тасталады. 

      2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      2. Жеке сәйкестендiру нөмiрi: 

      1) ол туралы мәлiметтер өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, көлемде және мерзiмде ұсынылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн; 

      2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде; 

      2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде; 

      3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн; 

      4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін; 

      5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда; 

      6) алып тасталды – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       7) алып тасталды – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       8) алып тасталды – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейiннен тiркеу кезінде бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады. 

      3. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: 

      1) заңды тұлға (филиал, өкiлдiк) таратылған кезде; 

      1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде; 

      2) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде; 

      3) резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектiлерiне және салық салумен байланысты объектiлерге құқығы тоқтатылған кезде; 

      4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда; 

      5) резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетiп қалған жағдайда алып тасталады. 

      4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн шартты түрде алып тастау жүргiзiлмейдi. 

      5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендiру нөмiрлерi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң базасында сақталуға тиiс. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңы. 

       Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы