Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

 ҚПК-нің 480-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот қарау нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру туралы; оны қанағаттандырудан бас тарту туралы; ЖЖА туралы шешім қабылдай отырып, ШМБ туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Айтылғандармен қатар, «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-нің 3-тармағына сәйкес, егер материалдарда өтінішхатты қарау үшін жеткілікті деректер болмаса және сот отырысында оларды толықтыру мүмкін болмаса, сот өтінішхатты тиісті ресімдеу үшін қайтаруға да құқылы.

Сонымен қатар соттар өтінішхаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол береді, сол арқылы сотталғандардың құқықтарын бұзады және әуре-сарсаңға салады.

Мысалы, Алматы қалалық соты Түрксіб аудандық сотының 2023 жылғы 18 наурыздағы сотталған Б. ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару туралы қаулысының күшін жойды.

Апелляциялық саты сот Б. өтінішхатын тіпті мекемеден материалдарды талап ету және оларды сот отырысында зерттеу шараларын қолданбай-ақ қайтарғанын атап өтті.

Бірқатар жағдайларда соттар сотталғандардан оларда жоқ мәліметтерді ұсынуды талап етті.

Мәселен, Қостанай облыстық соты Қостанай қаласы №2 сотының Д. қатысты 2023 жылғы 24 тамыздағы қаулысының күшін жойды, ал өтінішхат мәні бойынша шешу үшін сотқа қайтарылды.

Жәбірленушілердің тұрғылықты жері туралы деректерді беру туралы негізсіз талап күшін жоюға негіз болды. 2023 жылғы 4 шілдеде Түрксіб аудандық соты сотталған А. ЖЖА туралы өтінішхатын тиісінше ресімдеу үшін қайтарып берді.

Қайтаруды сот қазіргі уақытта сотталушыны сипаттауға мүмкіндік беретін және оның заңды шешілуіне әкеп соғуы мүмкін жеткілікті мәліметтер жоқ екенімен негіздеді.

Апелляциялық алқа 20203 жылғы 29 тамызда сот қаулысының күшін жойып, өтінішхатты мәні бойынша қарауға қайтарды, өйткені №72 мекеме іс жүзінде сотталушының жеке ісін, сондай-ақ жазаның өтелген және өтелмеген мерзімі туралы анықтамаларды, сондай-ақ көтермелеулер мен жазалар туралы мәліметтерді ұсынды.

Бұл жағдайда өтінішхатқа сотталған адамды сипаттайтын және оның кәмелетке толмаған балаларының бар-жоғы, тұрақты тұрғылықты жері, тұрақты әлеуметтік байланыстары, болжамды жұмысы туралы мәліметтері және т.б. туралы өтінішхатта көрсетілген мән-жайларды растайтын мәліметтер қоса тіркелді.

№72 мекеме сотқа сотталушының жеке ісін және жазаның өтелген және өтелмеген мерзімін растайтын анықтамаларды да ұсынды, яғни сотқа мәні бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат ұсынылған.

Соттардың өтінішхаттарды хатпен, яғни қаулы шығарусыз қайтару фактілері бар, бұл НҚ-нің 3-тармағына қайшы келеді және сотталған адамды сот актісіне шағымдану мүмкіндігінен айырады.

Мысалы, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының хаттарымен Ә. мен Б. өтінішхаттары қараусыз қайтарылды.

Көрсетілгендерді ескере отырып, соттар ӛтінішхаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдағаны жөн.

 

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен ӛтеу кезеңінде жазаны одан әрі ӛтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды ӛзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адам...

Толық оқу »

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыпты...

Толық оқу »

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталған

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталғанБостандық...

Толық оқу »

69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Бас бостандығын ше...

Толық оқу »

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Комментарий к статье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказанием Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказаниемУголовно-процессуальн...

Толық оқу »

171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:       1) қауіпті...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайды

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайдыАтырау облысы Махамбет аудандық сотының 2012 жылғ...

Толық оқу »

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде жазаның мерзімі мен мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екісінен аспауға тиіс

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде...

Толық оқу »

Осужденному должно быть назначено справедливое наказание, достаточное для его исправления и предупреждения новых уголовных правонарушений

Осужденному должно быть назначено справедливое наказание, достаточное для его исправления и предупреждения новых уголовных правонарушений Приговором суда № 2 г. Актобе Актюби...

Толық оқу »

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жеке басының қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, оны түзету үшін қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындалуы тиіс.

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жеке басының қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіпті...

Толық оқу »

Назначение наказания Уголовный закон не запрещает назначать наказание в виде ограничения свободы при совершении особо тяжких преступлений

Назначение наказания Уголовный закон не запрещает назначать наказание в виде ограничения свободы при совершении особо тяжких преступлений Приговором специализированного межр...

Толық оқу »

Назначение наказания перечень обстоятельств, смягчающих уголовную ответственность и наказание

Назначение наказания перечень обстоятельств, смягчающих уголовную ответственность и наказание Приговором Теректинского районного суда Западно-Казахстанской области от 23 мая...

Толық оқу »

Дополнительное наказание (лишение права занимать определенную должность или заниматься определенной деятельностью)

Дополнительное наказание (лишение права занимать определенную должность или заниматься определенной деятельностью) Как показывает изучение судебной практики, в основном по вс...

Толық оқу »

87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1....

Толық оқу »

Суд при назначении наказания по совокупности приговоров не назначил дополнительное наказание.

Суд при назначении наказания по совокупности приговоров не назначил дополнительное наказание. Ж. осужден по ст.346 ч.1 УК к 2 годам 1 месяцу лишения свободы. На основании ст....

Толық оқу »

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайл...

Толық оқу »

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар...

Толық оқу »

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказание УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказаниеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Обстоятельствами, отягчающими уголо...

Толық оқу »

Комментарий к статье 53. Обстоятельства, смягчающие уголовную ответственность и наказание УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 53. Обстоятельства, смягчающие уголовную ответственность и наказаниеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Смягчающими уголовную ответственнос...

Толық оқу »

Протест Генерального Прокурора оставлен без удовлетворения назначено наказание условным

Протест Генерального Прокурора оставлен без удовлетворения назначено наказание условным У. осужден по ст.445 ч.1 УК к 1 году лишения свободы. На основании ст.63 УК назначенн...

Толық оқу »