Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      Ескерту. 107-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:

      1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;

      2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;

      3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;

      4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;

      5) эксгумациялау не одан бас тарту туралы;

      6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;

      7) сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;

      8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;

      9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі;

      10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;

      11) сараптама тағайындау не тағайындаудан бас тарту, не жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, қылмыстық қудалау органының өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.

      1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:

      1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;

      2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;

      5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.

      2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына жария етілген кезінен бастап үш тәулік ішінде тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ оған прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.

      3. Шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысын қараңыз.

      4. Шағым жасауға, прокурордың өтінішхатын келтіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл жөнінде арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.

      5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.

      6. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 11) тармақтарында көрсетілген, егер тергеу судьясы оларды ашық сот отырысында қараған болса, ашық сот отырысында қаралуға тиіс мәселелерді қоспағанда, қарау жабық сот отырысында өтеді.

      Сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа адамдар да қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.

      Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау осы Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.

      7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап шығып, мынадай:     

      1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;

      2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;

      3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.

      8. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды күзетпен ұстау орыны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға жатады.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында және 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қаулысы прокурорға табыс етіледі (жіберіледі).

      9. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау және оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі осы Кодекстің 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жата...

Толық оқу »

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уә...

Толық оқу »

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері...

Толық оқу »

Статья 234. Санкционирование негласных следственных действий УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзег...

Толық оқу »

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кейiнге қалдыруға болмайт...

Толық оқу »

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қылмысты...

Толық оқу »

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекетте...

Толық оқу »

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеуші, анықтауш...

Толық оқу »