⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталған бойда жасалады.

      2. Хаттама қолмен жазылуы, машинкамен не компьютермен басу тәсілі арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс- және бейнежазба материалдары немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және iспен бiрге сақталады.

      3. Хаттамада: тергеу әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiнгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетiледi.

      Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу кезінде анықталған iс үшiн елеулі мән-жайлар, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

      Тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен толық тіркелген жағдайда, тергеу әрекетін жүргізетін адам алынған нақты деректерді және іс үшін маңызы бар анықталған мән-жайларды қысқаша баяндаумен шектелуге құқылы.

      4. Осы Кодекстің 97-бабы қолданылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекетінің хаттамасында жәбірленушінің, оның өкілінің, сондай-ақ куәлардың (куәгерлердің) жеке басы туралы деректерді келтірмейді, қорғалатын адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты мен қоятын қолын қолданады.

      5. Егер тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылса не iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері әзірленсе, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада сондай-ақ оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану талаптары мен тәртiбi, осы құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi аталуға тиiс.

      6. Хаттама танысу үшiн тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге жататын ескертулер жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер келісілуге және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиiс.

      7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қояды. Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда, бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 123-бабының жетіншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

      8. Хаттамаға тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, өзге ақпарат жеткізгіштер, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері қоса тiркеледi.

      9. Егер тергеу әрекетін жүргiзу барысында маман өз зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тiркеледi, бұл туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

      Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестi жүргізетін адам тiкелей қабылдаған мән-жайлард...

Толық оқу »

261-бап. Нәрселер мен құжаттарды беру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

261-бап. Нәрселер мен құжаттарды беру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заттай дә...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  347. Протокол главного судебного разбирательства Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 347. Протокол главного судебного разбирательстваУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Во время главного судебного разбирательства се...

Толық оқу »

Комментарий к статье 212. Протокол допроса Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 212. Протокол допросаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Ход и результаты допроса отражаются в протоколе, составляемом с соблюдением...

Толық оқу »

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзім...

Толық оқу »

256-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

256-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тiнтуді немесе алуды жүргiзетiн адам осы Кодекстiң199-бабындакөзделген та...

Толық оқу »

269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үлгiлердi алып, хаттама жа...

Толық оқу »

224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әре...

Толық оқу »

212-бап. Жауап алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

212-бап. Жауап алу хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жауап алудың барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң199-бабыныңталаптары сақтала оты...

Толық оқу »

347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауы кезінде сот отырысының хатшысы хаттама жүргізеді....

Толық оқу »