⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:

      1) күзетпен ұстауды санкциялау;

      2) үйқамақты санкциялау;

      3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;

      4) жақындауға тыйым салуды санкциялау;

      5) экстрадициялық қамақты санкциялау;

      5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау;

      5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;

      6) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;

      7) кепіл қолдануды санкциялау;

      8) мүлікке тыйым салуды санкциялау;

      9) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;

      10) бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;

      11) мәйітті эксгумациялау;

      12) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды;

      13) қарап-тексеруді санкциялау;

      14) тінтуді санкциялау;

      15) алуды санкциялау;

      16) жеке тінтуді санкциялау;

      17) мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау;

      18) үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.

      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы:

      1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

      2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;

      3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды;

      4) адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;

      5) прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;

      6) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;

      7) қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының, жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, оның ішінде, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, өзге тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы мәселені қарайды;

      8) қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды;

      8-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені қарайды;

      8-2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім береді;

      9) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      3. Алып тасталды - 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к  статье  55. Полномочия следственного судьи Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 55. Полномочия следственного судьиУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В ходе досудебного производства следственный судья в предусмот...

Толық оқу »

59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын орга...

Толық оқу »

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік код...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 107. Обжалование, опротестование постановлений следственного судьи Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 107. Обжалование, опротестование постановлений следственного судьиУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В ходе досудебного расследован...

Толық оқу »

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уә...

Толық оқу »

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол...

Толық оқу »

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қ...

Толық оқу »

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 107-...

Толық оқу »

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімд...

Толық оқу »

62-бап. Анықтау органының бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

62-бап. Анықтау органының бастығыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң191-бабындакөзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер...

Толық оқу »