1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты анықтау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықталады.
2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданылуға тиiстi құқықты анықтау мүмкiн болмаса, шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.
3. Осы бөлiмнiң сот қолдануға тиiстi құқықты анықтау туралы ережелерiн тиiсiнше қолданылуға тиiстi құқық туралы мәселенi шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы