652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.
2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалу қаупiн олар өткiзiлгенге дейiн тапсырысшы көтередi.
3. Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупiн мердiгер көтередi.
4. Шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделуi мүмкiн (құрылысты толық аяқтау).
5. Шартта мердiгердiң тәуекелдерiн сақтандыру көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда сақтандыру жөнiндегi шығындар орындалған жұмыстар үшiн сыйақыны айқындау кезiнде ескерiлетiн құрылыс жөнiндегі шығыстарға енгiзiледi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы