12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу) Ветеринария туралы Заңы
1. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
1) ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезінде жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, біліктілік, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқтата тұрады.
2. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған негіздер алты ай ішінде жойылуға тиіс.
3. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асыралады:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың, себептердің белгіленген мерзімдерде жойылмауы;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуының соңғы екі жыл ішінде бірнеше рет (екі реттен артық) тоқтатыла тұруы;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;
4) соңғы екі жыл ішінде лицензиялық қызметтің жүзеге асырылмауы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
4. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы.
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы