⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар Ветеринария туралы Заңы

13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар Ветеринария туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар Ветеринария туралы Заңы 

      1. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы хабардар етуге жатады.  

      2. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұл туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті. 

      3. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің: 

      1) ветеринария саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі, немесе техникалық, немесе кәсіптік білімі болуға; 

      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен, жемшөпті өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйыммен еңбек қатынастары болуға міндетті. 

      Хабарламаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі. 

      4. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады: 

      1) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы); 

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеудің анықталуы; 

       3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталуы;  

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер. 

      Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімімен алты айға тоқтатыла тұрады. 

      5. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуын қайта бастау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген кезден бастап жүзеге асырылады. 

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олардың жойылғанын тексереді және соның нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хабарламаның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды не хабарламаның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады. 

      Ескерту. 2-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы. 

Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.   

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы